"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді
баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
И. Тасмағамбетов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына 1-қосымша |
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Оқуға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (бұдан әрі – әскери институт) ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына даярлаудың қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды қоспағанда, 1 наурызға дейін ҚР ҚМ-ның әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасайтын ҚР ҚМ бекіткен оқуға қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, онда қабылдау квотасы көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-1. Әскери институтқа оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ҚР ҚМ бекіткен, құрылымдық бөлімше жасайтын Оқуға қабылдау жоспарына сәйкес оқуға қабылдау жылының 1 маусымына дейін жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-2. Оқуға қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды құрылымдық бөлімше әскери кадрды даярлаудағы қажеттілік өзгергенде, ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілгенде, қабылдау квотасы қайта бөлінгенде, қабылдауды ұйымдастыруға ықпал ететін білім беру бағдарламаларының тізбесі өзгергенде енгізеді.
Оқуға қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды ҚР ҚМ, ал ол болмағанда оның міндетін атқарушы адам бекітеді.
Өзгерістер мен толықтырулар Оқуға қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту арқылы ресімделеді және оқуға қабылдау жылының 1 шілдесінен кешіктірілмей енгізіледі.
Ескерту. 1-тарау 2-2-тармақпен толықтырылды– ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қабылдау жылының 15 сәуіріне дейін ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының (бұдан әрі – БШ) құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, сондай-ақ Заңның 39-1-бабына сәйкес олардың мүддесінде мамандар даярлау жүзеге асырылатын әскери қызметшілері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге құқығы бар мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) және әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) бастықтары құрылымдық бөлімшеге қабылдау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсынады.
Қабылдау комиссияларының құрамы қабылдау жылының 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қабылдау комиссиясының төрағасы әскери оқу орнының бастығы болып табылады.
5. Қабылдау комиссиясының құрамы комиссия төрағасынан, оның орынбасарынан, комиссия хатшысынан және комиссияның басқа да мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды. Шешімдер қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және хаттамалармен ресімделеді.
7. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және оқуға түсушілердің құқықтарын қорғау үшін конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша даулы мәселелерді шешу мақсатында әскери оқу орны бастығының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия оның мүшелерінің тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамы әскери оқу орнының өкілдері қатарынан құрылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Конкурстық іріктеу нәтижесімен келіспейтін Қазақстан Республикасының азаматы конкурстық іріктеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні апелляцияға өтініш береді. Өтінішті апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен ол берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әрбір оқуға түсушімен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс беруімен қабылданады және өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде шығарылады. Дауыстар тең болған кезде апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелері қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
Ескерту. 1-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін қабылдаудың қорытынды кезеңінен өту үшін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери оқу орындарының басшылары бекітетін рейтингілік балды есептеу кестесі жасалады. Рейтингілік балды есептеу кестесі әскери оқу орнының интернет ресурсында орналастырылады және жергілікті әскери басқару органдарына (жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қоспағанда) жеткізіледі.
Абитуриенттің рейтингілік балы кәсіби-психологиялық іріктеу нәтижесін, дене шынықтыру дайындығын тапсыру нәтижесін, ҰБТ нәтижесінің балын, бейінді пәндер орташа мәнінің балын қамтиды. Ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін психофизиологиялық іріктеу нәтижесін қамтиды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 2-тарау алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға қабылдау
22. Жалпы орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын ҚР ҚМ әскери колледжіне (бұдан әрі – жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледж) Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары (әскери қызметшілер) оқуға түсуге құқылы.
Негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын ҚР ҚМ Әскери колледжіне (бұдан әрі – негізгі білім беру базасындағы әскери колледж) Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары оқуға түсуге құқылы.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссияларына осы Қағидаларға "Әскери колледждерге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі" деген 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады не "ҚР ҚМ әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қоса береді.
Әскери оқу орнының қызметкері оқуға түсуші келетін күні (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері портал арқылы алатын күні) құжаттар топтамасын қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде не осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.
Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылғанда, оқуға түсуші осы Қағидаларға сәйкес оқуға түсі рәсімінен өтуді жалғастырады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 10 маусымына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына не "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде не осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.
Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда оның "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Жергілікті әскери басқару органының басшысы жұмысты ұйымдастырады және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін оқуға түсушінің тиісті құжаттарын олар ұсынылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жібереді.
Портал арқылы жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін құжаттарды әскери колледж жібереді.
Арнайы тексеруден өткен, білімі туралы құжаты бар және денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды оқуға түсушілер қабылдау жылының 31 шілдесіне дейінгіні қоса алғанда, жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге келеді.
Портал арқылы жүгінген оқуға түсушілер "жеке кабинетке" жіберілген хабарламаға сәйкес әскери колледжге келеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Әскери қызметшілер қатарынан жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 10 мамырына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды.
Әскери бөлім командирі жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, білімі туралы құжаты бар әскери қызметші қабылдау жылының 31 шілдесіне дейін жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге келеді.
Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші "жеке кабинетке" түскен хабарламаға сәйкес жалпы орта білім базасындағы әскери колледжге келеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Алып тасталды– ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26-1. Негізгі орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсетін адам қабылдау жылын қоса алғанда, 27 – 31 шілде кезеңінде негізгі орта білім беру базасындағы әскери колледжге заңды өкілімен келеді және қабылдау туралы өтініш береді.
Мынадай талаптарға сәйкес келмейтін:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған;
2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;
3) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психофизиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
7) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
8) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
9) уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
10) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
11) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан оқуға түсушіге С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге қабылдаудан бас тартылады.
Ескерту. 3-тарау 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.27. Қабылдау кезеңінде жалпы орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында орналастырылады, негізгі орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында заңды өкілдерінің рұқсатымен орналастырылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Қазақстан Республикасының азаматтары мен әскери қызметшілерді әскери колледжге қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезең бойынша жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Оқуға түсушілерге әрбір қабылдау кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
30. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталандыру, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиялары құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери колледждердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:
1) жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 195 бұйрық) сәйкес;
2) негізгі білім беру базасындағы әскери колледжге – осы Қағидаларға "Негізгі орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер" деген 2-1-қосымшаға сәйкес норматив бойынша.
Барлық жаттығу үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсуші кезеңнен өтпеген болып саналады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.33. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиялары қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери колледждер қабылдау комиссияларының хаттамаларымен (бұдан әрі – Хаттама) ресімделеді.
Әскери колледжге рейтингіде бірінші нөмірден бастап оқуға қабылдау жоспары бойынша бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Оқуға қабылдау жоспарын жалпы санынан 30 %-ға дейін әскери оқу орнының ауыспалы құрамының штат саны шегінде асыруға жол беріледі.
Қабылдау комиссияларының шешімдері қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады және 23 тамызда әскери колледждер бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.34. Әскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжде оқитын адам үшінші оқу курсына ауысқан кезде өзі оқитын негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасалады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.36. Жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледждің кадрлар бөлімі оқуға қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органына және әскери бөлімге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінді жібереді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36-1. Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.
Ескерту. 3-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
37. Әскери институттарға Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ әскери колледжді бітірушілер қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түседі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Оқуға түсуші әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға "Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі" деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады не "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 2-2-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте қызмет алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзім белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.
Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Қазақстан Республикасының азаматтары әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына не портал арқылы "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘОО басшысының атына өтініш жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 2-2-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.
Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұранымның қабылданғаны туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетіп, хабарлама жіберіледі.
Жергілікті әскери басқару органының басшысы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады.
Портал арқылы жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ҚР ҰҚО туралы Заңның 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу бойынша тиісті құжаттарды ӘОО жібереді және нәтижесі ӘОО-ға түседі.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бейінді пәндердің біреуі бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау жылының 15 – 31 шілдесі кезеңін қоса алғанда, құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді.
Портал арқылы жүгінген оқуға түсушілер "жеке кабинетте" алынған хабарламаға сәйкес әскери институтқа келеді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Оқуға түсушілер қабылдау кезеңінде әскери институттың аумағында орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
41. Әскери институтқа оқуға түсу үшін әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші қабылдау жылының 10 мамырына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды.
Әскери бөлім командирі әскери институтқа түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты Заңының 38-бабына сәйкес арнайы тексеру бойынша жұмысын ұйымдастырады және әскери қызметшіні қызмет орны бойынша ҰБТ қабылдау пункттеріне жібереді. Арнайы тексеруден өткен, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша 50-ден кем емес балл (оның ішінде бейіндік пәндердің біреуі бойынша 5-тен кем емес балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша 3-тен кем емес балл) жинаған әскери қызметші Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) 135-тармағына сәйкес қабылдау жылының 31 шілдесінен кешіктірілмей әскери институтқа келу күні көрсетіле отырып, оқу демалысына жіберіледі.
Портал арқылы өтініш жасаған әскери қызметшілер үшін арнайы тексеруді ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес ЖОО ұйымдастырады және нәтижесі ЖОО-ға түседі.
Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші "жеке кабинетке" түскен хабарламаға сәйкес әскери институтқа келеді.
Оқуға түсу үшін келген әскери қызметші әскери институтта орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.41-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген (өткеретін) және әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей не әскери қызмет өткеру кезеңінде және ол оқуға түскен жылы 24 (жиырма төрт) жасқа толмаса (Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес), қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының, бөлім командирінің атына не "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі" деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтініш жасады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, 2-2-қосымшаның 9-тармағында мазмұндалған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беру жағдайын қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Тізбенің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсетіп, жауап жібереді.
Осы Қағидаларға 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
Жергілікті әскери басқару органының басшысы, бөлім командирі ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады.
Портал арқылы жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін арнайы тексеруді ӘОО ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес ұйымдастырады және оның нәтижесі ӘОО-ға түседі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау жылының 31 шілдесіне дейін құжаттарды тапсыру және түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери оқу орнына келеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘОО-сына қабылдау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдеріндегі конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тарау 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.42. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42-1. Әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген (күндізгі немесе қашықтықтан оқыту нысанын көрсетіп) әскери колледжді бітіруші (бұдан әрі – әскери колледжді бітіруші) мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін келесі күні сағат 18.00-ге дейін әскери колледж бастығының атына тиісті баянатпен өтініш жасайды, одан кейін әскери колледж бастығының бұйрығымен құрылған комиссияның конкурстық іріктеуіне жіберіледі. Конкурстық іріктеу комиссиясының жұмысы оқу бітіруші баянат бергеннен кейін келесі күні аяқталады.
Конкурстық іріктеу қорытынды аттестаттауды тапсыру нәтижесі және барлық оқу пәні бойынша үлгерімнің орташа балы негізінде ең жоғары деңгейден ең төменгі рейтингілік балға дейін әскери колледж бітірушісінің рейтингісін жасауды қамтиды.
Рейтинг әскери колледж бітірушісін конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және оны әскери колледж бастығы бекітеді. Конкурстық іріктеу нәтижесі келесі күні сағат 10.00-ге дейін, комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін әскери колледждің интернет-ресурсына орналастырылады және әскери институтқа жіберіледі.
Ескерту. 4-тарау 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.42-2. Мемлекеттік емтиханды тапсырған және конкурстық іріктеуден табысты өткен әскери колледж бітірушісіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 93-тармағына сәйкес әскери институт бастығының қарамағына қабылдаумен "сержант" ("бірінші сатылы старшина") әскери атағы беріледі.
Ескерту. 42-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.43. Қазақстан Республикасының азаматтары мен әскери қызметшілерді әскери институтқа қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезең бойынша жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру.
Ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 721 бұйрығына (бұдан әрі – № 721 бұйрық) сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21860 болып тіркелген);
ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
ІV кезең – конкурстық іріктеу (ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін кәсіби-психофизиологиялық іріктеу) және оқуға қабылдау.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.43-1. Әскери колледждерді бітірушілер қорытынды аттестаттауды тапсыру нәтижесі негізінде әскери институттарға түседі.
Ескерту. 4-тарау 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.44. Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
45. Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери институттың тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Алдын ала кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
46. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери институтта оқуға жарамдылығын анықтауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес құрылған медициналық комиссия жүргізеді.
47. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру № 195 бұйрыққа сәйкес дене шыңықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.48. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг әскери институт қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Әскери институттарға рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ға дейін асыруға жол беріледі.
50. Әскери институттарға қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және әскери институттың интернет-ресурсына орналастырылады, апелляцияға өтініш 22 тамызда сағат 10.00-ге дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі әскери институт бастығының бұйрығымен қабылдау жылының 23 тамызында бекітіледі.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51-1. Әскери колледж бітірушісі әскери институтқа келгеннен кейін әскери институт бастығының бұйрығымен әскери колледж бітірушілерін конкурстық іріктеу хаттамасы негізінде әскери институтқа қабылданады.
Әскери колледжді бітірушілер қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша оқу үшін әскери институт бастығының бұйрығымен әскери колледжді бітірушілерді конкурстық іріктеу хаттамасы негізінде әскери институтқа қабылданады.
Ескерту. 51-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.52. Әскери институтқа оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы (әскери қызметші) қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша білім алатын әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери институт бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Әскери институттың кадрлар бөлімі әскери институтқа қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіділерді жолдайды.
4-1-тарау. Әскери интернатураға оқуға қабылдау
Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) бұйрығымен.
53-1. Әскери интернатураға оқуға қабылдау 2021 жылға дейінгіні қоса алғанда оқуға түскен, "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша бакалавр дипломы бар, әскери кафедра жанындағы әскери даярлық курсынан өткен медициналық ЖОО бітірушісі (бұдан әрі – медициналық ЖОО бітірушісі) қатарынан жүзеге асырылады.
53-2. Құрылымдық бөлімше жыл сайын медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастықтарына әскери интерндерді даярлау үшін бөлінетін квота санын жеткізеді.
53-3. Медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастықтары медициналық ЖОО бітірушілері арасында әскери интернатураға оқуға түсу үшін заңнама нормаларын жеткізу бойынша үгіт-насихаттау-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Әскери интернатураға оқуға түсуге ниет білдірген медициналық ЖОО бітірушісі медициналық ЖОО әскери кафедрасы бастығының атына баянат (еркін нысанда) береді.
Медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастығы № 195 Бұйрыққа сәйкес айқындалған нормативтер бойынша әскери интернатураға оқуға түсуге ниет білдірген медициналық ЖОО бітірушісінің дене шынықтыру дайындығын тексеруді ұйымдастырады.
Дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына сәйкес ведомоспен ресімделеді.
53-4. Әскери кафедра бастығы дене шынықтыру дайындығын тексеруден табысты өткен медициналық ЖОО бітірушісіне осы Қағидаларға "Жеке іс құжаттарының тізбесі" деген 3-1-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беріп, жеке іс ресімдейді.
Жеке іске Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру үшін қажетті құжаттар қосымша қоса беріледі.
Медициналық ЖОО бітірушісінің қалыптастырылған жеке ісі әскери-медициналық қамтамасыз етуге жауапты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – БӘМБ) жіберіледі.
53-5. Медициналық ЖОО бітірушілерін әскери интернатураға конкурстық іріктеуді жүзеге асыру үшін БӘМБ-да мүшелер мен хатшыдан тұратын тақ санда комиссия (бұдан әрі – БӘМБ комиссиясы) құрылады.
БӘМБ комиссиясы жұмысты ұйымдастырып, медициналық ЖОО бітірушісінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін жібереді.
БӘМБ комиссиясы жұмысты ұйымдастырып, медициналық ЖОО бітірушісінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін жібереді.
53-6. Арнайы тексеру нәтижесін алғаннан кейін медициналық ЖОО бітірушілерін әскери интернатураға іріктеуді БӘМБ комиссиясы барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің (өндірістік практика үшін бағаны ескеріп) орташа баллына және дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижесіне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырады.
Конкурстық іріктеу БӘМБ комиссиясының хаттамасында ресімделетін бітірушілердің ең жоғары балдан ең төменгі балға дейінгі балдық рейтингін жасап, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: "әскери интернатураға іріктелді", "бас тартылды".
Әскери интернатураға түсу үшін рейтингтегі бірінші нөмірден квота саны бойынша бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмір бойынша медициналық ЖОО бітірушілері іріктеледі. Квотаның жалпы санынан 10%-ға дейін арттыруға жол беріледі.
Әскери институтқа қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен табысты өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқыққа ие болады.
БӘМБ комиссиясының хатшысы олардың шешімін әскери интернатураға түсу үшін құжаттар тапсырған медициналық ЖОО-ның әрбір бітірушісіне электрондық хабарлама арқылы жеткізеді, БӘМБ комиссиясының хаттамасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Ескерту. 53-6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.53-7. БӘМБ комиссиясының хаттамасы және әскери интернатураға іріктелген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істері Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру үшін кадр жұмысы мәселесіне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
Конкурстық іріктеуден өтпеген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істері қайтадан әскери кафедраларға жіберіледі.
53-8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін кадр жұмысы мәселесіне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі бұйрықтан үзіндіні және әскери интернатураға іріктелген медициналық ЖОО бітірушісінің жеке ісін әскери институтқа жібереді.
53-9. Әскери институт әскери интернатураға іріктелген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істерін алғаннан кейін оларды қабылдау үшін қабылдау жылының 29 шілдесіне қарай әскери институтқа келу қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Әскери институтқа оқуға қабылданған медициналық ЖОО бітірушісі әскери институт бастығымен әскери интернатурада оқу мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін әскери қызметтің он жылына әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Әскери институттың кадр бөлімі (персоналмен жұмыс істеу бөлімшесі) әскери институтқа қабылданғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық ЖОО бітірушісі әскери есепте тұрған жергілікті әскери басқару органына қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні жібереді.
5-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
54. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – ҰҚУ) Қазақстан Республикасының азаматтары Заңның 39-1-бабына сәйкес оқуға түседі.
Білім алушылардың штат саны көлемінде өтеусіз негізде оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Білім алушылардың штаттық санынан тыс ақылы негізде оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Оқуға арналған орын саны (өтеусіз негізде, ақылы негізде) тиісті қабылдау жоспарымен айқындалады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. ҚР ҚМ, БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары кандидаттарды алдын ала іріктеуді, оларды кәсіби-психологиялық тестілеуді және аттестаттау комиссияларының отырыстарында қарауды жүргізеді.
Іріктелген кандидаттардың тізімдері қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін ҚР ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
"Әскери істегі талдау жұмысы" мамандығы бойынша ҰҚУ "Әскери дипломатия академиясы" факультетіне алдын ала іріктеуді және қабылдауды 14776 әскери бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың әскери қызметшілер мен қызметкерлері қатарынан кандидаттарды алдын ала іріктеуді тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады, бұл ретте мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелері қызметкерлерінің қатарынан кандидаттарды іріктеуді жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Іріктелген кандидаттардың тізімдері қабылдау жылының 20 мамырына дейін ҚР ҚМ-ға жіберіледі.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. ҰҚУ жедел-тактикалық деңгейдегі магистратурасына және докторантурасына оқуға түсетін ҚР ҚК кандидаттарының тізімдерін ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады және Қабылдау жоспары негізінде қабылдау жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы бекітеді.
Бекітілгеннен кейін жедел-тактикалық деңгейдегі магистратураға және докторантураға тізімдер түсу емтихандарын өткізу үшін ҰҚУ-ға жіберіледі.
ҰҚУ жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейдегі магистратурасына оқуға түсетін ҚР ҚК кандидаттарының тізімдерін бағыттары бойынша ҚР ҚМ орынбасарларынан түсетін өтінімдер негізінде ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қабылдау жылдың 25 мамырына дейін қалыптастырады және 30 маусымға дейін Жоғары аттестаттау комиссиясына (бұдан әрі – ЖАК) конкурстық іріктеу және әңгімелесу өткізу үшін ұсынады.
Мемлекеттік органдардан кандидаттардың тізімдерін құрылымдық бөлімше жинақтайды және қабылдау жылының 1 маусымына дейін ҰҚУ-ға жібереді.
Өтеусіз оқуға түсетін кандидаттардың тізімі ақылы оқуға түсушілерден бөлек қалыптастырылады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.56-1. Жедел-стратегиялық және стратегиялық басқару деңгейіндегі магистратураға оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарын конкурстық іріктеуді ЖАК жүзеге асырады.
ЖАК комиссиясы оқуға қабылдау жылының 10 маусымына дейін кандидаттар тізімін қарайды және кандидаттармен әңгімелесу күнін айқындайды.
Әңгімелесу оқуға түсуші түрде келіп, офлайн режимінде, бірақ 25 маусымнан кешіктірмей өткізіледі.
Өткізілген әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия дауыс беру арқылы конкурстық іріктеуден өткен және оқуға қабылдауға ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматтарын айқындайды. Конкурстық комиссияның шешімі ЖАК отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Дауыстар саны тең болған кезде ЖАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 5-тарау 56-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 31.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.57. Жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейінді магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
1) жоғары білімінің болуы және батальон командирінің орынбасары, оған тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы;
2) жеке мамандықтарға жоғары білім туралы үздік дипломының болуы және кемінде 1 жыл қызмет өткеруі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері бойынша бейіндік магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
2) бригада (база) командирі, құрама командирі, өңірлік қолбасшылық (әскер тегі) қолбасшысының орынбасары, ҚР ҚМ немесе ҚР ҚК Бас штабы департаменті бөлімінің бастығы, ҚР ҚК түрі басқармасының немесе бас басқармасының бастығы, оларға тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі.
58-1. Резидентура бағдарламасы бойынша оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
1) "дәрігер" біліктілігін көрсететін құжаттың болуы;
2) қызмет өткеру уақыты кемінде 1 жыл.
Ескерту. 58-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Барлық басқару деңгейлері бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураға алдын ала іріктеуді жоғары білімі, кемінде 2 ғылыми жариялымы немесе бір оқу, оқу-әдістемелік, әдістемелік оқу құралы бар оқуға түсушілер арасынан құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
60. Докторантураға жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кемінде 3 ғылыми жарияланымы немесе 2 оқу құралы бар, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар оқуға түсушілер қабылданады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. ҰҚУ бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндер бойынша сұрақтардың үлгілік тізбесін әзірлейді және қабылдау жылының 20 наурызына дейін тапсырыс берушілермен келісуді жүргізеді.
ҰҚУ қабылдау жылының 20 сәуіріне дейінгі мерзімде тапсырыс берушілердің мекенжайына бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын сұрақтардың тізбесін жолдайды.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ҰҚУ-ға түсетін кандидаттарға оқу демалысы беріледі. Оқуға түсушілер ҰҚУ-ға қабылдау жылының 15 маусымынан кешікпей келуге тиіс. Қабылдау жылының 15 – 20 маусымы кезеңінде ҰҚУ-да оқуға түсу емтихандары бойынша консультациялар ұйымдастырылады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. ҰҚУ қабылдау комиссиясы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оқуға түсушілер құжаттарының түпнұсқаларын тексереді.
64. ҰҚУ-ға қабылдау оқуға түсу емтихандары негізінде жүзеге асырылады:
1) магистратураға:
бейіні бойынша;
дене дайындығы бойынша (азаматтық персонал үшін – шет тілі бойынша);
мемлекеттік тіл бойынша;
2) докторантураға:
бейіні бойынша;
шет тілі бойынша;
мемлекеттік тіл бойынша;
3) резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін – резидентура мамандығының бейіні бойынша;
4) қашықтан оқыту бағдарламалары бойынша оқу үшін:
бейіні бойынша;
шет тілі бойынша;
мемлекеттік тіл бойынша.
ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат болған кезде оқуға түсуші мемлекеттік тіл бойынша оқуға түсу емтиханын тапсырудан босатылады.
Резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін оқуға түсу емтихандарын қабылдау үшін тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, университеттік ауруханалардың, сондай-ақ резидентура базасы ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін тартуға құқылы.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Әрбір оқуға түсу емтиханын тек бір рет тапсыруға жол беріледі. Алдыңғы емтиханды тапсырмаған оқуға түсуші келесі емтиханға жіберілмейді.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау жылының 15 маусымына дейін оқуға түсу емтихандарын тапсыру кестесін қабылдау жылын қоса алғанда 20 – 30 маусым кезеңінде бекітеді.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан әскери қызметшілер үшін № 195 бұйрыққа сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды және оны дене шынықтыру дайындығы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшесінің өкілдері жүргізеді.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Бейін бойынша емтихан бағдарламалары Сұрақтар тізбесін қамтиды және емтихан өткізу тәртібін және оқуға түсушілерді бағалау өлшемшарттарын айқындайды.
Емтихан билеттерін бейіні бойынша емтихан комиссиялары қалыптастырады.
Қабылдау жылының 1 мамырына дейін тапсырыс берушілер ҰҚУ-ға емтихан комиссияларының құрамын бекіту туралы бұйрықтың жобасына енгізу үшін кандидаттарды ұсынады.
Кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясының құрамы қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі және:
1) магистратураға, резидентураға – профессор-оқытушы құрамы мен тапсырыс беруші өкілдері қатарынан;
2) докторантураға – жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар әскери қызметшілер (қызметшілер) қатарынан, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган ұсынған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан қалыптастырылады.
Емтихан комиссияларының хатшылары ҰҚУ профессор-оқытушы құрамынан тағайындалады.
Қабылдау және емтихан комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін ҰҚУ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде түсу емтихандарын өткізу тәртібі туралы ережені әзірлейді.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.69. Қабылдау етихандарының нәтижесі бойынша оң балл жинаған оқуға түсушілер қабылдау жоспарына сәйкес басқа ведомстволар үшін бекітілген орындар санын ескере отырып, рейтингіге сәйкес мамандығы бойынша конкурстық іріктеуге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 30 маусымына дейін жүргізеді.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69-1. Резидентураға оқуға түсушілерді конкурстық іріктеу интернатурада білім алу (GPA), интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттауы (ҚМА) және мамандық бойынша оқуға түсу емтиханының нәтижесін жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 69-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.70. Қорғаныс министрлігінің басшылығы (Қорғаныс министрінің, Бас штаб бастығының орынбасарлары) және ҰҚУ (бастығы және оның орынбасарлары) қатарынан кандидаттар қашықтан оқытуды пайдаланумен докторантураға оқуға түскен кезде емтихан комиссиясының құрамына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және қорғаныс пен әскери қауіпсіздік саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар басқа ұйымдардың өкілдері қосымша енгізіледі.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.70-1. Қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңіне ҰҚУ-да апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы ҰҚУ бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссиялар қабылдау емтихандарының нәтижесімен келіспеген оқуға түсушілердің өтініштерін қарау үшін құрылады.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына қабылдау емтихандарының нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнтізбелік күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады және сол күнтізбелік күні қаралады.
Апелляциялық комиссия апелляцияға әрбір өтініш бойынша жеке жұмыс жасайды. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелері жалпы санының басым дауыс беруімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасының және барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
Ескерту. Қағида 70-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72. ҰҚУ-ға әртүрлі ведомство бойынша орын бөлуді ескеріп, мамандығы бойынша рейтингіде бірінші нөмірден бастап тиісті қабылдау жоспары (өтеусіз негізде, ақылы негізде) бойынша мамандыққа бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.
Бұл ретте ақылы оқуға түсушілердің рейтингісі өтеусіз оқуға түсушілерден бөлек жасалады.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 1 шілдесінде сағат 10.00-ге дейін жарияланады және ҰҚУ ғимаратында барлығына көрінетін жерде орналастырылады.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73. ҚР ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі және ЖАК шешімі негізінде қабылдау жылының 1 тамызына дейін өтеусіз негізде оқуға түсушілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ҰҚУ-ға қабылдау туралы бұйрығын шығарады.
Ақылы негізде оқуға түсушілер қабылдау комиссиясының шешімі негізінде ҰҚУ бастығының бұйрығымен ҰҚУ-ға қабылданады.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73-1. ҰҚУ-ға оқуға қабылданған әскери қызметші ҰҚУ бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды:
1) магистратураға, докторантураға, адъюнктураға – оқу мерзіміне және әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметтің бес жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
2) резидентураға (клиникалық ординатураға) – әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметтің он жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін.
Ескерту. 73-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73-2. Ақылы негізде оқу үшін ҰҚУ-ға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары ҰҚУ бастығымен білім беру қызметін көрсетуге шарт жасайды.
ҰҚУ "Білім туралы" ҚР Заңының 43-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес білім беру қызметін көрсету шартының нысанын дербес әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 73-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. ҰҚУ-ға оқуға қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіш болғанда бейінді емтихан бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған Қазақстан Республикасы азаматтарының басым құқығы болады.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенде әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше "цифрлық үкімет" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Әскери оқу орнынан теріс жауап алғанда "жұмылдыру ресурсының интеграциялық шлюзі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ИШ) Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтың нарко-, псих- және туберкулезге қарсы диспансерлік есепте болуы, сондай-ақ оның соңғы 3 (үш) жылдағы денсаулық жағдайы туралы сұранымды жібереді.
Ескерту. 75-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.76. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген бас тарту үшін негіз анықталғанда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 76-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.77. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Ескерту. 6-тараумен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
78. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарайтын органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 78-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-қосымша |
Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Еркін нысандағы оқуға қабылдау туралы өтініш немесе оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
2. Жеке куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. Оқуға түсетін адам 16 (он алты) жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады.
3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).
4. Орта (толық) білім туралы аттестат не техникалық және кәсіптік білім алу туралы диплом, негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін – негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
5. ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда), ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтиже – кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша – кемінде 5 балл және қалған әрбір пән бойынша – кемінде 3 балл).
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (бұдан әрі – 075/у нысаны) және ӘОО-ға келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі:
жалпы қан талдауы;
мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);
жалпы зәр талдауы;
мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы;
12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша);
кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүргізіледі;
бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар);
амбулаториялық пациенттің медициналық картасы;
профилактикалық екпе картасы.
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшқыш мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:
физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография;
қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі;
қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;
дыбыстық аудиометрия;
электроэнцефалография.
7. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
8. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
9. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда):
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда) ұсынады.
11. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары қоспағанда).
12. Мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау комиссиясына қосымша әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-1-қосымша |
Негізгі орта білім беру базасында әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
Ескерту. 2-1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Белтемірге тартылу | 60 метрге жүгіру | 2000 метрге жүгіру | Балл |
10 | 8.4 | 9.20 | 60 |
8.6 | 9.30 | 55 | |
9 | 8.8 | 9.40 | 50 |
9.0 | 9.50 | 45 | |
8 | 9.2 | 10.00 | 40 |
9.4 | 10.15 | 35 | |
9.6 | 10.30 | 30 | |
9.8 | 10.45 | 25 | |
7 | 10.0 | 11.00 | 20 |
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-2-қосымша |
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 3-қосымша |
Әскери колледж қабылдау комиссиясы шешімінің хаттамасы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:
Комиссия төрағасының орынбасары:
Комиссия мүшелері:
Комиссия хатшысы:
Әскери колледжге оқуға түсу үшін кандидаттарды қабылдау жөніндегі өз отырысында іріктеу кезеңдерінің нәтижелерін зерделеді және қарады және қаулы шығарды:
р/с № | Т А Ә | Туған жылы, күні, айы | Ұлты | Отбасы құрамы | Кәсіби-психологиялық іріктеу | Дене шынықтыру дайындығы | Медициналық куәландыру | Аттестаттың орташа балы | Рейтингілік балл | Қабылдау комиссиясының шешімі | Ескертпе | |||
Әкесі | Шешесі | Ағасы | Апасы | |||||||||||
Жиыны:
қабылданды –
бас тартылды –
бас тартты –
Қабылдау комиссиясының төрағасы:
Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Қабылдау комиссиясының мүшелері:
Қабылдау комиссияның хатшысы:
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 3-1-қосымша |
Жеке іс құжаттарының тізбесі
Ескерту. 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 26.06.2024 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Оқуға түсушінің тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, өзінің және заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген еркін нысандағы қабылдау туралы өтініш.
2. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі 2 данада.
3. Өмірбаяны (өз қолымен жазылған және терілген) 2 данада.
4. Үлгерім деңгейі туралы құжат (барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің орташа балы (GPA) (өндірістік практика үшін бағаны ескеріп).
5. № 195 бұйрыққа сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосынан үзінді.
6. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес оқу-жаттығу жиыны басталғанға дейін жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі.
7. Арнайы тексеру үшін қажетті құжаттар (сауалнама, өлшемі 3,5*4,5 фотосурет, жеке куәлік (өзінің және жақын туыстарының) көшірмесі, мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштің болмауы туралы медициналық тексеру нәтижесі (психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден).
8. Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру үшін қажетті құжаттар.
9. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
10. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда):
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 4-қосымша |
ҰҚУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 26.08.2026 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
2. Офицер жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес ресімделген оқуға жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру туралы анықтама (Қарулы Күштер мен мемлекеттік органдардың азаматтық персоналы үшін – 075/е нысаны бойынша берілген медициналық анықтама).
4. Мемлекеттік құпияларға рұқсат беру туралы анықтама.
5. Жоғарғы бастық (командир) куәландырған кәсіби-психологиялық іріктеуден өткенін растайтын құжат.
6. Жоғары медициналық білімінің болуы туралы құжат (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
7. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік және интернатура бойынша GPA көрсетіп, бір тілде (қазақша/орысша) жазылған транскрипт көшірмесі (транскрипте GPA көрсетілген болмаса, талапкер білім алған ұйымның қолтаңбасы мен мөрі қойылған интернатура бойынша есептелген GPA қоса беріледі) және интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттауы (ҚМА) нәтижесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
8. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
9. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат (бар болса).
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 5-қосымша |
ҰҚУ-ға оқуға түсу емтихандарын өткізу нысандары
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Емтихан атауы | Өткізу нысаны |
1. | Бейіні бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
2. | Мемлекеттік тілі бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
3. | Шет тілі бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
4. | Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан | практикалық |
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 6-қосымша |
Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бейінді пәндер тізбесі
Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.11.2025 № 1593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с № | ӘОО атауы | Бейінді пән атауы |
1. |
Құрлық әскерлерінің | Математика және/ немесе физика және/ немесе география және/ немесе дүниежүзі тарихы және/ немесе құқық негіздері |
2. | Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты | Математика және/ немесе физика |
Биология, химия (әскери-медициналық мамандық үшін) | ||
3. | Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты |
Математика және/ немесе физика және/ немесе информатика |
4. | Шетел ӘОО-ы | Биология, химия (әскери-медициналық мамандық үшін) |
Шығармашылық емтихан (музыкалық мамандық үшін) | ||
Шетел тілі (аударма ісі үшін) |
Өтініш
Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен "____"______ ____ туған ҚР азаматы __________________________.
Сізден мені "_____________________________________________" оқуға түсу үшін кандидаттар тізіміне қосуыңызды және маған қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуіңізді сұраймын.
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-1-қосымша |
"Тіркеу нөмірі" №__________________________
"Өтініш берілген күн" ____________
Әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы хабарлама
Ескерту. Қағидалар 7-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
оның________________________________________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны туралы берілді.
Әскери оқу орнының бастығы
_______________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
_______________________________________
(әскери атағы, инициалдары мен тегі)
Орындаушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ___________________
Сіз ағымдағы жылғы "__" ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту үшін
ӘОО-ға келуіңіз қажет.
Өзіңізбен бірге:
1. Орта (жоғары) білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі болуға тиіс.
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
| Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-2-қосымша |
Әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы хабарлама
Ескерту. Қағидалар 7-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 02.04.2025 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
Сізге __________________________________________________________
___________________________________________ сәйкес Әскери оқу орнына
оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
Қызметті көрсетуден бас тарту себебі:
_______________________________________
(егжей-тегжейлі себеп)
Әскери оқу орнының бастығы
____________________________________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
_______________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалдары мен тегі)
Орындаушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефоны ______________________________________
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11617 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
2. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11609 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
3. "Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11614 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
4. "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 331 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11616 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған).