ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі
Министр __________________ Д. Абаев
2016 жылғы 14 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 23 қыркүйек
| Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген |
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалады.
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) төлем ұйымдарының есептік тіркелуі, Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуі, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі, төлем ұйымдарының филиалдарды ашу туралы хабарлауы, төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдары мен киберқауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар қамтылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Қағидаларда "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) киберқауіпсіздік – цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жай-күйі;
2) киберқауіпсіздік қатері – киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
3) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету – төлем ұйымының ақпараттық активтерінің жасырындылық, тұтастық және қолжетімділік күйін ұстап тұруға бағытталған процесс;
4) төлем ұйымының ақпараттық активі – ақпараттың және оны сақтау және (немесе) өңдеу үшін пайдаланылатын цифрлық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы;
5) төлем ұйымының цифрлық инфрақұрылымы (бұдан әрі – цифрлық инфрақұрылым) – цифрлық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділікті ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
6) цифрлық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат – цифрлық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының цифрлық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер туралы ақпарат;
7) киберқауіпсіздік оқиғасы (бұдан әрі – киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы) – киберқауіпсіздіктің ықтимал бұзылуын немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы болуы мүмкін бұрын белгісіз жағдайды көрсететін, цифрлық объектінің жай-күйінің сәйкестендірілген туындауы;
8) цифрлық инфрақұрылымды қорғау аясы – төлем ұйымның цифрлық инфрақұрылымын сыртқы ақпараттық желілерден оқшаулайтын және киберқауіпсіздік қатерлерінен қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдардың жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Төлем ұйымы төлем ұйымын есептік тіркеудің Ұлттық Банк берген тіркеу нөмірі (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) болған кезде көрсетілетін төлем қызметтерінің мынадай түрлерін көрсетеді:
1) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) клиент цифрлық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті аппарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.08.2026 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2-тарау. Төлем ұйымдарын Ұлттық Банкте есептік тіркеу
4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер қамтылатын өтінішті (төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.
Өтінішпен бірге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар беріледі.
"Цифрлық үкімет" веб-порталының көрсетілген мәліметтерді алу қамтамасыз етілетін тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграциялануы болған жағдайда шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дипломдарын қоспағанда, дипломның (дипломдардың) көшірмесі ұсынылмайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларында мынадай міндетті талаптар қамтылады:
1) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің сипаттамасы;
2) төлем ұйымының клиенттеріне төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен мерзімдері;
3) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің құны (тарифтері);
4) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерін технологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі;
5) төлем ұйымы пайдаланатын тәуекелдерді басқару жүйесі туралы мәліметтер;
6) клиенттермен даулы ахуалдарды реттеу және дауларды шешу тәртібі;
7) киберқауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі;
8) көрсетілетін төлем қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және жабдықтардың сипаттамасы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10-1. Төлем ұйымының өтініші алғаш рет түскен кезде Ұлттық Банк төлем ұйымы басшыларының, құрылтайшылары мен бенефициарлық меншік иелерінің олардың әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының бар-жоғы (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалы) туралы сұратуды қаржылық мониторингті жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Алынған ақпараттың нәтижесі бойынша Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуге қоюға арналған құжаттарды қарауды жалғастыру не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Ұлттық Банк өтінішті қараудың қорытындылары бойынша төлем ұйымын есептік тіркеу не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтерін енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жоспарланып отырған төлем қызметтерін көрсету ескеріле отырып, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен бірге Ұлттық Банкке ұсынады.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.13. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабына сәйкес төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеуді осы тарауда көзделген тәртіпте жүргізеді.
15. Ұлттық Банк ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімге енгізу күні қайта ұйымдастырылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімнен алып тастайды.
2-1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижелері қамтылған есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
Ескерту. 15-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Төлем ұйымы өтінішті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрату қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.
Ұлттық Банк "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден төлем ұйымы басшысының жеке басын куәландыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 4-тармағы үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, төлем ұйымы басшысы дипломының (дипломдарының) көшірмелерін алады.
Ескерту. 15-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
15-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өтуі туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) жобасын не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.
Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізеді (хабарламаға қол қойылған кезде), төлем ұйымына есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.
"Цифрлық үкімет" веб-порталында есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.
Төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуден және төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуден және төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешімді жібереді.
Алдын ала шешім өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе білдіруге құқылы.
Ескерту. 15-4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.15-5. Есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.
Ескерту. 15-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Тізілімді жүргізу
16. Тізілімде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары туралы мәліметтер қамтылады.
Тізілімді Ұлттық Банк оны төлем қызметі нарығын бақылау мақсатында жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:
1) төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді және тізілімде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазба жасайды;
2) төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, төлем ұйымы есептік тіркеуден өткені туралы төлем ұйымына жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, төлем ұйымына есептік тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Ұлттық Банк Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен әр төлем ұйымы бойынша қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде досье жүргізеді.
20. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның
18-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымын тізілімнен алып тастайды.
21. Төлем ұйымы соттың төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген не төлем ұйымының қызметін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы ерікті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ерікті жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
22. Ұлттық Банк төлем ұйымын тізілімнен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк төлем ұйымын электрондық пошта мекенжайы бойынша электрондық нысанда жазбаша хабардар етеді және бұл туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Төлем ұйымы тізілімнен алып тасталған жағдайда, Ұлттық Банк тізілімнен алып тастау жөнінде хабарлаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде атауын өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату жөнінде шешім қабылдайды.
3-1-тарау. "Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет) тәртібі
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23-1. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісімді беру төлем ұйымы Ұлттық Банкке "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімді берген кезде жүзеге асырылады.
Процестің сипаттамалары, қызмет көрсету нысаны, мазмұны мен нәтижесі қамтылатын ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген.
Шешімге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабы 2-тармағының 2), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Ескерту. 23-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.23-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, тіркейді және ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Төлем ұйымы өтінішті портал арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтиже алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.
23-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
23-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше құжаттар тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.
Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні төлем ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.
"Цифрлық үкімет" веб-порталында ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі төлем ұйымына уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жіберіледі.
Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тарту туралы алдын ала шешімді жібереді.
Алдын ала шешім өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе білдіруге құқылы.
Ескерту. 23-4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.23-5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.
Ескерту. 23-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-2-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-2-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23-6. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Төлем ұйымының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
Шағымға төлем ұйымы қол қояды.
Ұлттық Банктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша Ұлттық Банктің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
23-7. Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі
24. Төлем ұйымы төлем қызметін көрсеткеннен кейін клиентке төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты қағаз тасымалдағышта не телекоммуникациялар желісі арқылы береді.
24-1. Электрондық ақша жүйесінің операторлары болып табылатын төлем ұйымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген жағдайларда электрондық ақша иелерінің биометриялық аутентификациясы Ұлттық Банктің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы жүзеге асырылады, оның жұмыс істеуі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген.
Электрондық ақша иелерін СДАО арқылы биометриялық аутентификациялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген) бекітілген Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
25-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатта мынадай деректемелер қамтылады:
1) құжаттың нөмірі, оның жазылған күні, айы, жылы;
2) төлем ұйымының атауы;
3) операция сомасы;
4) операция валютасы;
5) комиссиялық сыйақы сомасы;
6) төлемнің мақсаты;
7) көрсетілетін қызметті жеткізушінің атауы;
8) көрсетілетін төлем қызметін берушінің (төлем делдалы), оның ішінде операцияға қатысатын шетелдіктің атауы;
9) сауда нүктесі санатының коды (Merchant Category Code) (Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлем қызметін көрсеткен жағдайда);
10) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес (Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлем қызметі көрсетілген жағдайда) төлем ұйымы төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін ақпарат ұсынатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы не банктік идентификациялау коды.
Атауларды көрсету кезінде әртүрлі түсіндіруді тудыратын қысқартуларды, сауда белгілерін, аббревиатуралар мен кодтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Төлем ұйымына төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатқа көрсетілген төлем қызметі бойынша қосымша деректемелерді қоюына рұқсат етіледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде, төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларына, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарға, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 тіркелген "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкес төлем ұйымы береді.
27. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін көрсету кезінде төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті арқылы:
1) төлем агенттерінің және (немесе) қосалқы төлем агенттерінің тізілімін төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүргізуді;
2) төлем агентінің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның талаптарының, сондай-ақ төлем агенті мен төлем ұйымы арасындағы шартта көзделген төлем қызметтерін көрсету талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген бақылау төлем ұйымы мен төлем агенті арасындағы шартқа және (немесе) төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін төлем ұйымы мен төлем қызметін беруші арасындағы шартқа сәйкес көрсетеді.
Төлем ұйымы бюджетке төлемдерді қабылдау бойынша төлем қызметтерін клиенттің банктік шотын ашпай төлем ұйымы мен банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлем қызметін көрсету жөніндегі агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.29. Төлем ұйымы төлем қызметтерін банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде төлем ұйымы мен банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем агенті арасында төлем қызметін көрсету бойынша агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Қызметті жеткізушімен жасалған шартта және төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарта Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талап бар.
31. Төлем ұйымы төлем агенті ретінде қызметін жүзеге асырған кезде төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарт жасалған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына не банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тартылған қосалқы төлем агенттермен жасалған шартқа сәйкес олар туралы ақпарат береді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-тарау. Төлем ұйымдарының филиалдар ашу туралы хабарлауы
32. Төлем ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерде төлем ұйымының филиалы ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке филиалдың ашылғаны туралы хабарламаны Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта не қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі арқылы электрондық түрде хабарлайды.
Филиалдың ашылғаны туралы хабарламаға:
1) төлем ұйымының басқару органының төлем ұйымының филиалын ашу және оның бірінші басшысын сайлау (тағайындау) туралы шешімінің көшірмесі;
2) филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
3) филиалдың бизнес-жоспары;
4) филиалдың бірінші басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі.
33. Қағидалардың 32-тармағында көзделген құжаттар төлем ұйымының досьесінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде сақталады.
6-тарау. Төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдарына және киберқауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34. Бағдарламалық қамтылым мыналарды:
1) жабдықтың кез келген учаскесінде кез келген уақытта электр қуаты толығымен немесе ішінара ажыратылған кезде ақпаратты сенімді сақтауды, рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды, дерекқордың тұтастығын және электрондық архивтер мен дерекқорлардағы ақпараттың толық сақталуын;
2) қолжеткізудің кемінде екі: басқарушы және пайдаланушы деңгейі көзделетін бағдарламалық қамтылымда іске асырылған кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қолжетімділікті;
3) операцияларды жүргізу және тіркеу үшін қажетті, толтырылуы міндетті жолдардың енгізілетін деректерінің толықтығын бақылауды (функцияларды немесе операцияларды барлық жолдарды толық толтырмай орындаған кезде бағдарлама тиісті хабарлама беруді қамтамасыз етеді);
4) сұратуды сақтай отырып, осы цифрлық жүйе үшін айқындалған өлшемшарттар мен параметрлер бойынша ақпаратты іздеуді, сондай-ақ ақпаратты кез келген параметр (осы цифрлық жүйе үшін айқындалған) бойынша сұрыптауды және егер мұндай ақпарат цифрлық жүйеде сақталуға тиіс болса, алдыңғы күндердегі ақпаратты қарап шығу мүмкіндігін;
5) ақпаратты өңдеуді және оны күні мен уақыты бойынша сақтауды;
6) төлем ұйымдары Ұлттық Банкке ұсынатын есептердің, сондай-ақ жүргізілген операциялар туралы есептердің нысандарын автоматты түрде қалыптастыруды;
7) ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізуді және автоматтандырылған қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарламалық қамтылым журналды толығымен, сондай-ақ ішінара (көрсетілген күндер ауқымына, белгілі бір күнге) қалыптастырады;
8) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;
9) шығыс құжаттарды экранға, принтерге немесе файлға шығару мүмкіндігін;
10) электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін;
11) мынадай атрибуттарды: оқиғаның басталған күні мен уақытын, оқиғаның атауын, іс-әрекетті жүргізген пайдаланушыны, жазбаның сәйкестендіргішін, оқиғаның аяқталған күні мен уақытын, оқиғаның орындалу нәтижесін сақтай отырып, цифрлық жүйеде болып жатқан оқиғаларды тіркеуді және сәйкестендіруді;
12) цифрлық инфрақұрылымды қорғау аясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының есептік жазбаларының парольдерін өзгертуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.35. Төлем ұйымдары киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған төлем ұйымының жалпы басқару жүйесінің бөлігі болып табылатын киберқауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Төлем ұйымы киберқауіпсіздікті басқару процесін, оның ішінде киберқауіпсіздік саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарды бекітеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ішкі құжаттарды қайта қарау тәртібі мен кезеңділігі төлем ұйымының ішкі құжаттарында айқындалады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Киберқауіпсіздікті басқару жүйесі төлем ұйымының бизнес-процестері үшін ықтимал залалдың ең төменгі деңгейіне жол беретін төлем ұйымының ақпараттық активтерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36-1. Киберқауіпсіздік бөлімшесі немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам киберқауіпсіздіктің жай-күйін жылына бір реттен сиретпей тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша киберқауіпсіздік бөлімшесі немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам тексеру материалдарын қоса бере отырып, есеп жасайды, ол төлем ұйымының басшысына жіберіледі.
Ескерту. 6-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37. Төлем ұйымы киберқауіпсіздікті басқару жүйесінің тиісті деңгейін, оның дамуы мен жақсаруын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37-1. Төлем ұйымында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілік пен функциялардың аражігін ажырату мақсатында цифрлық объектілерді құру, оларға ілеспе қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын киберқауіпсіздік бөлімшесі құрылады немесе цифрлық объектілерді құру, оларға ілеспе қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелер штатында тұрмайтын, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам айқындалады.
Киберқауіпсіздік бөлімшесі немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді және төлем ұйымының ішкі құжаттарында айқындалған киберқауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды.
Төлем ұйымы киберқауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамның біліктілігін арттыруды мыналарды:
1) ішкі іс-шараларды (лекцияларды, семинарларды);
2) сыртқы оқытуды (курстарға, семинарларға қатысу – әрбір қызметкер үшін екі жылда бір реттен сиретпей) өткізу арқылы қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тарау 37-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37-2. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылданған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа қызметкер киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі талаптарымен (кіріспе нұсқау) қол қойып танысады. Танысу нәтижесі тиісті нұсқау журналында немесе нұсқаудан өтуді растайтын өзге де құжатта тіркеледі.
Ескерту. 6-тарау 37-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.37-3. Төлем ұйымының қызметкерімен жасалатын еңбек шартында қызметкердің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырын ақпаратты жария етпеу талаптарын сақтау міндеті қамтылады.
Ескерту. 6-тарау 37-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.38. Төлем ұйымы төлем ұйымының ақпаратының жасырындылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) киберқауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастырады, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін және қатерлерді анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру іс-шараларын үйлестіреді және бақылайды;
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді;
3) өз өкілеттіктері шеңберінде киберқауіпсіздікті басқару, қамтамасыз ету және бақылау әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдайды, ендіреді және қолданады;
4) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинайды, шоғырландырады, сақтайды және өңдейді;
5) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдайды;
6) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарды ендіруді, тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға қолжеткізуді қамтамасыз етеді;
7) артықшылықты есептік жазбаларды пайдалану бойынша шектеулерді айқындайды;
8) төлем ұйымы қызметкерлерінің киберқауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуын қамтамасыз етудің іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді;
9) төлем ұйымының киберқауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
10) кезең-кезеңімен (бірақ жылына бір реттен сиретпей) төлем ұйымының басшылығына төлем ұйымының киберқауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйі туралы хабарлайды;
11) цифрлық инфрақұрылымды қорғау аясының схемасын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын басқарушылардың тізбесін жаңартылған күйде ұстайды;
12) цифрлық инфрақұрылымды қорғау аясына желіаралық экрандарды орнатады;
13) пайдаланушылардың цифрлық инфрақұрылымды қорғау аясынан Интернет желісінің ресурстарына кіру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
14) ноутбуктер немесе өзге де құрылғылар төлем ұйымының ақпараттық активтеріне төлем ұйымының қорғау аясынан тыс қосылған жағдайда, осы құрылғыларда қорғалған қолжетімділікті ұйымдастыру үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылым (байланыс арнасын шифрлау, екі факторлы аутентификацияны қамтамасыз ету) орнатылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Төлем ұйымы ақпараттық активтерге қатысты қолайлы деңгейдің өлшемшарттарын көрсете отырып, киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқарады.
Киберқауіпсіздік тәуекелдері іске асырылған кезде осындай тәуекелдердің туындауын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.40. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне мониторинг жүргізу барысында алынған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат шоғырландырылуға, жүйеленуге және сақталуға тиіс.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 5 (бес) жылды құрайды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.42. Төлем ұйымы киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын, оның себептері мен салдарын жоюға арналған шұғыл шаралар қабылдау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.43. Төлем ұйымында киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы барлық ақпаратты көрсете отырып, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналы жүргізіледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Төлем ұйымы Ұлттық Банкке киберқауіпсіздіктің мынадай анықталған оқыс оқиғалары:
1) қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдалану;
2) цифрлық жүйеге рұқсатсыз кіру;
3) цифрлық жүйеге немесе деректерді беру желісіне "қызмет көрсетуден бас тарту" шабуылы;
4) серверді зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдау;
5) киберқауіпсіздікті бақылауды бұзу салдарынан ақшалай қаражатты рұқсатсыз аудару;
6) төлем ұйымы қызметінің тұрақтылығына қатер төндіретін киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсынады.
Төлем ұйымы осы тармақта көрсетілген киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының картасы түрінде мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ анықталған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Киберқауіпсіздіктің өңделген оқыс оқиғалары бойынша ақпарат Ұлттық Банктің киберқауіпсіздіктің оқиғаларымен және оқыс оқиғаларымен алмасуға арналған платформасын пайдалана отырып, электрондық форматта ұсынылады.
Киберқауіпсіздіктің әрбір оқыс оқиғасына киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының жеке картасы толтырылады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45. Төлем ұйымы Ұлттық Банктің киберқауіпсіздік оқиғаларымен және оқыс оқиғаларымен алмасуға арналған платформасына қосылу үшін статикалық IP-мекенжайды пайдаланады және ол туралы ақпаратты Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.
Статикалық IP-мекенжай өзгерген жағдайда төлем ұйымы статикалық IP-мекенжай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкті бұл туралы хабардар етеді.
Ескерту. 6-тарау 45-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.46. Төлем ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, төлем қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ төлем қызметтерін көрсету кезінде жасалатын төлемдерді өңдеуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тарау 46-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.47. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайы (деректерді өңдеу орталығы) мынадай жүйелермен жабдықталады:
1) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі;
2) күзет сигнализациясы;
3) өрт сигнализациясы;
4) автоматты өрт сөндіру жүйесі;
5) бейнебақылау жүйесі.
Серверлік және коммуникациялық жабдық электр қуаты жүйесіне үздіксіз қуаттандыру көздері арқылы қосылады.
Төлем ұйымында серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы) болмаған жағдайда, осы тармақтың талаптары жалданатын үй-жайларға немесе төлем ұйымының цифрлық объектілері орналасқан үй-жайларға қолданылады.
Ескерту. 6-тарау 47-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.48. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайына (деректерді өңдеу орталығына) кіру рұқсаты тізбесін төлем ұйымының басшысы немесе оның орнындағы адам бекітетін адамдарға беріледі.
Төлем ұйымы серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) кіруді бақылау мен басқару жүйесінің журналын кемінде бір жыл жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тарау 48-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.49. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайының (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесі серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) барлық өту жолдарын, кіреберістерді бақылауды қамтамасыз етеді. Серверлік үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) бейнекамераларды орналастырғанда серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) ішінде және оған кіреберісте бейнебақылаумен қамтылмаған аймақтар болмайды.
Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесінде оқиғалар үздіксіз немесе қозғалыс детекторы пайдаланыла отырып жазылады.
Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар архиві кемінде үш ай сақталады.
Ескерту. 6-тарау 49-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (01.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-тарау. "E-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қағидалар 7-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
50. "E-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту мынадай:
1) төлем ұйымының атауы өзгерген;
2) көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтері енгізілген;
3) көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесінен жекелеген төлем қызметі алып тасталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51. Есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту қажеттілігі туындаған кезде төлем ұйымы Ұлттық Банктің кеңсесі арқылы электрондық нысанда өтініш жасайды.
52. Ұлттық Банк "E-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізеді.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53. Төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, Ұлттық Банк "E-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесінде есептік тіркеудің қолданысын тоқтату туралы тиісті жазбаны ендіреді.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының
| Ұлттық Банкі |
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
___________________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуді және төлем ұйымын төлем ұйымдары
тізіліміне қосуды сұрайды.
1. Төлем ұйымының орналасқан жері:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(телефоны, факсі, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы
(бар болса)
2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
3. Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес
көрсету жоспарланып отырған көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі:
1) ________________________________________________________________;
2) ________________________________________________________________;
3) ________________________________________________________________
4. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
16-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) ___________________________;
2) ___________________________;
5. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер:
Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
__________________________________________________ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді) |
Тұрғылықты жері | (үй, қызметтік телефондарының нөмірлерін қоса алғанда, тұрғылықты жері, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайы) |
Азаматтығы |
Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі:
№ | Жұмыс кезеңі (ай/жыл) | Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы | Лауазымдық міндеттері |
1 | |||
Өзге де ақпарат:
Алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы |
Иә/жоқ |
Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жағдайда |
Иә/жоқ |
Егер Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 18-бабы 1-тармағының 1) – 6), 9), 11) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдары тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде осы төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының бұрын атқарушы органының басшысы, төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болса |
Иә/жоқ |
Өзге де ақпарат (бар болса) |
Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Цифрлық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Төлем ұйымының бірінші басшысы
немесе қол қоюға өкілетті тұлға
______________________________________ ___________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
6. Төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / Заңды тұлғаның атауы / Заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның атауы |
__________________________________________________ | |
Жеке сәйкестендіру нөмірі / | ||
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді) | |
Тұрғылықты жері / Заңды тұлғаны немесе шетелдік құрылымды заңды тұлға құрмай тіркеу орны | (тұрғылықты жері, оның ішінде үй, қызметтік телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайы / қызметтік телефон нөмірлерін, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмай-ақ шетелдік құрылымды тіркеу орны) | |
Азаматтығы / Тіркелген елі | ||
Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы не қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы |
Иә / жоқ | |
Егер уəкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған жағдайда |
Иә/Жоқ | |
Егер Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 18-бабы 1-тармағының 1) – 6), 9), 11) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде бұрын төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, ірі қатысушы заңды тұлғасының ірі қатысушысы не бірінші басшысы жəне (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болса |
Иә/Жоқ | |
Егер ол тіркелген болса, тұрғылықты жері немесе оффшорлық аймақтарда орналасқан жері |
Иә / жоқ | |
| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Өтініш және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Төлем ұйымының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуі тиіс мәліметтерді толық емес және (немесе) дәйексіз ұсынуы; |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктерді ескере отырып өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ |
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ |
[Уәкілетті органның деректемелері мемлекеттік тілде] | [Уәкілетті органның деректемелері орыс тілінде] | |
[шешім нөмірі] [шешім шығару күні] | [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] [ Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері] |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес өтінішті
______________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
және қоса берілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша төлем ұйымы
________________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
ретінде есептік тіркеуден өткені, № _____________ есептік нөмір және төлем ұйымдарының тізіліміне жазба берілгені туралы хабарлайды.
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес төлем ұйымы
__________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
мынадай төлем қызметтерін көрсетеді:
____________________________________________________________;
____________________________________________________________;
___________________________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]
| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Төлем ұйымдарының тізілімі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
р/р | Төлем ұйымын тіркеген күн | Төлем ұйымының тіркеу нөмірі | Төлем ұйымының атауы | Басшының аты-жөні | Төлем ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Төлем ұйымының орналасқан жері, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса) | Көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
"Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Шешім және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері | Қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім; |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық формада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктерді ескере отырып өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының
| Ұлттық Банкі |
Филиалдың ашылғаны туралы хабарлама
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_______________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы, орналасқан жері және бизнес- сәйкестендіру нөмірі)
осы арқылы филиалының ашылғандығы туралы хабарлайды:
□ Қазақстан Республикасының аумағында (ашылған жағдайда):
_______________________________________________________________
(төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері және бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
Басшысы туралы деректер:
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес
төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3)____________________________________________________________.
□ Қазақстан Республикасынан тыс жерде (ашылған жағдайда):
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері)
Басшысы туралы деректер:
________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес
төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:
1) _______________________________________________________________;
2) _______________________________________________________________;
3) _______________________________________________________________.
Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Цифрлық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Төлем ұйымының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
_____________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
| Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан |
Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының картасы
Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 № 116 (01.04.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
№ | Жалпы мәліметтер | |
Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының сипаттамасы | Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпарат | |
1 | Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының атауы | |
2 | Анықталған күні мен уақыты (кк.аа.жжжж және сс:мм сағат белдеуін көрсете отырып UTC+X) | |
3 | Анықталған орны (ұйым, филиал, цифрлық инфрақұрылым сегменті) | |
4 | Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпараттың дереккөзі (пайдаланушы, әкімші, киберқауіпсіздік әкімшісі, киберқауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері немесе техникалық құрал) | |
5 | Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы іске асырылған кезде қолданылған әдістер (әлеуметтік инженерия, зиянды кодты ендіру) | |
Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мазмұны | ||
6 | Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының нышандары, белгілері | |
7 | Негізгі оқиғалар (қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтылымдағы осалдылықтарды пайдалану; цифрлық жүйеге рұқсатсыз кіру; цифрлық жүйеге немесе деректерді беру желісіне "қызмет көрсетуден бас тартуға" шабуылы; сервердің зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдануы; ақша қаражатын рұқсат етілмеген аудару; төлем ұйымы қызметінің тұрақтылығына қауіп төндіретін киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары) | |
8 | Зақымданған активтер (цифрлық инфрақұрылымның нақты деңгейі, желілік жабдықтың деңгейі, желілік қосымшалар мен сервистердің деңгейі, операциялық жүйе деңгейі, технологиялық процестер мен қосымшалардың деңгейі және төлем ұйымы бизнес-процестерінің деңгейі) | |
9 | Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мәртебесі (аяқталған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын жүзеге асыру әрекеті, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасына күмән) | |
10 | Залал | |
11 | Қауіп көздері (анықталған идентификаторлар) | |
12 | Ниеттілік (қасақана, қате) | |
Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы бойынша қабылданған шаралар | ||
13 | Қабылданған іс-әрекеттер (осалдылықты сәйкестендіру, оқшаулау, қалпына келтіру) | |
14 | Киберқауіпсіздік тәуекелдерінің туындауын барынша азайтуға бағытталған жоспарланған іс-әрекеттер | |
15 | Хабардар болған тұлғалар (лауазымды тұлғалардың (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мемлекеттік органдардың, ұйымдардың атауы) | |
16 | Тартылған мамандар (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, телефон нөмірі) | |
Киберқауіпсіздік жөніндегі жауапты қызметкер
____________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы) Күні 20 ___ жылғы "____" ______

