"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жолдауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 03.03.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік анықтама – ұйым хатының бланкісінде жасалған, олардың негізінде жасалған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлары мен парақ нөмірлері көрсетіле отырып, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты қамтитын, заңды күші бар (түпнұсқа) құжат;
2) архивтік құжат – оның қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақтауға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
3) архивтік үзінді – архив хатының бланкісінде жасалған, сақтау бірліктерінің архивтік шифры мен парақ нөмірлері көрсетіле отырып, белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты архивтік құжат мәтінінің бір бөлігін сөзбе-сөз көрсететін құжат;
4) жұлдызша – құжат парақтары бекітілген жерге жапсырылатын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің елтаңбалы мөрі қойылатын қатты қағаз.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы қағидалардағы 2-қосымшасында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып өтініш береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 03.03.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін) "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттар топтамасын тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің уәкілетті қызметкері олар келіп түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беріледі.
Жауапты орындаушы құжаттар топтамасын қарайды және 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 03.03.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеке басын куәландыратын не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) Мемлекеттік корпорация оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 5 (бес) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер жойылмағанда, мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Апостиль қою үшін ұсынылатын архивтік анықтамалар және архивтік құжаттардың көшірмелері анық және түсінікті жазылады, лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердің бедерлері анық қойылады.
Апостиль құжаттың мәтіннен бос жеріне не оның артқы бетіне қойылады және Архивтің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Құжатқа апостиль қою мүмкін болмаған жағдайда апостиль мөрі қағаздың жеке парағына қойылады.
Бұл жағдайда құжат парақтары және апостиль қойылған парақ жіппен (не арнайы жұқа баумен, лентамен) тігу арқылы бірге бекітіледі және нөмірленеді, ол туралы жұлдызшада тиісті жазба жасалады.
Құжаттардың соңғы парағына бекітілген жерге Архивтің елтаңбалы мөрі қойылатын жұлдызша жапсырылады. Бұл ретте қойылған мөр бедері жұлдызшада және парақта біркелкі орналастырылады.
Бекітілген парақтар саны Архив бастығының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының қолтаңбасымен расталады.
10. Апостиль мәтініне өзгерістер енгізуге және мөртаңбада оның жолдарын орналастыру жүйелілігін ауыстыруға жол берілмейді.
Сонымен қатар, куәландырылатын құжаттарға тігу үшін апостиль мөртаңбасының көшірмесін жасау әдісімен немесе өзге де жолмен парақтан апостиль жасауға жол берілмейді.
Барлық жағдайларда апостиль мөртаңба бедері ретінде қойылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2022 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты берген
__________________________________________________________________
(архивтік анықтамаға және архивтік құжаттардың көшірмесіне)
апостиль мөртаңбасын қоюыңызды сұраймын.
Қосымша:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) _____________________________________________________________;
4) _____________________________________________________________.
Цифрлық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___жылғы "___" ______________ _____________
(қолтаңбасы)
| "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" |
2. | Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (болса) атауы | жоқ |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік корпорация |
5. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасағанда: |
6. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету нысаны | Қағазда |
7. | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету нәтижесі |
Апостиль қойылған архивтік анықтама, архивтік құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 664-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 (елу) пайызды құрайды. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді. |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттық объектілердің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және / 7-тарауларына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін; |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар |
Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болғанда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.08.2026 № 991 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда жоқ құжаттардың атауы:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болса)
________________ (қолтаңбасы, күні)
Орындаушы: _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса)
Телефон _______________________
Алдым:_____________________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болса) (қолтаңбасы)
20____жылғы "___" ____________
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарында күші жойылған құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2."Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 515 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15792 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3."Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 бұйрығы 1-тармағының 10) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18846 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).