"Мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 1234 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 қыркүйектегі № 1503 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 1234 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республикалық мемлекеттік архивтердің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшылары архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Ұлттық" мәртебе беру туралы өтінішхат береді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қоса берілетін құжаттармен бірге өтінішхаттың қарауға қабылданғаны туралы хабарламаны тиісті республикалық мемлекеттік архивке немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына олар келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жібереді.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген анық емес деректер ұсынылған және құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде өтінішхат қарауға қабылданбайды және қараудан бас тарту себептері көрсетіліп, келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тиісті республикалық мемлекеттік архивке немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына қайтарылады.".

      2. Осы Жарлық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады