Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Мәдениет және спорт министрінің | |
| 2021 жылғы 30 желтоқсандағы | |
| № 411 бұйрығымен бекітілген |
Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 11-бабының 20-19) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) құрылыс қызметі (құрылыс) – жаңа объектілерді салу және (немесе) құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) тұрғызу, сондай-ақ өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет; бұған құрылыс объектілерімен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау және ресурсын аяқтаған құрылыс объектілерін постутилизациялау бойынша жұмыстар жатады;
3) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін
3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін тіркелген жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық түрде, пошта арқылы не қолма-қол тапсыру тәртібімен күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін жолдайды.
4. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін (бұдан әрі – ЖБО) салуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі осы бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ЖБО-ға өтелуге жатады.
5. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
5) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Осы тармақтың 5 тармақшасының ережесі:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99–101-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
мен оларға қоса берілетін құжаттар, сондай-ақ мәліметтер (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, ЖАО-да олардың толықтығы тұрғысынан келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеледі және қаралады
7. Ұсынылған құжаттар пакеті ЖАО-да, мынадай жағдайларда қайтарылады:
1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
2) осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда.
ЖАО құжаттар пакетін қайтару туралы себептерін көрсете отырып, оны кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама арқылы құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Құжаттар пакеті оның толық болмауы себебінен қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Кәсіпкерлік субъектісі хабарламада көрсетілген тізбе бойынша құжаттар пакетін толықтырғаннан кейін өтінімді қайта береді.
Құжаттар пакеті өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде қайта береді.
8. Кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).
Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.
9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
10. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
11. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.
12. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
13. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
14. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.
15. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 5-тармағы мен 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келмеу негіздері анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша кәсіпкерлік субъектісінің өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже шығарады немесе шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.
16. Комиссия материалдарды қарайды және өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзімдерде отырыстар өткізеді.
Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
17. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.
18. Комиссия шығындардың бір бөлігін өтеу немесе өтеуден бас тарту туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болады.
19. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама түрінде жолданады.
20. Хаттама негізінде ЖАО шығындардың бір бөлігін өтеу үшін бюджет өтінімін толық көлемде қалыптастырып, уәкілетті органға күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін жолдайды.
21. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды тиісті қаржы жылына арналған бюджет өтініміне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.
22. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды тиісті қаржы жылына арналған бюджет өтініміне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.
23. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері ЖБО құрылыс құнының жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама қорытындысында көрсетілген мөлшерінің он пайызы көлемінде белгіленеді.
24. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
25. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат жергілікті бюджетке түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына тиісті сомаларды аударады.
26. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:
1) қызметкерлер санын ұлғайту;
2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.
27. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.
28. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Жол бойындағы сервис объектілерінің қойылатын талаптар
29. ЖБО құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігі ЖБО мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда өтелуге жатады:
1) республикалық және (немесе) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, туристік ресурстарда және (немесе) оларға баратын жолдарда орналасуы;
2) кәсіпкерлік субъектісінің меншігінде болуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілуі;
4) нақты жұмыс істеп тұруы және мақсатына сай пайдаланылуы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларының қамтамасыз етілуі;
6) оны пайдалану үшін қажетті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінім
Тау шаңғысы курорттарына арналған объектілерді салу бойынша емес, жол бойындағы сервис объектілерін (бұдан әрі – ЖБО) салуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _______________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________
нақты орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі _________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі ______________ кім бергені ____________________
берілген күні/қолданылу мерзімі ______________________________________
тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________________
ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі _________________________________________
2. ЖБО туралы мәліметтер:
ЖБО атауы ____________________________________________
қаржыландыру көзі _______________________________________
ЖБО орналасқан мекенжайы _________________________________________
3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотының деректемелері: _______________________________________.
4. Қағидалардың 5 және 29-тармақтарына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу мөлшерінің, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):
1. __________________________________________________________
2. __________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде "Қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.
________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісінің басшысының (өкілінің) қолы)
Мөр қою орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күні 20____ жылғы "____" __________.
| Қазақстан Республикасы | |
| Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы |
|
| № 411 бұйрығымен бекітілген |
Кәсіпкерлік субъектілерінің құрылысына жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелетін жол бойындағы сервис объектілерінің тізбесі
Ескерту. Бұйрық тізбемен толықтырылды – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Мотельдер;
2. Қонақ үйлер;
3. Кемпингтер;
4. Техникалық қызмет көрсету станциялары (тқс);
5. Жанармай құю станциялары (жқс);
6. Қоғамдық тамақтандыру пункттері (кафе, асханалар, мейрамханалар);
7. Сауда объектілері (дүкендер, сауда павильондары, шағын маркеттер);
8. Демалыс және қысқа мерзімді болу объектілері (демалыс аймақтары, кемпинг алаңдары, автотұрақтар).
