Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 16340 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз

      "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 82 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

      №___

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынған күні ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

(қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органның атауы)

№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Алушының банктік деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмір, жеке сәйкестендіру коды (алушының ағымдағы/жеке банк шоты бар болса, шот нөмірін көрсету))

Сомасы

1

2

3

4

5











      Басшы:______ _______________________________________________________
            (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Қаржы қызметінің басшысы: ______ ______________________________________
                              (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас бухгалтер: ______ __________________________________________________
                  (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 82 бұйрығына
2-қосымша

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысының 15-тармағының 261)-тармақшасына сәйкес әзірленді және өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Орталықтандырылған тізілімді ұсыну тәртібі

      2. Тізілімді өтемақыны төлеу туралы шешімге сәйкес қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      3. Тізілім өтемақы алушылардың мынадай мәліметтерін қамтиды:

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) алушының жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) алушының банктік деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру коды, алушының ағымдағы/жеке банк шотыбар болса, шот нөмірін көрсету);

      4) өтемақы сомасы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына (бұдан әрі - Қор) түсетін түсімдерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептейді. Қордың қаражаты Заңмен көзделген мақсатқа пайдалануға жүзеге асырылады.

      5. Орталықтандырылған тізілімді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдары ай сайын тұлғаны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы шыққан айдан кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ұсынады.

      6. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тізілімі негізінде төлем тапсырысын қалыптастырады.

      Қордан өтемақыны төлеу алушылардың банктік шотына жүзеге асырылады.

      7. Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражат болған кезде өтемақыны төлеуді орталықтандырылған тізілім негізінде қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдардың өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсынған күннен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізіледі.

      8. Қордың ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, өтемақыны төлеуді Қор қаражатының толықтырылуына қарай тізілімдердің түсу кезектігі тәртібімен бюджетті атқару жөніндегі атқарушы орган жүзеге асырады.

      9. Тізілімнің деректері бойынша Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан артық (қате) төленген сома болған жағдайда қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар оларды қайтару бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      10. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдарды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімдері бойынша жүргізілген төлемдер туралы хабарлама жіберу арқылы тізілімнің орындалғаны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Өтемақы алушылардың деректерің тізілімде жаңылыс көрсетуіне байланысты төлемдерді қайтарған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қайтару себебі туралы қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдарға хабардар етеді.

      Қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар жаңылыс көрсеткен деректерді түзетеді және өтемақы алушыларды, олар бойынша төлемдерді қайтару өткізілген келесі тізілімге қосады.

      12. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өтемақы алушылардың
орталықтандырылған тізілімін
ұсыну қағидаларына қосымша
Нысан

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімдері бойынша жүргізілген төлемдер туралы хабарлама

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 02.07.2026 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынған күні _______________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдардың атауы)

№

Тізілім

Төлем тапсырмасы

Төлем жүргізілген күні

Нөмері

Күні

Алушы

Сомасы

Нөмірі

Күні

Сомасы

А

1

2

3

4

5

6

7

8





































      Жәбірленушілерге өтемақы қорынан төлемдерді жүзеге асыратын бюджетті

      атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің

      басшысы:

      _________ ___________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас есепші:

      _________ ___________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Орындаушы:

      _________ ___________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады