ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Айрықша мақсаттағы күштер басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жатады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік күзет қызметі – республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, белгіленген үлгіде қазақ және орыс тілдеріндегі мөртабандары, бланкілері, өз рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қазынашылық органдарында шоттары болады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік күзет қызметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының бұйрықтарымен немесе өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.";
екінші, үшінші, тоғызыншы, он екінші, он төртінші, он бесінші, жиырма төртінші, отыз екінші, қырық төртінші, қырық бесінші және қырық сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлға күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу аймағына кірген (көлікпен кірген) кезде, сондай-ақ олардан шыққан (көлікпен шыққан) кезде оның жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, оны (күзетілетін адамдардан басқа) жеке қарап-тексеру, оның өзімен алып жүретін заттарын, көлігін және (немесе) көлік құралдарын және оларда тасымалданатын заттарды, оның ішінде техникалық құралдарды және (немесе) қызметтік жануарларды қолданып қарап-тексеру;
күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу аймағына заттар мен заттектерді алып өтуге тыйым салу;";
"мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үй-жайларын, сондай-ақ жеке тұлғалардың тұрғын және басқа да үй-жайларын, олардың көлігін және (немесе) көлік құралдарын, байланысын және өзге де мүлкін келісімшарттық негізде пайдалану;";
"жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен сұрату және алу;";
"Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, оқу орталықтарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында кадрларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды шарт негізінде жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері болуы;";
"Мемлекеттік күзет қызметінің арнайы дайындықтан өткен қызметкерлері мен (немесе) әскери қызметшілерінің қару мен арнаулы құралдарды сақтауына, алып жүруіне рұқсат беру;";
"азаматтар мен лауазымды тұлғалардан күзет іс-шараларын өткізу аймақтарында және күзетілетін объектілерде белгіленген тәртіпті сақтауын талап ету;";
"айрықша мақсаттағы автомобилдердің Астана және Алматы қалаларында жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың автомобиль жолдарымен немесе автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерімен жүру жылдамдығы мен маршруттарын айқындау және осы жолдарда көлік құралдарының жүруіне, аялдауына және тоқтап тұруына шектеу енгізу, жол қозғалысының бағытын уақытша өзгерту;
күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде күзетілетін адамдардың жүріп-тұру маршруттарында (бұдан әрі – арнаулы трассалар) және әуежайлар аумағы шегінде жөндеу, құрылыс-монтаждау және басқа да жұмыстардың барлық түрін тоқтата тұру;";
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;";
қырық тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы елуінші, елу бірінші, елу екінші және елу үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Жедел-іздестіру қызметі туралы" және "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу;
күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару, күзет іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша күзет іс-шараларына қатысуға тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеулерді, медициналық және психофизиологиялық куәландыруды, сондай-ақ қызметке алынатын кандидаттарға, күзетілетін адамдарға және күзетілетін объектілерге қызмет көрсетуге жіберілген өзге де жеке тұлғаларға қатысты полиграфологиялық зерттеулерді, медициналық және психофизиологиялық куәландыруды жүргізу;
Мемлекеттік күзет қызметінің арнаулы мемлекеттік архивінің қызметіне жататын архив құжаттарын жинауды, иеленуді, уақытша және тұрақты сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;";
төртінші, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"күзетілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігіне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін, дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы мәлімдемелерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдап алу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды уақтылы қолдану;";
"азаматтарға, кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлігін және (немесе) көлік құралдарын, сондай-ақ үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтірілген зиянды белгіленген тәртіппен өтеу;
күзетілетін адамдардың көліктің және (немесе) көлік құралдарының барлық түрлерімен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың жүруі үшін бөлінетін көліктің және (немесе) көлік құралдарының жүру қауіпсіздігі саласында қолданылып жүрген белгіленген қағидаларды, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау;";
он алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік күзет қызметінің ішкі процестерін қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";
7), 8), 10), 12), 19), 27), 31), 36) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы тексеру жүргізе отырып қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, тексеруді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрлар қатарына қызметке алынатын кандидаттарды арнайы тексеруге Мемлекеттік күзет қызметіне жәрдем көрсетеді;
8) техникалық барлау құралдарына қарсы іс-қимылды, күзет іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде ақпаратты техникалық қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, сондай-ақ пилотсыз әуе кемелерінің күзет іс-шараларын өткізу аймағында және (немесе) күзетілетін объектілер аумағының үстінен рұқсатсыз ұшуын анықтайды, оның алдын алады және жолын кеседі;";
"10) күзетілетін адамдардың барлық көлік түрінде және (немесе) көлік құралдарында жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Арнаулы трассаларды айқындайды, күзетілетін адамдардың жүріп-тұруы үшін бөлінетін көліктің және (немесе) көлік құралдарының жүру қауіпсіздігі саласында белгіленген қағидалардың, нормативтер мен стандарттардың сақталуын бақылайды. Күзетілетін адамдардың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Мемлекеттік күзет қызметінің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалады;";
"12) жедел есепке алуды және цифрлық жүйелерді құрады және пайдаланады;";
"19) күзетілетін объектілерде, оларды орналастыруға арналған режимдік аумақтар аймақтарында, арнаулы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда жөндеу, құрылыс-монтаждау және басқа да жұмыстардың барлық түрін жүргізуді келіседі;";
"27) Мемлекеттік күзет қызметінің жарағындағы арнаулы құралдар, қару-жарақ, жауынгерлік және өзге де техниканың тізбесін айқындайды;";
"31) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібін айқындайды;";
"36) жедел есепке алу мен цифрлық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ жедел есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;";
"54) Мемлекеттік күзет қызметінің ақпараттық-талдау, құқықтық, құжаттамалық қызметін ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы 55), 56), 57), 58), 59) және 60) тармақшалармен толықтырылсын:
"55) өз құзыреті шегінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
56) өз құзыреті шегінде цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
57) өз құзыреті шегінде жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
58) өз құзыреті шегінде жасанды интеллект моделін, платформалық бағдарламалық өнімді әзірлейді және (немесе) орналастырады;
59) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің құзыретті ұйымдарымен президенттік байланыс бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
60) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
21-тармақтың бірінші бөлігінде:
12), 13), 14), 20), 24), 25), 26), 28), 29), 38), 42), 45), 48), 55), 57), 66), 68), 72), 73), 74), 77), 91), 95), 99) және 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану тәртібін айқындайды;
13) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру, арнаулы және жауынгерлік даярлау бағдарламасын бекітеді;
14) Мемлекеттік күзет қызметінде арнаулы құралдарды, қару-жарақты, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";
"20) Мемлекеттік күзет қызметінің киберқауіпсіздігі жөніндегі техникалық құжаттаманы бекітеді;";
"24) қызметке кандидаттарды іріктеу, тексеру және қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін және өткізу әдістемесін, қажетті құжаттар тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, қызметке кандидаттарға тексеру жүргізу мерзімдерін, олардың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене шынықтыру дайындығы және денсаулық жағдайы бойынша талаптарды айқындайды;
25) психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеулер, сондай-ақ психофизиологиялық куәландыру жүргізу тәртібін айқындайды;
26) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, сондай-ақ қызметке қабылданатын кандидаттарды қызметке жарамдылық санатын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу тәртібін айқындайды;";
"28) қызмет өткеру жөнінде келісімшарт жасасу, қызметкерлерді ауыстыру, босату, қызметтен шығару, лауазымынан шеттету, оларға арнаулы атақ беру, төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтарды шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың (уәкілетті жетекшілердің) тізбесін айқындайды;
29) ауысу тәртібімен Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке тұрған құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта аттестаттаудан өткізу және оларға арнаулы атақ беру, сондай-ақ қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақ беру тәртібін айқындайды;";
"38) күзетілетін адамдардың қатысуымен өтетін, аккредиттеуге жататын іс-шараларға қатысушыларды аккредиттеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ күзетілетін адамдар қатысатын іс-шараларға қатысушылардың тізбесін бекітеді;";
"42) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін, жетондарын беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасы мен үлгілерін айқындайды;";
"45) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге жіберу, сондай-ақ олардың шығыстарын өтеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";
"48) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерін, оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және олардың лауазымдық айлықақысы мен сауықтыру жәрдемақысын есептеу үшін қызмет (жұмыс) өтілін анықтау тәртібін айқындайды;";
"55) цифрлық жүйелерді құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, оларды қалыптастыру, сақтау, өңдеу, беру және Мемлекеттік күзет қызметіндегі цифрлық ресурстарға қол жеткізу қағидаларын бекітеді;";
"57) күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу аймағына алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін айқындайды;";
"66) арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке түскен Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды;";
"68) Мемлекеттік күзет қызметінің ішкі қызмет жарғысын бекітеді;";
"72) қызметкерді ауыстыру, лауазымынан босату, уәкілетті басшының өкіміне алу, қызметтен шығару, арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, қалпына келтіру кезінде, сондай-ақ қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасу кезінде ұсынымды ресімдеу тәртібін айқындайды;
73) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін ауыстыру қағидаларын бекітеді;
74) арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша әскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқудың толық курсын үздік бітірген Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін офицерлік құрам лауазымдарына басым тәртіппен тағайындау тәртібін айқындайды;";
"77) қызметі арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша он тәулік беруге құқық беретін жергілікті жерлердің тізбесін келіседі;";
"91) шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, киберқауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;";
"95) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінде тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;";
"99) Мемлекеттік күзет қызметінің тұрғын үй комиссиялары қызметінің және цифрлық жүйесінің жұмыс тәртібін айқындайды;";
"104) ведомстволық радиобайланыс желілерінде радиобаяндауларды ұйымдастыру және жүргізу, Мемлекеттік күзет қызметінде радиобайланыс құралдарымен, арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";
"94) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады." деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112) және 113) тармақшалармен толықтырылсын:
"105) Мемлекеттік күзет қызметінің полигондары мен оқу орталықтарының қызмет қағидаларын бекітеді;
106) Мемлекеттік күзет қызметіндегі құқықтық, дене шынықтыру, арнаулы және жауынгерлік даярлық тәртібін айқындайды;
107) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру, арнаулы және жауынгерлік даярлығы бойынша нормативтерін бекітеді;
108) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында өткізілетін әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін бекітеді;
109) Мемлекеттік күзет қызметінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және пайдалану тәртібін айқындайды;
110) Мемлекеттік күзет қызметінің қару-жарағын есепке алу, сақтау және тасымалдау тәртібін айқындайды;
111) Мемлекеттік күзет қызметінің арнаулы мемлекеттік архивінің қызмет тәртібін айқындайды;
112) Мемлекеттік күзет қызметіндегі тәрбие, идеологиялық және психологиялық жұмыс тәртібін айқындайды;
113) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығына тікелей бағынатын және есеп беретін Мемлекеттік күзет қызметінің аппараты ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік күзет қызметінің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету және оларға медициналық қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен жабдықтау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |