Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25724 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт
  министрінің
  2021 жылғы 7 желтоқсандағы
  № 375 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 11-бабы 20-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар (асырап алушы), асырап алынғандар (асырап алынған), толық және толық емес аға-інілер мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер;

      2) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуе кемесінде әуе тасымалы шартына немесе өзге де заңды негіздерге сәйкес тасымалданатын жеке тұлға;

      3) жолаушы билеті (бұдан әрі – билет) – әуе компаниясы немесе оның уәкілетті агенттері беретін, жолаушыны тасымалдау құжаты, ол жолаушының әуе тасымалы шартының талаптарымен танысқанын және жолаушы мен әуе компаниясы арасында әуе тасымалы шарты жасалғанын растайды;

      4) жолаушы купоны – билеттің әуе тасымалы шартының жасалғанын және жолаушы мен оның багажының тасымалдануын куәландыратын электрондық-цифрлық жазба немесе қағаз тасығыштағы (қатаң есептілік бланкі) бөлігі;

      5) маршруттық квитанция – электрондық билеттің құрамдас бөлігі болып табылатын құжат (құжаттар), онда қажетті мәліметтер (мысалы: жолаушының тегі, бағыты, тариф), хабарламалар мен мәліметтер қамтылады;

      6) туристерді орналастыру орындары – қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристерді уақытша тұруға және оларға қызмет көрсетуге арналған өзге де ғимараттар мен құрылыстар;

      7) туристік қызметтер – туристің сапары кезінде және соған байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартымен көзделген өзге де қызметтер, сондай-ақ туризм инфрақұрылымына барлық туристер үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер (инклюзивті туризм);

      8) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      9) туристік өнім – туристің сапар барысында қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті барлық қажетті туристік қызметтердің жиынтығы;

      10) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет – осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны ілгерілету және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

      12) электрондық билет – жолаушының әуе тасымалы шартының талаптарымен танысқанын және жолаушы мен әуе компаниясы арасында әуе тасымалы шарты жасалғанын растайтын электрондық құжат.

2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялауды (бұдан әрі – субсидия) алу үшін ішкі туризм саласындағы туроператор 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 Қазақстан Республикасы Үкіметінің ""Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" қаулысымен құрылған ұйымға (бұдан әрі – Ұйым) субсидия алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол ұсынады. Өтінім осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде мынадай құжаттармен және мәліметтермен бірге беріледі:

      1) өтінім заңды тұлға арқылы берілген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға арқылы берілген жағдайда – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператор өкілі арқылы берілген жағдайда – туроператор мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат;

      2) өтінім берілетін айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған, мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің (болуы/болмауы) туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған жолаушыға қатысты билет немесе электрондық билет, маршруттық түбіртек және жолаушы купоны немесе әуе компаниясының билетті пайдаланғаны туралы анықтама-растау көшірмелері (бұдан әрі – кәмелетке толмаған жолаушы);

      4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған жолаушы үшін);

      5) кәмелетке толмаған жолаушының жақын туыстарымен туыстық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы тасымалдауға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат (жақын туыс арқылы тасымалданған жағдайда);

      6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 "Туристік қызмет көрсету бойынша үлгі шартты бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жасалған туристік қызмет көрсету шартының (бұдан әрі – Шарт) көшірмесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген);

      7) келу және ішкі туризм саласында туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

      8) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған жолаушыларға көрсетілген туристік қызметтер туралы мәліметтер;

      9) туристік қызмет көрсету шарты бойынша төлем фактісін растайтын кассалық чек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.

      4. Өтінім әрбір туристік өнім бойынша жеке беріледі. Бір өтінімде екі немесе одан да көп туристік өнім бойынша мәліметтер мен (немесе) құжаттарды ұсынуға жол берілмейді.

      5. Ұсынылған өтінімдер және оған қоса берілген құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі – құжаттар пакеті) Ұйымға түскен күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеледі және толықтығы бойынша қаралады.

      Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, Ұйым екі жұмыс күні ішінде туроператорға жазбаша хабарлама жолдау арқылы құжаттарды қайтарып береді және жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсетеді.

      Қайтаруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, туроператор құжаттар пакетін қайта ұсынады.

      6. Құжаттар пакеті толық болған жағдайда, Ұйым осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оларды түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарап, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда туроператорға субсидия төлеу туралы шешім;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы шешім.

      7. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, Ұйым туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      8. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді Ұйым осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ішкі туризм саласындағы туроператорға жолдайды.

      9. Ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, оның ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шараларды қабылдау нәтижелері бойынша, Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорды субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы шешім қабылдайды не ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

      10. Қабылданған шешім туралы ақпарат Ұйымның интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      11. Ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы шешімнің негізінде уәкілетті орган субсидия сомасын Ұйымға аударады.

      Ұйым уәкілетті органнан субсидия сомасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия сомасын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған ішкі туризм саласындағы туроператордың есеп айырысу шотына аударады.

      Бұл ретте субсидия сомасын аударудың жалпы мерзімі, оның ішінде уәкілетті органның Ұйымға және Ұйымның ішкі туризм саласындағы туроператорға аударуы қоса алғанда, субсидия төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      12. Субсидия ішкі туризм саласында қызметін жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімге енгізілген кәмелетке толмаған жолаушыға арналған билет құны бойынша төленеді.

      13. Ұйым тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, уәкілетті органға қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, ішкі әуе бағыттары бөлінісінде бөлінген субсидия қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты электрондық түрде ұсынады.

      14. Субсидияны бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Туристік өнімге қойылатын талаптар

      15. Субсидияланатын туристік өнім келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) ішкі туризм саласында қызметін жүзеге асыратын туроператор қалыптастырған және іске асырған;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған туристік қызмет көрсету шартымен ресімделген;

      3) кәмелетке толмаған жолаушыны Қазақстан Республикасының аумағында ішкі әуе бағыты бойынша "Эконом" қызмет көрсету сыныбымен бару және қайту ұшуларын қамтитын бір әуе тасымалын қамтиды;

      4) туристік өнім шеңберінде туроператор сатып алған кәмелетке толмаған жолаушыны туристерді орналастыру орындарында орналастыру бойынша кемінде 3 (үш) күн және 2 (екі) түн ұзақтықтағы қызметтерді қамтиды.

      16. Туристік өнімге енгізілген билеттің құны, егер туристік өнім осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы шегінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау бөлігінде субсидиялауға жатады.

  Қазақстан Республикасы
аумағында кәмелетке толмаған
жолаушыларды әуе көлігімен
тасымалдау кезінде туристік
өнімге кіретін билеттің құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Үлгі
  кімге: _______________________
  (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 шілдедегі
  № 428 қаулысымен құрылған,
өтінімді қабылдайтын "Kazakh
Tourism" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы ұйымының
атауы)

Субсидия алуға өтінім

      Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнімге кіретін билеттің құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидия) бойынша өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

      1. Туроператор туралы мәліметтер

      Заңды тұлға үшін:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________

      нақты орналасқан мекенжайы ________________________________

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ____________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ___________

      жеке басты куәландыратын құжат:

      нөмірі _____________________________

      кім бергені ________________________

      берілген күні _______________________

      тұрғылықты мекенжайы ______________

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ____________________

      2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер

      Лицензия № __________________ қосалқы түрі ____________________________

      Лицензия алынған күні ____________

      3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шоты____________________

      4. Төленуге жататын субсидияның алдын ала есебі________ (__________) теңге.

      5. Өтінім берілетін туристік өнім туралы мәліметтер

      1) ішкі әуе бағыты (жөнелту пункті – келу пункті) ____________________

      2) әуе тасымалы кезіндегі қызмет көрсету сыныбы _______________

      3) бару және қайту бағыты бойынша ұшу күндері ____________________

      4) туристерді орналастыру орны туралы мәліметтер (орналастыру орнының атауы,

      мекенжайы) _______________________;

      5) туристерді орналастыру орнына келу және шығу күндері ___________

      6) туристік өнімнің ұзақтығы:

      түндер саны _________, күнтізбелік күндер саны ________.

      6. Осы Қазақстан Республикасы аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билеттің құнын субсидиялау қағидалары, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) ____________________________

      2) ____________________________

      3) ____________________________

      4) ____________________________

      5) ____________________________

      6) ____________________________

      7) ____________________________

      8) ____________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болып табылмайтынымды, "Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық туралы" Заңға сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Осы өтінім берілген туристік өнімнің Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.

      __________________________________________________________

      (туроператор басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Өтінім берілген күн 20____ жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
аумағында кәмелетке толмаған
жолаушыларды әуе көлігімен
тасымалдау кезінде туристік
өнімге кіретін билеттің құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Үлгі
  кімге: ________________________
  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2017 жылғы 14 шілдедегі
  № 428 қаулысымен құрылған,
  өтінімді қабылдайтын "Kazakh
  Tourism" ұлттық компаниясы"
  акционерлік қоғамы ұйымының
  атауы)

Кәмелетке толмаған жолаушыларға көрсетілетін туристік қызметтер туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда): ______________

Туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы

Туристерді орналастыру орындарына кіру күні

Туристерді орналастыру орындарынан шығу күні

Жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) №

Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге

Төлеуге берілетін сома, теңге

1








БАРЛЫҒЫ






      _____________________________________________________________________

      (ішкі туризм саласындағы туроператор басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады