2012 жылғы бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 42-V шешімі. Атырау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымда № 4-8-225 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 ақпандағы № 120-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013.02.06 № 120-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тарамағының 15) тармақшасына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 422-бабына сәйкес және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 671 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 235-ХХV "2010 жылға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтарында № 4-8-180 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2010 жылдың 11 ақпанында № 7 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Жүгінісов) жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      ІV сессиясының төрағасы:                   Б. Кенжебаев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Р. Сұлтанияев

Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы                      Ш. Сағынғалиев
8 мамыр 2012 ж.

Аудандық Мәслихаттың   
2012 жылғы 8 мамырдағы № 42-V
"2012 жылға бірыңғай тіркелген
салық ставкаларын белгілеу
туралы" шешіміне қосымша

2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

№

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

айына

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

жылына

1

2

3

4

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

72

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

9

108

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

24

4

Ойын жолы

30

360

5

Карт

12

144

6

Бильярд үстелі

20

240

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады