"Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнімінің сапасын арттыруды 2011 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" 2011 жылғы 15 маусымдағы № 126 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 тамыздағы N 181 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 тамызда N 2553 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2012 жылғы 05 қаңтардағы N 6/74 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2012.01.05 N 6/74 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5), 5-1), 5-2) тармақшаларына сәйкес, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнімінің сапасын арттыруды 2011 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2547, 2011 жылғы 22 маусымда № 71 (16547) «Дидар», 2011 жылғы 18 маусымда № 68 (19056) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 3, 4 қосымшасы осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Әбденов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Хасенов

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 181 қаулысына
1 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
3 қосымша

Өндірушілер сатқан 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа
субсидиялардың 2011 жылға арналған нормативтері

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқыш құнын арзандату пайызы, дейін

Сатылған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышты субсидиялаудың 2011 жылға арналған нормативі, теңге

1

Аммиак селитрасы (N-34,4)

50 %

24350

2

Аммофос (N-10:P-46)

50 %

40750

3

Аммоний сульфаты (N-21)

50 %

17500

4

Қарапайым суперфосфат (Р-19)

50 %

21250

5

Сульфоаммофос
(P-20:N-20:S-40)

50 %

32000

6

"Б" маркалы МЭРС *

50 %

11000

7

Күкірт қышқылды калий
(калий сульфаты К205-53%)

50 %

72500

8

Хлорлы калий
(К205-42%, КСI 65%)

50 %

30000

      Ескерту: * 1 литрге арналған субсидиялар нормативі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 181 қаулысына
2 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 126 қаулысына
4 қосымша

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеткізушілерден және
(немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған
1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа субсидиялардың 2011 жылға
арналған нормативтері

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқыш сатып алуға шығындарын өтеу пайызы, дейін

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сатып алған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа субсидиялардың 2011 жылға арналған нормативі, теңге

1

Карбамид
(N-46,2; N-46,3; N-46,4)

50 %

24000

2

Нитроаммофоска
(№ 15:Р-15:К-15)

50 %

34000

3

Нитроаммофоска
(№ 13:Р-15:К-15)

50 %

39000

4

Нитроаммофоска
(№ 9:Р-25:К-25)

50 %

40000

5

Аммоний сульфаты (N-21)

50 %

17500

6

Калий сульфаты (К-50)

50 %

72500

7

Хлорлы калий (К-42)

50 %

30000

8

Хлорлы калий (К-60)

50 %

26750

9

Супрефос (N-12%P2O5-24%)+Ca Mg S)

50 %

26000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады