Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжат нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20450 болып тіркелді.

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.09.2026 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжат нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 406 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай бойы анықтау мүмкін болмауын растайтын құжат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.09.2026 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен (біз) ________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – ТАӘ), лауазымы)

      ______ сағат ______ минут 20__ жылғы "___" _________

      (құжатты жасау күні мен уақыты)

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жері бойынша мынадай мақсаттар үшін (тиісті жолды көрсетіңіз) бардым (бардық):

      1) борышкердің орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау; □

      2) борышкер құрылтайшысының (қатысушысының) орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау; □

      3) лауазымды адамның орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау. □

      ____________________________________________________________________

      (борышкердің ТАӘ, атауы)

      ____________________________________________________________________

      (борышкердің құрылтайшысының (қатысушысының) ТАӘ)

      ____________________________________________________________________

      (борышкердің ТАӘ), лауазымды адамының атауы)

      борышкердің жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН (БСН))

      ____________________________________________________________________

      құрылтайшының (қатысушының) ЖСН (БСН) ____________________________

      борышкердің лауазымды адамының ЖСН _______________________________

      Бару борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмауын растайтын құжатты жасау сәтінде тіркеу деректерінде көрсетілген _________________________________ мекенжай бойынша жүргізілді:

      Бару кезінде қатысу үшін тартылған куәгерлер

      1._______________________________________________________________

      (тартылған куәгердің ТАӘ, құжатының, жеке куәлігінің атауы және нөмірі,

      тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      2.______________________________________________________________

      (тартылған куәгердің ТАӘ, құжатының, жеке куәлігінің атауы

      және нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      Бару барысында расталды (тиісті ұяшықты көрсетіңіз):

      1) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болуы: борышкер □

      борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) □

      борышкердің лауазымды адамы □

      2) борышкердің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы:

      борышкер □

      борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) □

      борышкердің лауазымды адамы □

      Баруды жүргізген лауазымды адам:

      _____________________________ _____________ _________________

      мемлекеттік кірістер органы (қолы) ТАӘ

      жұмыскерінің лауазымы

      Куәгерлер:

      ________________________________ _____________

      (ТАӘ) (қолы)

      _________________________________ _____________

      (ТАӘ) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406
бұйрығына 2-қосымша

Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағаидалар) "Оңалту және банкроттық туралы1 Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.09.2026 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Банкроттық туралы іс қозғамай жоқ борышкерді тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну мақсатында Қағидалар аумақтық мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының (бұдан әрі - аумақтық органның лауазымды адамы) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тексеру құжатын жасау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген заңды тұлғаға қатысты салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу бойынша барлық шаралар мен әдістер қабылданған жағдайда, аумақтық органның лауазымды адамы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасында тіркеу деректерінде көрсетілген борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды тұлғаларының орналасқан жеріне баруды қамтамасыз етеді.

      Бұл адамдардың нақты белгілеу мүмкін еместігін анықталған кезде, алты айдан кейін екінші рет бару қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.09.2026 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүргізілген нәтижелері бойынша аумақтық органның лауазымды адамы осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіпте тартылған екі немесе одан да көп куәгерлердің қатысуымен осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - Құжат) толтырылады.

      5. Аумақтық органның лауазымды адамы мен борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрекеттерінің нәтижелеріне қызығушылық танытпайтын кәмелеттік жасқа толған және әрекетке қабiлеттi азамат борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды тұлғалары тұрған жерінде болуы немесе болмауы фактілерін растау үшін куәгер ретінде тартылады.

      Аумақтық органның лауазымды адамы, сондай-ақ жүргізілетін құрылтайшының (қатысушының) және борышкердің лауазымды тұлғасы өзіне қатысты іс-әрекеттер қолданып жатса куәгер ретінде қатыспайды.

      6. Егер сапар барысында куәгерлер ескертулер жасаған болса, онда мұндай ескертулер Құжатта тіркеледі.

      7. Құжатқа аумақтық органның лауазымды адамы және жүргізілген тексеруге барлық қатысушылар қол қояды.

      8. Тексеру Құжатын жасау кезінде орындалған фотографиялық суреттер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа материалдар (олар болған кезде) тексеру құжатына қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады