Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 1465 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1465 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру саласында, цифрландыру саласында аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігі бөлігінде мемлекеттік бақылау, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган.";

      13-тармақта:

      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;";

      16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) цифрландыру саласында аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігі бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды, оның ішінде цифрлық ресурстардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату;";

      жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелерін көрсететін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;";

      қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпия негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында пайдаланылу, дайындалу және (немесе) ресімделу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, дайындау және (немесе) ресімдеу. Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркеуді талап ететін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олар беретін құжаттарды осы абзацта көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өтінімі бойынша, бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;";

      алпыс жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші және жетпіс бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті тінтуді, алып қоюды немесе алуды жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасына талдау жүргізу;

      ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;";

      2) тармақша отыз үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекеттер жасауға дайындығын қамтамасыз ету;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

      Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыру;";

      15-тармақта:

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарын міндетті арнайы тексеру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының көрсетілген тексеруді жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "84) ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін, жетондарын беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамалары мен үлгілерін әзірлеу және бекіту;";

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет өткеруі туралы келісімшарт жасасу, оларды ауыстыру, лауазымнан босату, қызметтен шығару, шеттету, оларға арнаулы және әскери атақ беру, оны төмендету, одан айыру, қалпына келтіру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адамдардың (уәкілетті басшылардың) тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      130) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "130) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілгендерді ақшалай қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 135-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "135-1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіру жөніндегі құқықтық акт әзірлеу және бекіту;";

      147) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "147) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      189) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "189) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерін есепке алуды ұйымдастыру және қызметкерлердің запаста болу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "189-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 214-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "214-3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының дағдарыс жағдайы туындаған кезде құпия құжаттарды, істер мен бұйымдарды эвакуациялау, сақтауды қамтамасыз ету және жою жөніндегі үлгілік нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";

      273), 283), 290), 297), 298), 299) және 313-9) тармақшалар алып тасталсын;

      313-18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "313-18) цифрландыру саласында аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігі бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 313-21), 313-22), 313-23), 313-24), 313-25) және 313-26) тармақшалармен толықтырылсын:

      "313-21) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

      313-22) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      313-23) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

      313-24) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын және оның нысандарын бекіту;

      313-25) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту;

      313-26) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.";

      18. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.";

      19-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өкілеттігі:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен аумақтық органдарының, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен штаттарын бекітеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша ережелерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволарды қоспағанда, олар туралы ережелерді (жарғыларды) бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қызметкерлері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілуі мүмкін ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      31) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      32) ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке кандидаттарды іріктеу, тексеру және қабылдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру қағидаларын, жүргізу тәртібі мен әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      33) ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке кірген қызметкерлерді бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      34) сержанттар мен офицерлер құрамдары лауазымдарына ұлттық қауіпсіздік органдарының тиісті құрамының қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде көрсетілген лауазымдарға төмен тұрған құрамның қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      35) емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде тиісті бейіндегі жұмыскерлерді, оның ішінде уақытша тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      36) қызметкер мен әскери қызметшіні ауыстыру, лауазымынан босату, уәкілетті басшының қарамағына қабылдау, қызметтен шығару, оған арнаулы және әскери атақ беру, оны төмендету, одан айыру, қалпына келтіру кезінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасу кезінде ұсынуды ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      37) ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр құрамымен тәрбие және идеология жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      38) арнаулы сараптама кеңесі туралы ережені әзірлеу және бекіту және оның құрамын бекіту;

      39) ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      40) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттігін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттігін айқындайды.".

      2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 19) және 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 18), 23), 26), 27), 28), 29) және 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 4), 5), 6), 7), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 18-1) және 19) тармақшалары;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21) және 22) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 13), 14), 16), 19), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 4), 5), 6), 7), 10), 16), 17), 18-1) және 19) тармақшалары;".

      3. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылмын:

      "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 10-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін (бұдан әрі – қызметкерлер) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының президенттік кадр резервіне (бұдан әрі – Президенттік кадр резерві) іріктеудің, алудың, оларды даярлаудың және одан шығарудың тәртібін айқындайды.".

      4. "Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарын беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарын беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші қызметкерге жоғары басшы құрам немесе жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник арнаулы атағында, аға кеңесші атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам немесе жоғары офицерлік құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;".

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 944 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ережеде:

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;";

      14-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды, оның ішінде цифрлық ресурстардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті тінтуді, алып қоюды немесе алуды жүргізу;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға немесе оларда басқарушылық функцияларын атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою немесе заңның басқа да бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар енгізу;";

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді құру және пайдалану, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, іс жүргізу барысында зерттеуді ұйымдастыру;

      11) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, қарсы барлау қызметінің стратегиясы мен тактикасын және жедел-іздестіру қызметінің тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын және оның нысандарын әзірлеу;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын әзірлеу;";

      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) негізгі қызмет бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, шет мемлекеттердің тиісті органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттігі шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша үздік халықаралық тәжірибені зерделеу және ұлттық деңгейде тиімді үлгілерді енгізу;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Қызметтің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметті жоспарлауды, бақылауды және үйлестіруді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру, оның нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) жеке және заңды тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша консультация беру;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады