"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.01.2025 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күннен күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, ресми жариялау үшін қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және
күтіп ұстау қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының музей қорын қалыпатастыру және күтіп ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.01.2025 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Музей қорын қалыптастыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Музей қорын қалыптастыру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
1) мәдени құндылықтарды сатып алу;
2) жеке және заңды тұлғалармен ақысыз негізде берілген мәдени құндылықтарды іріктеу;
3) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық нәтижесінде барлық жеке-дара археологиялық олжаларды қабылдау.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.03.2026 № 110-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Жеке және заңды тұлғалармен берілген мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін:
1) "Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35988) мемлекеттік музейлерде Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – мемлекеттік музей комиссиясы) құрылады;
2) музей-қорықтарда, Қазақстан Республикасына тиесілі басқа мемлекеттік ұйымдарда (бұдан әрі – музей-қорық) Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – музей-қорық комиссиясы) директордың бұйрығымен құрылады.
Музей-қорық комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы музейдің-қорықтың құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері арасынан тағайындалып, комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Музей-қорық комиссиясының төрағасы музей-қорық директорының (жетекшісінің) орынбасары, музей-қорықтар комиссиясының мүшелері – музей-қорықтың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және/немесе қызметкерлері болып табылады. Мәдени құндылық туралы мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда мәдени құндылықты сипаттайтын қорытынды беру үшін музей-қорықтар комиссиясына археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және тағы басқа салалар бойынша мамандар шақыртылады.
Дауысқа салуы барысында музей-қорық комиссиясы мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 08.01.2025 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.03.2026 № 110-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Мемлекеттік музейлердегі, музей-қорықтар комиссиясының шешімі ұсыныс сипатындағы хаттамамен ресімделеді, және мемлекеттік музейлердегі музей-қорықтар комиссиясының төрағасымен және мүшелерімен қол қойылады.
5. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) оң шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсыну;
2) теріс шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсынбау.
6. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының оң шешімі мемлекеттік музей және музей-қорық директорының (жетекші) ұсынылған мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге оң шешім қабылдауына негіз бола алады.
7. Мемлекеттік музейлер және музей-қорық комиссиясының теріс шешімі жағдайында, қабылданған осы шешімге қатысы бар мәдени құндылықтарды сатып алу немесе іріктеу мемлекеттік музей және музей-қорықпен жүзеге асырылмайды.
8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) "Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33157 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 194 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтерді жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей мәдениет саласындағы уәкілетті органға № 194 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 30.07.2026 № 368-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тұрақты сақтауда тұрған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогына енгізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 30.07.2026 № 368-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Музей қорын ұстау
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Музей қорын күтіп ұстау келесідей қамтамасыз етіледі:
1) "Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына сәйкес есепке алу және сақтау арқылы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35961);
2) реставрация және консервацияны қажет ететін мәдени құндылықтарды реставрациялау және консервациялау, оларды анықтау арқылы;
3) музей қорының құрамына кіретін, шетелге шығарылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шегінде берілетін музейлік мәдени құндылықтарды сақтандыру арқылы.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 13.03.2026 № 110-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар жыл сайын 20 қаңтарға дейін өткен жылдың музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау жөніндегі жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жолдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын 1 наурызға дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға музей қорының жағдайы жөніндегі жиынтық ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 11-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларына қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы
Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 30.07.2026 № 368-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.