ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 27.08.2026 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.08.2020 № 436 (01.07.2020 ж. қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 27.08.2026 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) шеңберінде айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру олар арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі мемлекеттік цифрлық жүйе;
3) жолаушылар қозғалысындағы локомотив тарту операторы – жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылатын тарту көлігі құралына (локомотивке) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға (бұдан әрі – оператор);
4) тасымалдаушы – жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тарту көлігі құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрамға иелік ететін тұлға;
5) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ қазақстан республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 27.08.2026 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-бөлім. Оператор шығындарын ұзақмерзімді сусидиялау тәртібі
1-Параграф. Оператор шығындарын ұзақмерзімді сусидиялау көлемін анықтау
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілердің реестрінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 11540 тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларымен сәйкес субсидиялау қарастырылған кездерді қоспағанда орнатылған тарифтік шарттарға сәйкес әлеуметтік қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы қызметін көрсетумен байланысты оператордың нақты шығындары республикалық бюджеттен ұзақмерзімді субсидиялауға жатады.
3-1. Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші жүйе, онда Мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде айқындалатын базалық талаптарға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының сәйкестігі соңғы форматты-логикалық бақылау арқылы айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік цифрлық жүйе.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің 27.08.2026 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемі Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20468 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін анықтау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес анықталады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 27.08.2026 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Республикалық бюджеттік шығыстар бөліміне қосу үшін Оператор шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін есептеу әрбір жолаушылар поезды бойынша Әдістемеге сәйкес бюджеттік бағдарламаның администраторымен жүргізіледі.
7. Уәкілетті орган оператордың шығындарын ұзақмерзімді субсидиялауға Оператормен шарт жасайды (бұдан әрі - Шарт).
6. Субсидияланатын поездардың саны өзгерген кезде Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидиялар көлемін вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне барабар қайта қарауға, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгертуге жол беріледі.
2-Параграф. Субсидияны төлеу тәртібі
7. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - Қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.
Қаржыландыру жоспары Шартқа қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе Оператормен келісу бойынша уәкілетті органмен бекітіледі.
8. Субсидияларды төлеу ай сайын көрсетілген қызметтік көлемі бойынша және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген есептік құжаттармен расталған көлем бойынша жасалған Шартқа сәйкес жүргізіледі.
9. Шартқа сәйкес жылдық субсидиялау сомасынан 25%-ға дейінгі мөлшерде төлемақы көзделеді.
10. Нақты шығындарды растау үшін тасымалдаушы ай сайын есептіден кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға басшысымен, бас бухгалтерімен қолдарын қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруші түсіндірме жазбаны Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп.
2) осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін;
3) тасымалдаушы мен оператор арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
4) осы Қағидалардың 3 тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.
11. Уәкілетті орган 15 күнтізбелік күні ішінде осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген тасымалдаушы құжаттарын ұсынған күннен бастап, орындалған жұмыстары актілеріне қол қойылады және есептік кезеңіне шығыстардың тізілімі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес және төлем шотымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынылады.
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларына 1-Қосымша |
|
| Нысан |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қатынасында көрсетілген локомотив тартымы көлемдері туралы ай сайынға есеп 20 __ жылғы _______________
Кезең (ай) | Поезд № | Қатынас | Арақашықтық, км. | Жүру жиілігі | Локомотив (серия, тартым турі) | Локомотив-сағат көлемі | Барлық шығындар,мың.тг |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басшы
Бас бухгалтер
Мөр орыны (бар болса)
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларына 2-Қосымша |
|
| Нысан |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қатынасында көрсетілген локомотив тартымы көлемдері туралы жыл басынан бастап ай сайынға есеп 20 __ жылғы _______________
Кезең (ай) | Поезд № | Қатынас | Арақашықтық, км. | Жүру жиілігі | Локомотив (серия, тартым турі) | Локомотив-сағат көлемі | Барлық шығындар,мың.тг |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басшы
Бас бухгалтер
Мөр орыны (бар болса)
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларына 3-Қосымша |
|
| Нысан |
Орындалған жұмыстар актісі
20__жылғы "__"_______
Біз, төменде қол қойып отырғандар
________________________________________________________________________________
(қолы, акт қабылдауға жауапты басшының А.Ж.Ә (бар болған жағдайда)
Бір тараптан_____________________________________________________________________
(қолы, акт қабылдауға жауапты басшының А.Ж.Ә (бар болған жағдайда) ________________
20___жылы екінші тараптан осы орындалған жұмыстар актісін жасап
Поезд № | Жүру күндерінің саны | Локомотив (серия, тартым түрі) | Локомотиво-сағат | Субсидиялау көлемі,мың. тенге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
БАРЛЫҒЫ |
_______________ 20 ___ жылғы субсидиялау көлемі
________________________________________________________________________ құрайды
(сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
Тараптардың заңды мекен жайы:
Уәкілетті орган: _________________ |
Локомотив тартымы операторы:_____ |
___________________________________ |
___________________________________ |
___________________________________ |
___________________________________ |
Мөр орыны (бар болған жағдайда) | Мөр орыны (бар болған жағдайда) |