Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14930 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабы 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.07.2018 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелерінің жазбаша нысандағы келісімге (бұдан әрі – келісім) қол жеткізуге ниеті бар нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын олардың Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) келісім – тараптардың қандай да бір шарттарын, қарым-қатынасын, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, ресми жазбаша құжат түрінде ресімделген екі немесе бірнеше нарық субъектілері арасындағы шарт;

      2) алып тасталды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Кодекске және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қағидалар жазбаша нысандағы келісімге олардың Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қол жеткізуге ниеті бар барлық нарық субъектілеріне қолданылады.

2-тарау. Нарық субъектілері келісімдері жобасының Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарау тәртібі

      4. Кодекстің 169-бабына сәйкес жол беріледі деп танылуы мүмкін келісімдерге қол жеткізуге ниеті бар нарық субъектілері (бұдан әрі – нарық субъектілері) құжаттарды электронды нысанда қоса бере отырып, келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

      Өтінішке келісімге қол жеткізуге ниеті бар барлық нарық субъектілері қол қояды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Егер келісім тараптары екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан сондай-ақ егер келісім екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын жағдайда, нарық субъектілері өтінішті монополияға қарсы органға береді.

      Егер келісім тараптары бір әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан, сондай-ақ егер келісім бір әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын жағдайда, нарық субъектілері өтінішті монополияға қарсы органның тиісті аумақтық бөлімшесіне береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Келісім жасауға ниеті бар нарық субъектілері монополияға қарсы органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне:

      1) келісім жобасын;

      2) келісімнің Кодекстің 169-бабында белгіленген келісімдерге жол беру өлшемшарттарына сәйкестігін негіздейтін:

      сатылас келісімдер кезінде әрбір қаралатын тауар нарықтарындағы нарық субъектісінің (субъектілерінің) үлесі туралы;

      келісімнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты болып табылатындығы туралы;

      Кодекстің 169-бабының 6-тармағында көзделген бақылауды көрсете отырып, келісімге қол жеткізуге ниеті бар нарық субъектілерінің тұлғалар тобы туралы;

      келісімнің мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келмеген немесе алып келмейтіндігі жөніндегі шарттарын міндетті түрде көрсете отырып, зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, тауарларды дараландыру құралдарына айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiм болып табылатындығы туралы;

      Кодекстің 169-бабының 8-тармағында көзделген нарық субъектілеріне салынатын шектеулердің жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау кезінде монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мынадай іс-әрекеттерді жасайды:

      1) барлық нарық субъектілерінің келісімге қол жеткізуге ниеті фактісін анықтайды;

      2) келісімнің Кодекстің 169-бабында белгіленген келісімдерге жол беру шарттарына сәйкестігін негіздейтін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) болу фактісін анықтайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында тізбеленген шарттардың бірінің орындалмағаны анықталған жағдайда, өтініш ұсынылмаған деп есептеледі, бұл туралы монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшесі аталған өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде нарық субъектілеріне (өтініш берушілерге) хабарлайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қаралуы үшін өзге нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан ақпарат алу, жұмыс орнына барып тексеру не тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізу талап етілмейтін нарық субъектілерінің (өтініш берушілердің) өтініші монополияға қарсы органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу, өзге нарық субъектілерінен, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу, жұмыс орнына барып тексеру не тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайда, нарық субъектілерінің (өтініш берушілердің) өтінішін қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы нарық субъектілеріне (өтініш берушілерге) ұзарту себептерін көрсете отырып, қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.

      Өтініш бойынша қарау мерзімін монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе басшының орынбасары ұзартады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Өтінішті және оған қоса берілген қажетті құжаттарды қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы;

      2) келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдау үшін:

      1) Кодекстің 169-бабына сәйкес келісім жобасына жол беріледі деп тану үшін негіздердің болмауы;

      2) нарық субъектілері ұсынған құжаттардағы мәліметтердің анық болмауы негіз болып табылады.

      13. Монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектілерін (өтініш берушілерді) қабылданған шешім туралы олардың атына тиісті жауап (хат) жіберу арқылы хабардар етеді.

      Келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда, монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері жауапта (хатта) сәйкес келмеу себептерін көрсетеді.

      Келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылданған жағдайда, келісімге қатысушы нарық субъектілері келісім жасалған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, көшірмесін қоса бере отырып қол жеткізілген келісім туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Нарық субъектілерінің келісім жобасының Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді қайта қарау тәртібі

      14. Монополияға қарсы органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы шешімі, егер мұндай келісімге аталған шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде немесе монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшелері белгілеген мерзім ішінде қол жеткізілмесе, өзінің қолданысын тоқтатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері өз бастамасы бойынша немесе мүдделі адамның өтініші бойынша келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы өзінің шешімін, егер:

      1) шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде аталған шешімді қабылдаудан бас тартуға негіз болуға тиіс мән-жайлар мәлім болған;

      2) егер шешім өтініш берген нарық субъектілері (өтініш берушілер) ұсынған, заңсыз шешім қабылдауға әкеп соқтырған анық емес ақпарат негізінде қабылданған;

      3) келісімдерге қатысушылардың монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Кодекстің 196-бабының талаптарына сай келеді деп таныған келісімде көзделген шарттарды, талаптарды және міндеттемелерді орындамаған;

      4) келісімді іске асыру бәсекелестікті шектеуге әкеп соққан;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде Кодекстің 169-бабында көзделген келісімді жасасуға жол бермеу шарттары өзгерген жағдайда қайта қарайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелері:

      1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;

      2) шешімді өзгертеді;

      3) шешімнің күшін жояды;

      4) жаңа шешім қабылдайды.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, нарық субъектілері (өтініш берушілер) қосымша ақпараттар мен құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті шешімді қайта қарау үшін жүгіне немесе монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшесі қабылдаған келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні туралы шешімге сотқа дау айта алады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Өтінішті қарауды тоқтату және шешімнің күшін жою шарттары

      18. Өтінішті қарау:

      1) нарық субъектілерінен (өтініш берушілерден) өтінішті кері қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;

      2) нарық субъектілері (өтініш берушілер) ақпаратты монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелері айқындаған мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішті қарауға кедергі келтірген;

      3) нарық субъектілері (өтініш берушілер) өтінішті объективті түрде қарауға ықпал ететін анық емес ақпарат берген жағдайларда, тоқтатылуы тиіс.

      Монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімі туралы нарық субъектілеріне (өтініш берушілерге) мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Өтінішті қарау тоқтатылғаннан кейін нарық субъектілері (өтініш берушілер) монополияға қарсы органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімі негізінде келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы келісім жасасқан нарық субъектілері монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы шешімнің күшін жою туралы қабылдаған шешімін (бұдан әрі – күшін жою туралы шешім) алған кезден бастап мұндай келісімдерді тоқтатады.

      Күшін жою туралы шешім орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектілерін (өтініш берушілерді) монополияға қарсы органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің аталған шешімін орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 08.07.2026 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады