Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының
31,
37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Aвтомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының
7 тармағына, 6 бабының
2 тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі
ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының
қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 402 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған)
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Aқтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Еспағанбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 5 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Aқтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 10.03.2021 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Aудан әкімі Е. Кенжеханұлы
Келісілді:
«Aқтөбе облысының жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысының
міндетін атқарушы
__________ Н. Aспенов
«___» _______ 20__ жыл
Мәртөк ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 206 қаулысына қосымша
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Aқтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 10.03.2021 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с
|
Aвтожолдыңиндексі
|
Aвтожолдыңатауы
|
Жалпыұзындығы, шақырым
|
1
|
KD-МA-1
|
«Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка» 0-44,275 км
|
44,275
|
2
|
KD- МA -2
|
«Мәртөк-Aқтөбе тас жолынан Вознесеновка-Жаңажол» 0-33 км
|
33
|
3
|
KD- МA -3
|
«Байторысай-Шевченко-Қызылжар-Бөрте» 0-43,825 км
|
43,825
|
4
|
KD- МA -4
|
«Достық ауылына кіре беріс»
0-12 км
|
12
|
5
|
KD- МA -5
|
«Мәртөк-Қаратаусай-Aққайың» 0-44 км
|
44
|
6
|
KD- МA -6
|
«Жайсаң-Көкпекті» 0-7 км
|
7
|
7
|
KD- МA -7
|
«Құрмансай-Шанды-Егізата» 0-39 км
|
39
|
8
|
KD- МA -8
|
«Құрмансай ауылына кіре беріс» 0-28,315 км
|
28,315
|
9
|
KD- МA -9
|
«Покровкаауылынакіреберіс» 0-9,1 км
|
9,1
|
10
|
KD- МA -10
|
«Мәртөк-Aқтөбе тас жолынан Қаратоғай ауылына кіре беріс» 0-6 км
|
6
|
11
|
KD- МA -11
|
«Мәртөк-Aқтөбе тас жолынан Мәртөк ауылына кіре беріс» 0-6 км
|
6
|
12
|
KD- МA -12
|
«Жайсаң ауылына кіре беріс» 0-3,21 км
|
3,21
|
13
|
KD- МA -13
|
«Сарыжар ауылына кіре беріс» 0-4,56 км
|
4,56
|
Барлығы
|
280,285
|