Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.07.2026 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы № 374 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2510 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурызында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
М. Пішембаев
21 желтоқсан 2015 жыл
| Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 304 қаулысына қосымша |
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдары | ||
Индекс | Атауы | Ұзақтығы (шақырым) | |
1. | КН-1 | ״Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент״ 0-163 | 163 |
2. | КН-2 | ״Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент״ 11-186 | 175 |
3. | КН-3 | ״Ақкөл-Қойгелді״ 0-30 | 30 |
4. | КН-4 | ״Саудакент-Тоғызкент״ 0-43,2 | 43,2 |
5. | КН-5 | ״Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент״ 0-66 | 66 |
6. | КН-6 | ״Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ״ 3,4-50,7 | 47,3 |
7. | КН-7 | ״Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойык״ 1,7-116,5 | 114,8 |
8. | КН-8 | ״Қарасу-Масаншы-Сортөбе״ 0-45,45 | 45,45 |
9. | КН-9 | ״Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған״ 0-76,58 | 76,58 |
10. | КН-10 | ״Бірлік-Мойынкұм-Ұланбел-Шығанақ״ 0-344 | 344 |
11. | КН-11 | ״Кіші Қамқалы-Ұланбел״ 0-5,8 | 5,8 |
12. | КН-12 | ״Ақкөл-Ойық-Ұланбел״ 0-168,6 | 168,6 |
13. | КН-13 | ״Аса-Қарабастау״ 0-38,5 | 38,5 |
14. | КН-14 | ״ Луговая станциясы-Қорағатты-Тәтті״ 0-61,9 | 61,9 |
15. | КН-15 | ״Нововоскресеновка-Аспара״ 0-35,9 | 35,9 |
16. | КН-16 | ״Төлеби-Шоқпар״ 0-64 | 64 |
17. | КН-17 | ״Төлеби-Мойынкұм-Ақтөбе״ 6-32 | 26 |
18. | КН-18 | ״Кемер-Бірлік-Үстем״ 0-22,1 | 22,1 |
19. | КН-19 | ״Отар-Сұлутөр-Көктөбе״ 0-59,55 | 59,55 |
20. | КН-20 | ״Ақбақай-Мирный״ 0-110 | 110 |
21. | КН-21 | ״Үшбұлақ-Сарыкемер״ 0-6,15 | 6,15 |
22. | КН-22 | ״Меркі-Меркі шипажайы״ 0-12 | 12 |
23. | КН-23 | ״Жамбыл станциясына кіре беріс״ 0-7,2 | 7,2 |
24. | КН-24 | ״Әбілдабек-Бақалы-станция Сұрым-Бәйтерек״ 0-31,95 | 31,95 |
25. | КН-25 | ״Тоғызкент-Досбол-Шығанақ״ 0-103,6 | 103,6 |
26. | КН-26 | ״Құмарык-Қызылту-Ақыртөбе״ 0-28,8 | 28,8 |
27. | КН-27 | ״Құмарык-Юбилейный״ 0-17,15 | 17,15 |
28. | КН-28 | ״Б.Момышұлы-Көктөбе-Алатау״ 0-24,15 | 24,15 |
29. | КН-29 | ״Меркі-Шу-Бурылбайтал״ 0-7 | 7 |
30. | КН-30 | ״Қырғыстан шекарасына батыстан кіру״ 0-7,7 | 7,7 |
Барлығы: | 1943,38 | ||