"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына және 169-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10477 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 357 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 6) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13784 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген |
Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 167-бабының 11) тармақшасына және 169-бабына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе)
аумақтық орган – астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың әділет бөлімшелері;
жоспарлы бақылау – жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
жоспардан тыс бақылау – жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен кезде не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметін, атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, Жеке сот орындаушыларының республикалық және өңірлік палаталары жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда бақылауды жүргізуге келісім бойынша басқа тиісті уәкілетті мамандар тартылады.
3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау ақпараттық жүйе арқылы және атқарушылық іс жүргізу материалдарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 27.09.2024 № 815 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттері:
атқарушылық құжаттарды жеке орындау саласында атқарушылық әрекеттердің заңдылығын қамтамасыз ету;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының мүліктік және мүліктік емес құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын, қалпына келуін қамтамасыз ету;
жеке сот орындаушыларының құқық қолдану тәжірибесінде бірізділікті қамтамасыз ету;
атқарушылық іс жүргізу саласында жеке сот орындаушыларының бұзушылықтарының алдын алу және ескерту болып табылады.
5. Бақылауды жүзеге асыру қағидаттары:
заңдылық;
обьективтілік;
алаламаушылық;
кәсіби этиканы сақтау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының, жеке сот орындаушысының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
6. Жеке сот орындаушысын бақылауды өткізу мерзімі он жұмыс күннен аспайтын уақытты құрайды.
Бақылауды жүргізу жеке сот орындаушысының уақытша жұмысқа қабілетсіздігі мерзімінде уақытша тоқтатылады.
Жеке сот орындаушысы еңбек демалысында болған кезде немесе басқа себептермен болмаған жағдайда бақылауды өткізу мерзімі ауыстырылады.
Бақылауды белгілейтін уәкілетті лауазымды тұлға жеке сот орындаушысына бақылауды жүргізу мерзімін ұзартуды, тоқтата тұруды және ауыстыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.10.2021 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жеке сот орындаушысының қызметіне бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері, жеке сот орындаушысын бақылау нәтижелері туралы ұсыну не қорытынды және басқа құжаттар жеке сот орындаушысына тапсырылады немесе оған цифрлық жүйе арқылы, хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе жеткізілгендігін тіркеуді қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарын қолданумен жеткізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды жүргізу тәртібі
8. Жоспарлы бақылау жеке сот орындаушысына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағаннан кейін алты айдан ерте емес және біржылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Әрі қарай жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет өткізіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп цифрлық жүйе арқылы осы кезеңнің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей кезекті үш жылдық кезеңге жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесін (бұдан әрі – Кесте) қалыптастырады және бекітеді.
Кестеде оларға қатысты жоспарлы бақылау жүргізілетін жеке сот орындаушыларын көрсете отырып, оны жылдар мен тоқсандар бойынша жүргізу мерзімдері қамтылады.
Аумақтық әділет органы уәкілетті органға жеке сот орындаушыларын бекітілген кестесін ол бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей цифрлық жүйе арқылы жолдайды.
Қажет болған кезде кестеге өзгерістер жылына бір реттен асырмай, тиісті жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей енгізіледі.
Кестеге өзге мерзімдерде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мынадай мәліметтер ескеріледі:
1) жеке сот орындаушыларының кесте бекітілгеннен не оған алдыңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін есептік тіркелуі туралы;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы;
3) атқарушылық округтің өзгерісі туралы;
4) жоспарлы бақылау жүргізу кезеңін айқындауға әсер ететін өзге де мән-жайлар туралы.
Уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кесте олар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Кестеге әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап алты айдан аса уақыт қызметін жүзеге асырған барлық жеке сот орындаушылары, сондай-ақ уәкілетті органның шешімімен кестені қалыптастыру күніне лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жеке сот орындаушылары енгізілуі тиіс.
Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жеке сот орындаушыларына қатысты жоспарлы бақылау лицензиясының қолданысы жаңартылғаннан кейін олар алты айдан аса уақыт қызметін жүзеге асырған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жеке сот орындаушысын жоспарлы бақылау жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесінің негізінде аумақтық әділет органның уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.
12. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды аумақтық әділет органының бір немесе бірнеше қызметкері жүргізеді.
Уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша қажет болған жағдайларда жоспарлы бақылау жүргізуге уәкілетті органның бір немесе бірнеше қызметкері тартылады.
Жоспарлы бақылау жүргізуге тағайындалған қызметкердің одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туындаған жағдайда, жоспарлы бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа осы қызметкерді құрамнан шығару не оны басқа қызметкермен ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
Егер жоспарлы бақылауды тағайындалған қызметкерлердің кемінде біреуі жалғастыратын болса, қызметкерді басқа қызметкермен ауыстырмай құрамнан шығаруға жол беріледі.
Жоспарлы бақылауды жүргізетін адамдар құрамының өзгеруі жоспарлы бақылау жүргізу мерзімін өзгертуге және бұрын жүргізілген бақылау әрекеттерін қайта жүргізуге негіз болып табылмайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы атқарушылық іс жүргізуді цифрлық жүйе арқылы зерделеу және тексеру болып табылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 10.04.2026 № 339 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.3-тарау. Жеке сот орындаушыларын жоспардан тыс бақылауды жүргізу тәртібі
14. Жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау оған қатысты шағымдар, өтініштер не атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпарат түскен кезде жүргізіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.05.2021 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат уәкілетті органға немесе аумақтық әділет органына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат тіркелген уақыттан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті тағайындалады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 22.06.2026 № 588 бұйрығымен (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).16. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат Жеке сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау жеке сот орындаушыларының тиісті палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат тіркелген уақыттан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындалады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 22.06.2026 № 588 бұйрығымен (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).17. Тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін аумақтық органның бір немесе бірнеше қызметкері, қажет болған жағдайда уәкілетті органның бір немесе бірнеше қызметкерлерінің қатысуымен тағайындалады.
Республикалық немесе өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жеке сот орындаушылары палатасының бір немесе бірнеше қызметкері тағайындалады.
Жоспардан тыс бақылау жүргізуге тағайындалған қызметкердің одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туындаған жағдайда, жоспардан тыс бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа осы қызметкерді құрамнан шығару не оны тиісті әділет органның немесе палатаның басқа қызметкерімен ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
Егер жоспардан тыс бақылауды тағайындалған қызметкерлердің кемінде біреуі жалғастыратын болса, қызметкерді басқа қызметкермен ауыстырмай құрамнан шығаруға жол беріледі.
Жоспардан тыс бақылауды жүргізетін адамдар құрамының өзгеруі жоспардан тыс бақылау жүргізу мерзімін өзгертуге және бұрын жүргізілген бақылау әрекеттерін қайта жүргізуге негіз болып табылмайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Жоспардан тыс бақылаудың мәні келіп түскен шағымның, өтініштің, хабардың және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпараттың шеңберінде атқарушылық іс жүргізу материалдарын және жеке сот орындаушысының әрекеттерін зерделеу және тексеру болып табылады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізілмейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.10.2021 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Жеке сот орындаушыларының бақылау қорытындылары
19. Жеке сот орындаушыларына бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін жеке сот орындаушысына жүргізілген бақылау нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жасалады және бақылау жүргізген тұлға(-лар) қол қояды. Қорытындыға осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Қорытынды кіріспе, сипаттау-уәждеу және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Қорытындының кіріспе бөлімінде бақылау түрі, бақылауды жүзеге асырған тұлға(-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және бақылауға жататын жеке сот орындаушысы туралы мәліметтер, бақылау жүргізу мерзімдері, жеке сот орындаушысына бақылау жүргізуді тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Қорытындының сипаттау-уәждеу бөлімінде жеке сот орындаушысының қызметі және атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтер, оның ішінде атқарушылық әрекеттер хронологиялық тәртіппен көрсетіледі.
Қорытынды бөлімінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың бар немесе жоқ екендігі туралы тұжырымдар көрсетіледі.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда, бұл факт қорытындыда көрсетіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде:
1) аумақтық орган жеке сот орындаушысына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына не Республикалық палатаға анықталған заңдылықты бұзушылықтырды жою туралы ұсынуды (бұдан әрі – Ұсыну) қорытындымен бірге енгізеді.
Ұсыну онда көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдана отырып, аумақтық орган белгілеген, бірақ оны алған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуы тиіс.
Ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы жеке сот орындаушысы аумақтық органға берілген мерзім аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде заңдылықты бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарлайды;
2) Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қорытынды бөлігінде жоспардан тыс бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды баяндайды.
Қорытынды онда көрсетілген заңдылық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдана отырып, бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Қорытындыны қарау нәтижелері және онда көрсетілген бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жеке сот орындаушысы қорытындыда берілген мерзім аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Республикалық палатаға не аумақтылығы бойынша өңірлік палатаға ұсынады.
Егер анықталған бұзушылықтар жойылуға жатпаса, жеке сот орындаушысына оларды жою үшін мерзім берілмейді, бұл туралы ұсынуда немесе қорытындыда көрсетіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын цифрлық жүйе арқылы да, атқарушылық іс жүргізу материалдары бойынша да салыстырады.
Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 09.06.2025 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Қорытындыға мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде шағымдардың көшірмесі;
2) жеке сот орындаушысының кызметіне жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылауды жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) жеке сот орындаушысының түсініктемесінің көшірмесі (бар болса) немесе түсініктеме беруден бас тарту туралы актінің көшірмесі;
4) атқарушылық іс жүргізу материалдарының көшірмесі (бар болса) немесе оны ұсынудан бас тарту туралы актінің көшірмесі;
5) жеке сот орындаушысының оның қызметіне жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы бұйрықпен және жеке сот орындаушысының қызметіне жүргізілген бақылау нәтижелері туралы қорытындымен танысқанын растайтын құжаттардың көшірмесі.
Ұсыну енгізілген кезде барлық құжаттарымен бірге қорытындының көшірмесі қоса беріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғаны туралы тұжырымдарды қамтитын қорытындыны осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген салыстыру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтылығы бойынша Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының тәртіптік комиссиясының қарауына жолдайды.
Аумақтық орган осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жеке сот орындаушысы ұсынуды қарамай қалдырғанда не онда көрсетілген бұзушылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдамағанда, сол сияқты ұсынуға берілетін жауапты уақтылы ұсынбағанда, Заңның 143-бабына сәйкес уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізеді.
Заңның 143, 144-баптарында көзделген өзге де негіздер болған кезде аумақтық орган, Республикалық палата не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не лицензиясынан айыру туралы ұсыныс енгізеді.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не лицензиясынан айыру туралы ұсынысқа осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Тәртіптік комиссияға немесе уәкілетті органға ұсынылған материалдар толық емес, жеткіліксіз немесе негізсіз болған жағдайда, материалдар қайтарылады. Материалдардың қайтарылуы оларды қайта жолдауға кедергі болып табылмайды.
24. Аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жеке сот орындаушыларын жоспарлы/жоспардан тыс бақылау қорытындылары туралы тоқсан сайынғы есеп жасайды, ол уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатаға есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-на осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолданады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 11 тамыздағы № 781 бұйрығына қосымша |
|
| Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________
(өңір) 20__ – 20__ жылдарға арналған
№ | Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Аумақтық әділет органында есептік тіркелген күні | Алдыңғы жоспарлы бақылаудың аяқталған күні | Жоспарлы бақылау жүргізілетін жыл және тоқсан | Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу не жоспарлы бақылауды жүргізбеу туралы мәліметтер (күні және негізі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
20__жылдың____тоқсанына_______________________Әділет департаментінің / жеке сот (өңір) орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларын жоспарлы / жоспардан тыс бақылау қорытындысы бойынша есеп
№ | Жеке сот орындаушыларын тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | Бақылау негізі | Бақылау мерзімі (өткізу күні) | Бақылау қорытындылары (бұйрықтың № және күні, қорытындының күні, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар) | Қабылданған шаралар (жауапкершілік, бұйрықтың № және күні, бұзушылықтарды жою, ұсынымдарды орындау) |
1 | |||||
... |
Әділет департаментінің/өңірлік палатаның басшысы
_______ _________________________________
(қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
20___ жыл "__" _________
