Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 21-8-128 "Сарыағаш ауданы бойынша белгіленген жер салығының базалық ставкаларын белгілеу туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 43-302-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қаңтарда N 14-11-164 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 тамыздағы № 9-63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.08.2012 № 9-63-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық  Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"    Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Сарыағаш аудандық мәслихатының 12 қаңтар 2004 жылғы № 3-8-33 "Сарыағаш ауданындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Сарыағаш ауданы бойынша белгіленген жер салығының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 21-8-128 (нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14-11-97 тiркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы "Сарыағаш" газетiнiң № 34-35 санында жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
      2. Осы шешім 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     И.Қайсарбеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Каипов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады