"2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 633 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қарашада № 5644 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi бекітілсін.";
      2) аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:
      "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2 бөлімінің:
      реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1 Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде көше-жолдары желісінің құрылысы 198 621";
      мынадай мазмұндағы 3 бөліммен толықтырылсын:
      "3. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      1 Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде суларды жинау үшін су қоймасын салу 1 000";
      3) аталған қаулымен бекітілген конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
      "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2 бөлімінің:
      реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1 Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы 6 029";
      5) аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
      "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 1 бөлімінің:
      реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1 Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу 17 932";
      6) аталған қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "10" қараша №633
қаулысына 1-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген

Конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi

№

Жобаның атауы

Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге

1

2

3


"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы

1491

2

Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру

1491

3

Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы

1491

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "10" қараша №633
қаулысына 2-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген

Конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi

№

Жобаның атауы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге

1

2

3


"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласындағы жекпе-жек спорт түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру

2982

2

Қызылорда қаласы Жанқожа батыр көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу

2982

3

Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу

1491


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады