Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 26/172-IV "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 36/237-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарда N 14-9-140 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 5/39-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 07.08.2012 № 5/39-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 15) тармағына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 26/172-ІV «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-95 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 06.02.2010 жылы № 10-11 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.»
      2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.      

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады