Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________Д. Абаев
2018 жылғы "_____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ж. Қасымбек
2018 жылғы "_____" __________
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығымен бекітілген |
Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған цифрлық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 20.03.2026 № 129-н/қ (11.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Құзыретті орган ББМЖ-ны пайдалана отырып қатысушыларға хабарламаларды жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Хабарламалар қатысушыларға электрондық құжат нысанында жіберіледі және хабарлама жіберілген қатысушы туралы мәліметтерді, хабарлама жіберу үшін негіздемені, оның мазмұнын, жіберуші туралы ақпаратты және оның электрондық цифрлық қолтаңбасын қамтиды.
5. Электрондық құжат нысанындағы хабарламалар ББМЖ-да тіркелу рәсімінен өткен қатысушыларға жолданады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қатысушылар ББМЖ-ға тіркелу арқылы хабарламаларды алуға келісім білдіреді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қатысушылар хабарлама бойынша қосымша түсіндірулер алу үшін жеке кабинетті пайдаланады.
