Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 112) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 "Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы ", (N 2738 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, 2004 ж., N 19-20, 920б "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған) бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (К.Т. Әбуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Өскенбаев |
| Қазақстан Республикасының | |
| туризм және спорт министрінің | |
| міндетін атқарушының | |
| 2008 жылғы 23 қазандағы | |
| № 01-08/181 бұйрығымен | |
| бекітілген |
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 22-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленген және туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
1) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
2) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
3) оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
4) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
2-тарау. Туристік қызмет саласындағы мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібі
3. Мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұдан әрі - білім беру ұйымдары).
4. Білім беру ұйымдары мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 78 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10500 болып тіркелген) бекітілген Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын Жалпы талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
5. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру курс нысандарында өтетін, сабақтар түрінде өткізіледі.
6. Курстардың ұзақтығы оқу бағдарламаларымен анықталады.
7. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен келісу бойынша күнтізбелік жылға арналған курстардың кестелерін, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар Комитетке жіберіледі, ол 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе олардың Қазақстан Республикасының білім беру және туризм саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі негіздері бойынша оларды келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Білім беру ұйымдары бекітілген кестелердің көшірмелерін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
8. Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.
9. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдауды білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
Туристік қызмет саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – ұйымдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туристік қызмет саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуге білім беру ұйымдарына мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтінім береді:
1) туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның не турагенттердің мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді;
2) ұйым қызметкерлерінің туристік бейіндегі пәндер бойынша білімі туралы құжаттар;
3) ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматының жеке басты куәландыратын құжаттары.
10. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мамандарға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.
ӨТІНІМ Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру өту үшін:
Тақырыбы: _____________________
| Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан __________________________ | |
| (білім беру ұйымның атауы) |
Сертификат №___
Осы сертификат _____________________________________ берілді
(Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда))
ол туристік қызмет саласындағы___________________________________
(қайта даярлау және біліктілікті арттыру)
бойынша курстан "___" __________________ бастап
"___"_________________________ дейін__________ сағат көлемінде өтті.
________________________________ __________
(Тегі, аты-жөні, (ол болған жағдайда) (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________ Мөр орны
(Болған жағдайда)
