Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2) алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
3) Киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық жүйелердің иелері мен иеленушілеріне, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарына, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілерінің иелері мен иеленушілеріне қатысты киберқауіпсіздік бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы, осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 10.09.2026 № 550/НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 11.09.2026 № 145 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жұмағалиев |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Ақпараттың қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 10.09.2026 № 550/НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 11.09.2026 № 145 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Киберқауіпсіздік бөлігінде ету цифрландыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы, 141-бабының 5 және 6 тармақтарына (бұдан әрі – Кодекс), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31148 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген тексеру парағының нысанына сәйкес әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) елеулі бұзушылық – цифрлық ресурстарда, цифрлық жүйелерде және басқа да цифрландыру объектілері үшін қызмет көрсетуді елеулі шектеуге, жағдайдың елеулі нашарлауына немесе елеулі теріс салдарға әкеп соқтырған немесе әкеп соғуы мүмкін киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы, қызмет көрсету саласында екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы, цифрландыру саласында киберқауіпсіздік бөлігінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау;
2) елеусіз бұзушылық – электрондық цифрлық ресурстарға, цифрлық жүйелерге және басқа да цифрландыру объектілеріне әсер етпейтін елеусіз оқиғаларға әкеп соққан немесе әкелуі мүмкін киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау, киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласында бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы;
3) Киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері – квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық жүйелердің иелері мен иеленушілері, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілерінің иелері мен иеленушілері;
4) өрескел бұзушылық – цифрлық ресурстар, цифрлық жүйелер және басқа да цифрлық объектілер үшін елеулі теріс салдарға әкеп соққан немесе қызмет көрсету мүмкін болмауына әкеп соғуы мүмкін киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау, уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау;
5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
6) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
7) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты, субъектіден (объектіден) тікелей байланыссыз, бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
4. Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді: осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес жоғары, орташа, төмен.
5. Тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге аса маңызды цифрлық объектілерінің иелері мен иеленушілері жатады.
Тәуекел дәрежесі орташа субъектілерге квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық жүйелердің иелері мен иеленушілері жатады.
Тәуекел дәрежесі төмен субъектілерге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары жатады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
6. Субъективті өлшемшарттар тексеру парақтарында санамаланған талаптардың (бұдан әрі – талаптар) негізінде әзірленеді, онда талаптардың сақталмауы бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді. Тексеру парақтарының әрбір талаптарына қатысты бұзушылық дәрежесі – осы өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
7. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
9. Тәуекелдер дәрежесін субъективті өлшемшарттар бойынша бағалау үшін ақпараттың мынадай дереккөздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау және тексеру нәтижелері.
10. Әрбір ақпараттық дереккөз бойынша тәуекел дәрежесі мынадай жолмен айқындалады.
Өрескел дәреженің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі және бұл ішінара тәртіппен тексеру жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
Егер талаптардың өрескел дәрежесінің бұзушылығы анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежелері талаптарының бұзушылығы бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі дәреженің бұзушылық көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептеледі:
SР3 = (SР2 х 100/ SР1) х 0,7, мұндағы:
SР3 - елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 - анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРH = (SР2 х 100/ SР1) х 0,3, мұндағы:
SРH - елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 - елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 - анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SР3+ SРH мұндағы:
SР - тәуекел дәрежесінің ортақ көрсеткіші;
SР3 - елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРH - елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) жатқызылады:
жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 71-ден 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;
жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесі 0-ден 71-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі жарты жылда бір реттен артық болмау керек.
12. Субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
13. Субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіштерімен бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдылығын есепке ала отырып жасалады.
| Киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық дәрежесі келесі талаптарды орындамау кезінде анықталады) | ||
1. | Спутниктік (ғарыштық) байланыс арналарын пайдаланатын ауылдық елді мекендердің орта білім беру объектілерін және екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін, жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі-ЖАО), мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілерінің иелерін байланыс операторларының Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосуын жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау | Елеулі |
2. | Аса маңызды цифрлық объектілері иеленушілерінің Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабардар етуі бойынша талаптарды сақтау | Өрескел |
3. |
Қаражатты қолдану жөніндегі талаптарды сақтау: | Елеулі |
4. | Сыныптауышқа сәйкес "цифрлық үкіметтің" бірінші және екінші сыныптағы цифрлық объектілерін пайдалану кезінде Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғау және цифрлық объектілерді қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі жүйесіне қосылу бойынша талаптарды сақтау | Елеулі |
5. | Сыртқы контурдың жергілікті желілерінен интернетке қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде интернет желісіне қосылған жұмыс станцияларында вирусқа қарсы құралдардың, операциялық жүйелердің жаңартуларының болуы бойынша талаптарды сақтау | Елеулі |
6. | Цифрлық объектілерді құру, сүйемелдеу және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын киберқауіпсіздік бөлімшесінің болуы немесе сертификат бере отырып, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кемінде үш жылда бір рет сертификат бере отырып мамандандырылған курстардан өтуге жауапты лауазымды адамды айқындау бойынша талаптарды сақтау. | Өрескел |
7. |
Мемлекеттік органдар (бұдан әрі – МО), ЖАО немесе ұйым өз қызметінде басшылыққа алатын құжатталған қағидалардың, рәсімдердің, практикалық тәсілдердің немесе басшылық қағидаттардың төрт деңгейлі жүйесі түрінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың (бұдан әрі – ТҚ) болуы және оған сәйкестігі бойынша талаптарды сақтау киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ТҚ қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді, МО-ның, ЖАО-ның немесе ұйымның құқықтық актісімен бекітіледі және МО, ЖАО барлық қызметшілерінің немесе ұйым қызметкерлерінің назарына жеткізіледі. | Өрескел |
8. | Көп факторлы аутентификацияны қолдану бойынша сыныптауышқа сәйкес, оның ішінде цифрлық сертификаттар пайдалана отырып, бірінші және екінші сыныптардың цифрлық объектілерге қол жеткізу кезінде талаптарды сақтау | Елеулі |
9. | Лауазымдық нұсқаулықтарға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттерді енгізу жөніндегі талаптарды және МО, ЖАО немесе ұйым қызметшілерінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ТҚ талаптарын орындау бойынша міндеттемелерін сақтау | Елеулі |
10. |
АКҚҚ пайдалану бойынша талаптарды сақтау: | Өрескел |
11. | "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектісінің меншік иесі немесе иегері, сондай-ақ "цифрлық үкімет" операторы "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде қамтылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды (бұдан әрі-ЦР) сақтау бойынша талаптарды сақтау | Өрескел |
12. |
Мазмұнды (контентті) басқару жүйелерін қолдану бойынша ЦР киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін талаптарды сақтау: | Өрескел |
13. | Домендік аттың төлнұсқалылығын тексеру және ЦР киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, байланыс сеансындағы ақпаратты криптографиялық қорғау үшін тіркеу куәліктерін қолдану бойынша талапты сақтау | Елеулі |
14. |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде сәйкестендіруді басқару бойынша талаптарды сақтау: | Елеулі |
15. |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде киберқауіпсіздіктің оқиғаларына аудит жүргізу бойынша талаптарды сақтау: | Елеулі |
16. |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде киберқауіпсіздік оқиғаларын тіркеу талаптарын сақтау: | Елеулі |
17. |
Желілік және жүйелік әкімшілендіру рәсімдерін орындау бойынша талаптарды сақтау: | Елеулі |
18. | Резервтік көшіру жүйесімен деректерді сақтау жүйесін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау | Елеулі |
19. | Жергілікті желілерді біріктіретін бөлінген байланыс арнасын ұйымдастыру кезінде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын, оның ішінде криптографиялық шифрлауды АКҚҚ пайдалана отырып қолдану жөніндегі талаптарды сақтау | Елеулі |
20. | Шетелде орналасқан немесе экрандалған ішкі желіні қолдана отырып ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының мекемелері үшін АКҚҚ пайдалана отырып ұйымдастырылған байланыс арналарын қоспағанда, ішкі контурдың жергілікті желісі (бұдан әрі- ЖЖ) және сыртқы контурдың ЖЖ бір-бірімен ұштасуын болдырмау жөніндегі талаптарды сақтау | Өрескел |
21. | Ведомстволық электрондық поштаны, жедел хабарламалар қызметін және өзге де сервистерді МО, ЖАО қызметшілерінің және мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілер иелерінің: олар қызметтік міндеттерін атқарған кезде электрондық нысандағы жедел ақпарат алмасуды (қызметтік хат алмасуды) жүзеге асыру үшін, егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасқан электрондық поштаны, жедел хабар алмасу қызметін және өзге де сервистерді, басқару орталықтары мен серверлерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауы | Елеулі |
22. | Жергілікті желілердің белсенді жабдықтары үшін үздіксіз электрмен жабдықтаудың болуы бойынша талаптарды сақтау | Елеулі |
23. | Жергілікті желінің кабельдік жүйесінің пайдаланылмайтын порттарын белсенді жабдықтан физикалық ажырату бойынша талапты сақтау | Елеусіз |
24. | Желіаралық экрандауды пайдалану бойынша талаптарды сақтау | Елеулі |
25. |
Серверлік үй-жай бойынша келісі талаптарды сақтау: | Өрескел |
26. |
Кростық үй-жай бойынша келесі талаптарды сақтау: | Өрескел |
27. | Цифрлық объектілерді тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде құралдар мен жүйелерді пайдалану талаптарын сақтау: оқиғаларды және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын мониторингілеу және басқару; цифрлық инфрақұрылым; басып кірудің алдын алу және анықтау. | Елеулі |
28. | Киберқауіпсіздік жеке жедел орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету немесе үшінші тұлғалардан киберқауіпсіздіктің жедел орталығының қызметтерін сатып алу жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы. | Өрескел |
29. |
Тіркелген. KZ және (немесе). ҚАЗ домендік атауы бар интернет-ресурсты Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастыру жөніндегі талапты сақтау. | Елеулі |
30. | МО, ЖАО және ұйымдар сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінен елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу жөніндегі талаптарды сақтау. | Елеусіз |
31. |
МО-да, ЖАО-да немесе ұйымда киберқауіпсіздіктің бұзылу оқиғаларын бақылау мақсатында талаптарды сақтау: | Елеулі |
32. | ЦР, ЦЖ, цифрлық инфрақұрылымның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөгде ұйымдарды тартқан жағдайда олардың иесі немесе иеленушісі аталған объектілермен жұмыс істеу, оларға қол жеткізу немесе пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленетін келісімдерінің болуы жөніндегі талапты сақтау | Өрескел |
33. | Ұйым қызметкерінің еңбек шартының талаптарына өзгерістер енгізу, МО, ЖАО қызметшісін ротациялау немесе Мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету, оларды жұмыстан шығару кезінде физикалық және логикалық қолжетімділікті, қол жеткізу, жазылу сәйкестендіргіштерін, оны МО, ЖАО жұмыс істейтін қызметшісі немесе ұйым жұмыскері ретінде сәйкестендіретін құжаттаманы қамтитын ақпаратқа және ақпаратты өңдеу құралдарына қол жеткізу құқықтарын сақтау, жойылады. | Өрескел |
34. | Кадр қызметімен МО, ЖАО қызметшілерін немесе ұйым жұмыскерлерін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуын ұйымдастыру және электрондық сертификат беріле отырып, жеке іс материалдарында сақталу есебін жүргізу талаптарын сақтау | Елеусіз |
35. | Киберқауіпсіздік оқиғалары мониторингін және оқиғалар журналын талдау нәтижелері бойынша құпиялылығы, қолжетімділігі мен тұтастығы үшін өте қатерлі болып сәйкестендірілген қиберқаурсіздік оқиғаларын мемлекеттік техникалық қызметтің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінде тіркеу талаптарын сақтау | Елеулі |
36. | Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін аса маңызды цифрлық объектілерінің иелеріне жылына кемінде бір рет киберқауіпсіздік аудитін жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау. | Елеулі |
37. | Сервистік бағдарламалық өнімді өнеркәсіптік пайдалану кезінде киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтардың оң нәтижелері бар актінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау. | Елеулі |
38. | Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын қолданбалы БҚ пайдаланушы интерфейсін пайдаланушының тіл интерфейсін таңдау мүмкіндігімен, деректерді қазақ, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде енгізуді, өңдеу мен шығаруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау | Елеусіз |
39. |
МО, ЖАО немесе ұйым: | Елеусіз |
40. | Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын қолданбалы БҚ қазақ және орыс тілдерінде пайдалану жөніндегі техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету талаптарын сақтау | Елеусіз |
41. | Ендірілген жүйелер серверінің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау: 1) резервтік желдеткіштерді, қуат көздерін, дискілерді және енгізу-шығару адаптерлерін қызу ауыстыру; 2) сыни оқиғалар туралы ескертулер; 3) сыни компоненттердің жай-күйін үздіксіз бақылауды қолдау және бақыланатын көрсеткіштерді өлшеу | Елеулі |
42. | Құпия ЦЖ-да, құпия ЦР-да және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын ЦР-да пайдаланылатын ақпаратты тасығыштарды пайдаланудан шығарған кезде ақпаратты кепілдікті жоюдың бағдарламалық және аппараттық қамтылымы қолдану жөніндегі талапты сақтау | Елеулі |
43. | Жергілікті желінің құжат жүзіндегі схемасы болуы және оны пайдаланған кезде өзектілендірілген күйде ұсталу талабының сақталуы | Елеусіз |
44. |
МО, ЖАО цифрлық объектілерін және аса маңызды цифрлық объектілерін қорғау үшін деректердің тарап кетуін болғызбау жүйелері (DLP) қолдану жөніндегі талаптарды сақтау. | Елеусіз |
45. | МО-ның және ЖАО-ның ЦЖ-сын, оның ішінде МО-ның немесе ЖАО-ның тәжірибелік пайдалануға енгізілген ЦЖ-сымен интеграциялау талаптарын сақтау. | Елеулі |
46. | "Цифрлық үкіметтің" операторы ұйымдастырған АКҚҚ пайдаланылатын мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының (бұдан әрі - МО БКО) сымсыз байланыс арналарын қоспағанда, МО БКО-ға, ЦС-нің жергілікті желісіне, сондай-ақ МО БКО, ЦС-нің жергілікті желісінің құрамына кіретін техникалық құралдарға сымсыз желілер арқылы қашықтан қол жеткізуді, сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған құралдарды, модемдерді, радиомодемдерді, ұялы байланыс операторларының желілік модемдерін, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын және басқа да сымсыз желілік құрылғыларды қосуға жол берілмеу бойынша талаптарды сақтау | Өрескел |
47. | "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беруді оның меншік иесі немесе иеленушісі мемлекеттік техникалық қызмет берген "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды пайдалана отырып қана жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау. | Елеулі |
48. | Цифрлық субъектінің ішкі шеңберінің ЖЖ Интернетке қосуға жол берілмеу бойынша талаптарды сақтау | Өрескел |
49. | Интернет-ресурс иесі және (немесе) иеленушісі пайдаланушының кескін тілін таңдау мүмкіндігімен қазақ, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде көпшілікке қолжетімді Интернет-ресурстарды құруды қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау | Елеусіз |
50. | Тәжірибелік пайдалану оң аяқталған, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтардың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары болған, цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың, мүдделі МО-ның, ЖАО-ның және ұйымдардың өкілдері қатысатын қабылдау комиссиясы ЦЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы актіге қол қойған жағдайда МО-ның, ЖАО-ның және ұйымдардың ЦЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру жөніндегі талаптарды сақтау | Елеулі |
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық жүйелердің иелері мен иеленушілеріне, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарына, сонымен қатар аса маңызды цифрлық объектілерінің иелері мен иеленушілеріне қатысты киберқауіпсіздік бөлігінде цифрландыру саласындағы тексеру парағы
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 10.09.2026 № 550/НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 11.09.2026 № 145 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
__________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт______________________________________
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Спутниктік (ғарыштық) байланыс арналарын пайдаланатын ауылдық елді мекендердің орта білім беру объектілерін және екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін, жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі-ЖАО), мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілерінің иелерін байланыс операторларының Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы Интернетке қосуын жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау | ||
2 | Аса маңызды цифрлық объектілері иеленушілерінің Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабардар етуі бойынша талаптарды сақтау | ||
3 |
Қаражатты қолдану жөніндегі талаптарды сақтау: | ||
4 | Сыныптауышқа сәйкес "цифрлық үкіметтің" бірінші және екінші сыныптағы цифрлық объектілерін пайдалану кезінде Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғау және цифрлық объектілерді қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі жүйесіне қосылу бойынша талаптарды сақтау | ||
5 | Сыртқы контурдың жергілікті желілерінен интернетке қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде интернет желісіне қосылған жұмыс станцияларында вирусқа қарсы құралдардың, операциялық жүйелердің жаңартуларының болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
6 | Цифрлық объектілерді құру, сүйемелдеу және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын киберқауіпсіздік бөлімшесінің болуы немесе сертификат бере отырып, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кемінде үш жылда бір рет сертификат бере отырып мамандандырылған курстардан өтуге жауапты лауазымды адамды айқындау бойынша талаптарды сақтау. | ||
7 |
Мемлекеттік органдар (бұдан әрі – МО), ЖАО немесе ұйым өз қызметінде басшылыққа алатын құжатталған қағидалардың, рәсімдердің, практикалық тәсілдердің немесе басшылық қағидаттардың төрт деңгейлі жүйесі түрінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың (бұдан әрі – ТҚ) болуы және оған сәйкестігі бойынша талаптарды сақтау киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ТҚ қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді, МО-ның, ЖАО-ның немесе ұйымның құқықтық актісімен бекітіледі және МО, ЖАО барлық қызметшілерінің немесе ұйым қызметкерлерінің назарына жеткізіледі. | ||
8 | Көп факторлы аутентификацияны қолдану бойынша сыныптауышқа сәйкес, оның ішінде цифрлық сертификаттар пайдалана отырып, бірінші және екінші сыныптардың цифрлық объектілерге қол жеткізу кезінде талаптарды сақтау | ||
9 | Лауазымдық нұсқаулықтарға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттерді енгізу жөніндегі талаптарды және МО, ЖАО немесе ұйым қызметшілерінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ТҚ талаптарын орындау бойынша міндеттемелерін сақтау | ||
10 |
АКҚҚ пайдалану бойынша талаптарды сақтау: | ||
11 | "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектісінің меншік иесі немесе иегері, сондай-ақ "цифрлық үкімет" операторы "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде қамтылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды (бұдан әрі-ЦР) сақтау бойынша талаптарды сақтау | ||
12 |
Мазмұнды (контентті) басқару жүйелерін қолдану бойынша ЦР киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін талаптарды сақтау: | ||
13 | Домендік аттың төлнұсқалылығын тексеру және ЦР киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, байланыс сеансындағы ақпаратты криптографиялық қорғау үшін тіркеу куәліктерін қолдану бойынша талапты сақтау | ||
14 |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде сәйкестендіруді басқару бойынша талаптарды сақтау: | ||
15 |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде киберқауіпсіздіктің оқиғаларына аудит жүргізу бойынша талаптарды сақтау: | ||
16 |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде киберқауіпсіздік оқиғаларын тіркеу талаптарын сақтау: | ||
17 |
Желілік және жүйелік әкімшілендіру рәсімдерін орындау бойынша талаптарды сақтау: | ||
18 | Резервтік көшіру жүйесімен деректерді сақтау жүйесін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау | ||
19 | Жергілікті желілерді біріктіретін бөлінген байланыс арнасын ұйымдастыру кезінде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын, оның ішінде криптографиялық шифрлауды АКҚҚ пайдалана отырып қолдану жөніндегі талаптарды сақтау | ||
20 | Шетелде орналасқан немесе экрандалған ішкі желіні қолдана отырып ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының мекемелері үшін АКҚҚ пайдалана отырып ұйымдастырылған байланыс арналарын қоспағанда, ішкі контурдың жергілікті желісі (бұдан әрі- ЖЖ) және сыртқы контурдың ЖЖ бір-бірімен ұштасуын болдырмау жөніндегі талаптарды сақтау | ||
21 | Ведомстволық электрондық поштаны, жедел хабарламалар қызметін және өзге де сервистерді МО, ЖАО қызметшілерінің және мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілер иелерінің: олар қызметтік міндеттерін атқарған кезде электрондық нысандағы жедел ақпарат алмасуды (қызметтік хат алмасуды) жүзеге асыру үшін, егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасқан электрондық поштаны, жедел хабар алмасу қызметін және өзге де сервистерді, басқару орталықтары мен серверлерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауы | ||
22 | Жергілікті желілердің белсенді жабдықтары үшін үздіксіз электрмен жабдықтаудың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
23 | Жергілікті желінің кабельдік жүйесінің пайдаланылмайтын порттарын белсенді жабдықтан физикалық ажырату бойынша талапты сақтау | ||
24 | Желіаралық экрандауды пайдалану бойынша талаптарды сақтау | ||
25 |
Серверлік үй-жай бойынша келісі талаптарды сақтау: | ||
26 |
Кростық үй-жай бойынша келесі талаптарды сақтау: | ||
27 | Цифрлық объектілерді тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде құралдар мен жүйелерді пайдалану талаптарын сақтау: оқиғаларды және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын мониторингілеу және басқару; цифрлық инфрақұрылым; басып кірудің алдын алу және анықтау. | ||
28 | Киберқауіпсіздік жеке жедел орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету немесе үшінші тұлғалардан киберқауіпсіздіктің жедел орталығының қызметтерін сатып алу жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы. | ||
29 |
Тіркелген. KZ және (немесе). ҚАЗ домендік атауы бар интернет-ресурсты Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастыру жөніндегі талапты сақтау. | ||
30 | МО, ЖАО және ұйымдар сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінен елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу жөніндегі талаптарды сақтау. | ||
31 |
МО-да, ЖАО-да немесе ұйымда киберқауіпсіздіктің бұзылу оқиғаларын бақылау мақсатында талаптарды сақтау: | ||
32 | ЦР, ЦЖ, цифрлық инфрақұрылымның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөгде ұйымдарды тартқан жағдайда олардың иесі немесе иеленушісі аталған объектілермен жұмыс істеу, оларға қол жеткізу немесе пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленетін келісімдерінің болуы жөніндегі талапты сақтау | ||
33 | Ұйым қызметкерінің еңбек шартының талаптарына өзгерістер енгізу, МО, ЖАО қызметшісін ротациялау немесе Мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету, оларды жұмыстан шығару кезінде физикалық және логикалық қолжетімділікті, қол жеткізу, жазылу сәйкестендіргіштерін, оны МО, ЖАО жұмыс істейтін қызметшісі немесе ұйым жұмыскері ретінде сәйкестендіретін құжаттаманы қамтитын ақпаратқа және ақпаратты өңдеу құралдарына қол жеткізу құқықтарын сақтау, жойылады. | ||
34 | Кадр қызметімен МО, ЖАО қызметшілерін немесе ұйым жұмыскерлерін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуын ұйымдастыру және электрондық сертификат беріле отырып, жеке іс материалдарында сақталу есебін жүргізу талаптарын сақтау | ||
35 | Киберқауіпсіздік оқиғалары мониторингін және оқиғалар журналын талдау нәтижелері бойынша құпиялылығы, қолжетімділігі мен тұтастығы үшін өте қатерлі болып сәйкестендірілген қиберқаурсіздік оқиғаларын мемлекеттік техникалық қызметтің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінде тіркеу талаптарын сақтау | ||
36 | Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін аса маңызды цифрлық объектілерінің иелеріне жылына кемінде бір рет киберқауіпсіздік аудитін жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау. | ||
37 | Сервистік бағдарламалық өнімді өнеркәсіптік пайдалану кезінде киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтардың оң нәтижелері бар актінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау. | ||
38 | Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын қолданбалы БҚ пайдаланушы интерфейсін пайдаланушының тіл интерфейсін таңдау мүмкіндігімен, деректерді қазақ, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде енгізуді, өңдеу мен шығаруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау | ||
39 |
МО, ЖАО немесе ұйым: | ||
40 | Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын қолданбалы БҚ қазақ және орыс тілдерінде пайдалану жөніндегі техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету талаптарын сақтау | ||
41 | Ендірілген жүйелер серверінің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау: 1) резервтік желдеткіштерді, қуат көздерін, дискілерді және енгізу-шығару адаптерлерін қызу ауыстыру; 2) сыни оқиғалар туралы ескертулер; 3) сыни компоненттердің жай-күйін үздіксіз бақылауды қолдау және бақыланатын көрсеткіштерді өлшеу | ||
42 | Құпия ЦЖ-да, құпия ЦР-да және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын ЦР-да пайдаланылатын ақпаратты тасығыштарды пайдаланудан шығарған кезде ақпаратты кепілдікті жоюдың бағдарламалық және аппараттық қамтылымы қолдану жөніндегі талапты сақтау | ||
43 | Жергілікті желінің құжат жүзіндегі схемасы болуы және оны пайдаланған кезде өзектілендірілген күйде ұсталу талабының сақталуы | ||
44 |
МО, ЖАО цифрлық объектілерін және аса маңызды цифрлық объектілерін қорғау үшін деректердің тарап кетуін болғызбау жүйелері (DLP) қолдану жөніндегі талаптарды сақтау. | ||
45 | МО-ның және ЖАО-ның ЦЖ-сын, оның ішінде МО-ның немесе ЖАО-ның тәжірибелік пайдалануға енгізілген ЦЖ-сымен интеграциялау талаптарын сақтау. | ||
46 | "цифрлық үкіметтің" операторы ұйымдастырған АКҚҚ пайдаланылатын мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының (бұдан әрі - МО БКО) сымсыз байланыс арналарын қоспағанда, МО БКО-ға, ЦС-нің жергілікті желісіне, сондай-ақ МО БКО, ЦС-нің жергілікті желісінің құрамына кіретін техникалық құралдарға сымсыз желілер арқылы қашықтан қол жеткізуді, сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған құралдарды, модемдерді, радиомодемдерді, ұялы байланыс операторларының желілік модемдерін, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын және басқа да сымсыз желілік құрылғыларды қосуға жол берілмеу бойынша талаптарды сақтау | ||
47 | "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беруді оның меншік иесі немесе иеленушісі мемлекеттік техникалық қызмет берген "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды пайдалана отырып қана жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау. | ||
48 | Цифрлық субъектінің ішкі шеңберінің ЖЖ Интернетке қосуға жол берілмеу бойынша талаптарды сақтау | ||
49 | Интернет-ресурс иесі және (немесе) иеленушісі пайдаланушының кескін тілін таңдау мүмкіндігімен қазақ, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде көпшілікке қолжетімді интернет-ресурстар құруды қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау | ||
50 | Тәжірибелік пайдалану оң аяқталған, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтардың оң нәтижелері бар сынақ хаттамалары болған, цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың, мүдделі МО-ның, ЖАО-ның және ұйымдардың өкілдері қатысатын қабылдау комиссиясы ЦЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы актіге қол қойған жағдайда МО-ның, ЖАО-ның және ұйымдардың ЦЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру жөніндегі талаптарды сақтау |
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________________________________
лауазымы қолы
_____________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)