Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағы 17-3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 428 қаулысымен бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 05.08.2026 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: псороптоз, арахноздар
2. Мүйізді ірі қара аурулары: гиподерматоз, тейлериоз, пироплазмоз
3. Ұсақ қара мал аурулары: гельминтоздар, эстроз
4. Жылқы аурулары: сақау
5. Шошқа аурулары: аскаридоз