Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26380 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қағидалардың 9-тармағының екінші абзацы 2024 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2021 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 412 бұйрығымен бекітілген

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Туристік қызмет туралы" Заңының 11-бабының 20-20) тармақшасына сәйкес әзірленген және туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде басшылықты және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанадағы аумақтық бөлімшелері;

      2) уәкілетті орган – туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) туристік қызмет – туристік қызметтер көрсету жөніндегі жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі.

2-тарау. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшері

      3. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін кәсіпкерлік субъектісі тіркелген орны бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде пошта арқылы не қолма-қол 1 маусымға дейінгі мерзімде жолдайды.

      4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтінімді заңды тұлға берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, өтінімді жеке тұлға берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінімді кәсіпкерлік субъектісінің өкілі берген жағдайда қосымша кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариат куәландырған сенімхат ұсынылады;

      2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің бар-жоғы туралы, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған мәліметтер;

      3) автомобиль көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (бұдан әрі – автокөлік құралы);

      4) жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, ал автокөлік құралы кредитке сатып алынған жағдайда – кредит шарты).

      Электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден автокөлік құралы сатып алынған жағдайда, автокөлік құралын сатып алуға жұмсалған шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден әкелінген жағдайда) немесе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі қойылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (бұдан әрі – Салық кодексі) расталады;

      5) сатып алынған автокөлік құралының фото және бейнефиксация материалдары;

      6) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсімінің серпінін растайтын үзінді көшірме.

      Осы тармақтың 6) тармақшасының күші:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне;

      мемлекеттік тіркелген сәттен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды;

      7) автокөлік құралын нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды растайтын құжаттар (туристік қызметттер көрсетуге арналған шарттардың көшірмелері, жол парақтары, жолаушыларды тасымалдау қызметінің басталғаны туралы хабарлама).

      5. Келіп түскен өтінімдер және оған қоса берілген құжаттар, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес материалдар (бұдан әрі – құжаттар пакеті) тіркеледі және олар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО олардың толықтығына қарайды.

      Кәсіпкерлік субъектісі құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, ЖАО осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, оларды кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама арқылы қайтарады.

      Құжаттар пакетінің толық еместігі жойылған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

      6. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

      Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.

      Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      8. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

      9. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

      10. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

      11. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      12. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

      13. Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер 4-тармақ пен осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін алдын ала бас тарту туралы шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша кәсіпкерлік субъектісінің ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламадан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже не шығындардың бір бөлігін өтеуден уәжді бас тарту туралы жауап береді.

      14. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

      15. Комиссия кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу немесе шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы шешімді комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының, ал ол болмаған жағдайда комиссия төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

      16. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады.

      17. Хаттама негізінде ЖАО тиісті қаржы жылына арналған бюджет өтінімін толық көлемде, күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген бюджет өтінімін жасау, ұсыну және қарау қағидаларында көзделген тәртіппен қалыптастырады.

      18. Шығындардың бір бөлігін өтеу жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері автокөлік құралдарының құнының 25 (жиырма бес) пайызын құрайды.

      20. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады. Шетел валютасында жұмсалған шығындар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша автокөлік құралын сатып алған күнге қайта есептеледі.

      21. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу сомаларын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына, жергілікті бюджетке қаражат түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде аударады.

      22. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған кәсіпкерлік субъектісі алған автокөлік құралын мақсатсыз пайдалануға және оны сатып алғаннан кейін бес жыл ішінде иеліктен шығаруға жол бермейді.

      23. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігі өтелген күннен бастап бес жыл ішінде автокөлік құралын иеліктен шығарған жағдайда, ЖАО сотқа жүгіну арқылы өтелген сомаларды қайтару шараларын қабылдайды.

      24. Кәсіпкерлік субъектісі күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жыл сайын ЖАО-ға автокөлік құралын пайдалану туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан алынған автокөлік құралының бар-жоғы (жоқтығы) туралы мәліметтерді ақпарат беруге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      25. ЖАО жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейін уәкілетті органға:

      1) жиынтық ақпаратты;

      2) кәсіпкерлік субъектілері тарапынан автокөлік құралдарын иеліктен шығару фактілерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынады. Иеліктен шығару фактілері болған жағдайда, қайтарылуға жататын сомаларды көрсете отырып мәліметтер ұсынылады.

      26. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

      1) қызметкерлер санын ұлғайту;

      2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының күші мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;

      мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.

      Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

      27. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

      28. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігі өтелуге тиісті көлік құралдарына қойылатын талаптар

      29. Автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігі мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда өтелуге жатады:

      1) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі сатып алған;

      2) кәсіпкерлік субъектісінің меншік құқығында болуы;

      3) жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орындарының саны сегізден асатын автокөлік құралы болуы;

      4) автокөлік құралының шығарылған жылын қоса алғанда жасы бес жылдан аспауы және бұрын кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған болуы;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен болуы;

      6) іс жүзінде туристік қызметті жүзеге асыру және туристерді тасымалдау үшін мақсаты бойынша пайдаланылуы;

      7) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жағдайларын қамтамасыз етуі.

      30. "Автомобиль транспорты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, соның ішінде толық қолмен басқарылатын, оң жақ рульді басқаруы бар арнайы басқарылатын автокөлік құралдарының шығындарының бір бөлігі өтелуге жатпайды.

  Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызметті жүзеге асыру шеңберінде жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
  1-қосымша
  кімге: _____________________
  (ЖАО атауы)
  Кімнен:
  __________________________
  (кәсіпкерлік субъектісінің атауы)

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім

      Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызметті жүзеге асыруы шеңберінде жүргізуші орнын қоспағанда, отыруға арналған орын саны сегізден асатын автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімді қарауыңызды сұраймын.

      1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер

      Заңды тұлға үшін:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________

      нақты орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі___________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ___________________________________________________________________

      кім берген ________________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________________________________

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ____________________________________.

      2. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметін растайтын құжаттар

      Заңды тұлға үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі

      және

      берілген күні: __________________________________________________________.

      Жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама

      нөмірі: _____.

      3. Автомобиль көлік құралы туралы мәліметтер:

      сипаттамасы ______________________________________________________________

      сатып алу сомасы (жазбаша, теңгемен) ________________________________________

      қаржыландыру көзі _________________________________________________________

      өткізу (орналасқан) мекенжайы ____________________________________________.

      4. Екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу

      шотының деректемелері: __________________________________________________.

      5. Өтем сомасының алдын ала есебі: ______________________________________.

      Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізуші орнын қоспағанда, отыруға арналған орын саны сегізден асатын автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшеріне, сондай-ақ 4-тармаққа сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне және шығындарының бір бөлігі өтелуге жататын көлік құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):

      1)__________________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________________.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсімінде еместігімді растаймын және дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ақпаратты беруге келісім беремін.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.

      ___________________________________

      (кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Өтінім берілген күні: 20_ жылғы "__" __________

  Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызметті жүзеге асыру шеңберінде жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
  2-қосымша

Кәсіпкерлік субъектісінің жүргізуші орнын қоспағанда, отыратын орын саны сегізден асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға байланысты шығындарының бір бөлігін өтеу алғаннан кейін автокөлік құралын пайдалану туралы күнтізбелік жыл бойынша ақпарат

№ р/с

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Автомобиль көлік құралымен қызмет көрсетілген туристер мен туристік маршруттардың саны (айлар бойынша бөліністе)

*Кәсіпкерлік субъектісі мен туристер арасында жасалған шарттардың нөмірлері

**Туристік маршруттардың сипаттамасы

1

2

3

4

5






      Ескертпе:

      * Шарттардың көшірмелерін растау үшін есепке қоса беріледі.

      ** Туристік маршруттардың сипаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) автокөлік құралының маркасы, орын саны;

      2) турдың ұзақтығы;

      3) маршрут өтетін учаскелер.

      ________________________________________________

      (кәсіпкерлік субъектісінің басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр қою орны (бар болған жағдайда)

      20___ жылғы "___" __________

Об утверждении Правил и размера возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя, а также требований к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 412. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 января 2022 года № 26380.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 31.07.2026 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2022 в соответствии с пунктом 4 настоящего приказа.

      В соответствии с подпунктом 20-20) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и размера возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, а также требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 31.07.2026 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету индустрии туризма Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3 Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Установить, что абзац второй пункта 9 Правил действует до 1 мая 2024 года.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра туризма и спорта РК от 29.12.2023 № 353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 30 декабря 2021 года № 412

Правила и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя, а также требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению

      Сноска. Правила - в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 31.07.2026 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и размера возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя, а также требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20-20) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан" и определяют порядок и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя, а также требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению(далее – возмещение части затрат).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган по обеспечению безопасности дорожного движения – центральный исполнительный орган и его территориальные подразделения в столице, областях, городах республиканского значения, осуществляющие руководство в пределах своей компетенции и межотраслевую координацию в сфере обеспечения безопасности дорожного движения;

      2) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий функции государственного управления в области туристской деятельности;

      3) туристская деятельность – предпринимательская деятельность физических или юридических лиц по предоставлению туристских услуг.

Глава 2. Порядок и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя

      3. Для получения возмещения части затрат субъект предпринимательства по месту регистрации направляет в местный исполнительный орган столицы, области, города республиканского значения (далее – МИО) заявку на возмещение части затрат (далее – заявка) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам в бумажной или электронной форме посредством почты либо нарочно в срок до 1 июня календарного года.

      4. Субъект предпринимательства к заявке, направляемой в МИО, прилагает:

      1) в случае подачи заявки юридическим лицом – копии учредительных документов юридического лица, в случае подачи заявки физическим лицом – копия документа, удостоверяющего личность, копия документа, подтверждающего начало деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, а при подаче заявки представителем субъекта предпринимательства дополнительно представляется нотариально засвидетельствованная доверенность на представление интересов субъекта предпринимательства;

      2) сведения об отсутствии (наличии) задолженности, учет по которым ведется в органах государственных доходов, полученные на первое число месяца, предшествующего месяцу, в котором планируется подача заявки;

      3) копия свидетельства о регистрации автомобильного транспортного средства (далее – автотранспортное средство);

      4) копия документа, подтверждающего приобретение автотранспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя (электронные счет-фактуры либо договор купли-продажи, в случае приобретения автотранспортного средства в кредит – кредитный договор).

      При приобретении автотранспортного средства у иностранного производителя, не использующего цифровую систему электронных счетов-фактур, затраты по приобретению автотранспортного средства подтверждаются таможенной декларацией на автотранспортные средства (из третьих стран, не являющихся членами Евразийского экономического союза) или заявлением о ввозе товаров и уплате косвенных налогов с отметкой налогового органа в соответствии с пунктом 2 статьи 530 Налогового кодекса Республики Казахстан;

      5) материалы фото- и видеофиксации приобретенного автотранспортного средства;

      6) выписку, подтверждающую динамику роста налога на добавленную стоимость за последние 2 (два) года.

      Положение подпункта 6) настоящего пункта, не распространяется на субъекты предпринимательства:

      не являющиеся плательщиками налога на добавленную стоимость в соответствии со статьями 99 - 101 Налогового кодекса Республики Казахстан;

      осуществляющие деятельность менее трех лет с момента их государственной регистрации;

      7) документы, подтверждающие целевое использование автотранспортного средства (копии договоров на оказание туристических услуг, путевые листы, уведомление о начале деятельности по перевозке пассажиров).

      5. Поступившие заявки и прилагаемые к ним документы, а также материалы (далее – пакет документов), соответствующие пункту 4 настоящих Правил, регистрируются и рассматриваются МИО на их полноту в течение 2 (двух) рабочих дней со дня их поступления.

      В случае предоставления субъектом предпринимательства неполного пакета документов МИО возвращает их субъекту предпринимательства письменным уведомлением в срок, указанный в части первой настоящего пункта, с указанием перечня недостающих документов.

      При устранении неполноты пакета документов субъект предпринимательства подает заявку повторно.

      6. Для рассмотрения полного пакета документов, представленного субъектами предпринимательства, МИО создает постоянно действующую комиссию по рассмотрению заявок на возмещение части затрат (далее – комиссия).

      Комиссия состоит из нечетного количества членов, не менее семи человек, из числа которых назначаются председатель, заместитель председателя. Секретарем комиссии назначается работник МИО.

      В состав комиссии входят сотрудники МИО, представители заинтересованных государственных органов, независимые эксперты, представители общественности и других общественных, неправительственных отраслевых организаций.

      7. Председатель комиссии руководит ее деятельностью, проводит заседания комиссии, организует рассмотрение заявок и обеспечивает соблюдение требований настоящих Правил. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель председателя комиссии.

      8. Секретарь комиссии подготавливает материалы к заседаниям комиссии, обеспечивает извещение членов комиссии, организацию и протоколирование заседаний, а также хранение материалов и не участвует в голосовании.

      9. Положение о комиссии и ее персональный состав утверждаются МИО.

      10. Комиссия в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня поступления пакета документов рассматривает их на соответствие пункту 4 и главе 3 настоящих Правил настоящих Правил.

      По итогам рассмотрения пакета документов комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) о возмещении части затрат при соответствии пункту 4 и главе 3 настоящих Правил;

      2) об отказе в возмещении части затрат при несоответствии пункту 4 и главе 3 настоящих Правил.

      11. При возникновении сомнений в достоверности и (или) подлинности представленных документов и сведений МИО самостоятельно предпринимает меры, направленные на устранение возникших сомнений и на получение дополнительных сведений.

      При этом, срок, предусмотренный пунктом 10 настоящих Правил, продлевается на срок не более чем на 10 (десять) рабочих дней.

      12. Мотивированное решение о продлении срока МИО направляет субъекту предпринимательства в течение 2 (двух) рабочих дней с момента принятия решения, предусмотренного пунктом 11 настоящих Правил.

      13. При выявлении оснований для отказа в возмещении части затрат по результатам проверки документов и сведений, предусмотренных пункту 4 и главе 3 настоящих Правил МИО уведомляет субъекта предпринимательства о предварительном решении об отказе в возмещении части затрат, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить позицию субъектом предпринимательства по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется не менее чем за 3 (три) рабочих дня до принятия решения комиссией согласно статьи 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.

      По результатам заслушивания на основании решения комиссии МИО выдает результат субъекту предпринимательства о возмещении части затрат либо мотивированный ответ об отказе в возмещении части затрат субъекту предпринимательства.

      14. Заседания комиссии проводятся в очной форме и (или) посредством видеоконференцсвязи и подлежат аудио- и (или) видеофиксации.

      15. Комиссия принимает решение о возмещении части затрат либо об отказе в возмещении части затрат субъекта предпринимательства открытым голосованием большинством голосов от общего числа присутствующих членов комиссии.

      При равенстве голосов решающим является голос председателя комиссии, а в случае его отсутствия – заместителя председателя комиссии.

      16. Результаты голосования и принятое решение комиссии оформляются протоколом и размещается на интернет-ресурсе МИО в течение 2 (двух) рабочих дней со дня его подписания.

      17. На основании протокола МИО формирует бюджетный запрос в полном объеме, в срок до 30 марта календарного года на соответствующий финансовый год в порядке, предусмотренном Правилами составления, представления, рассмотрения бюджетного запроса, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2025 года № 185.

      18. Возмещение части затрат осуществляется администратором местных бюджетных программ в пределах средств, предусмотренных в местном бюджете на соответствующий финансовый год, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      19. Размер возмещения части затрат составляет 25 (двадцать пять) процентов от стоимости автотранспортных средств.

      20. Возмещение части затрат производится в национальной валюте Республики Казахстан. Затраты, понесенные в иностранных валютах, подлежат перерасчету по курсам валют Национального Банка Республики Казахстан на дату приобретения автотранспортного средства.

      21. Администратор местных бюджетных программ осуществляет перечисление сумм по возмещению части затрат на расчетный счет субъекта предпринимательства, открытый в банке второго уровня и указанный в заявке, в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня поступления средств для возмещения части затрат в местный бюджет.

      22. Субъектом предпринимательства, получившим возмещение части затрат, не допускается нецелевое использование и отчуждение приобретенного автотранспортного средства в течение пяти лет с момента получения возмещения части затрат.

      23. В случае отчуждения субъектом предпринимательства автотранспортного средства в течение пяти лет со дня возмещения части затрат МИО принимает меры по возврату сумм возмещения части затрат путем обращения в суд.

      24. Субъект предпринимательства ежегодно в срок до 1 декабря календарного года направляет в МИО информацию об использовании автотранспортного средства за календарный год (далее – информация) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, а также сведения, подтверждающие наличие (отсутствие) автотранспортного средства, полученные в уполномоченном органе по обеспечению безопасности дорожного движения, в срок не более 10 (десяти) рабочих дней до предоставления информации.

      25. МИО ежегодно в срок до 15 декабря календарного года предоставляет в уполномоченный орган:

      1) сводную информацию;

      2) сведения об отсутствии (наличии) фактов отчуждения субъектами предпринимательства автотранспортных средств. В случае наличия фактов отчуждения представляются сведения с указанием сумм, подлежащих возврату.

      26. При получении возмещения части затрат субъект предпринимательства принимает встречные обязательства по следующим направлениям:

      1) увеличение количества работников;

      2) увеличение налога на добавленную стоимость.

      Положение подпункта 2) настоящего пункта не распространяется на субъекты предпринимательства:

      не являющиеся плательщиками налога на добавленную стоимость в соответствии со статьями 99 - 101 Налогового кодекса Республики Казахстан;

      осуществляющие деятельность менее трех лет с момента их государственной регистрации.

      Встречные обязательства предусматриваются в соглашении, заключаемом между МИО и субъектом предпринимательства.

      27. МИО ежеквартально, не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, представляет в уполномоченный орган информацию о возмещении части затрат с указанием сумм, выплаченных за отчетный квартал с нарастающим итогом с начала финансового года, в электронном виде.

      28. Контроль, мониторинг и реализация возмещения части затрат осуществляются в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению

      29. Возмещению части затрат подлежит приобретение автотранспортных средств при соответствии следующим требованиям:

      1) приобретено субъектом предпринимательства, осуществляющим туристскую деятельность;

      2) находится у субъекта предпринимательства на праве собственности;

      3) является автотранспортным средством вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя;

      4) возраст автотранспортного средства не превышает пяти лет, включая год выпуска, и ранее не использовался в предпринимательской деятельности;

      5) зарегистрировано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      6) фактически используется по назначению для осуществления туристской деятельности и перевозки туристов;

      7) обеспечивает условия для безопасной перевозки пассажиров в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан.

      30. Возмещению части затрат не подлежат автотранспортные средства со специальным управлением, в том числе полностью ручным, правосторонним рулевым управлением согласно Закону Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте".

  Приложение 1
к Правилам и размеру
возмещения части затрат
субъектов предпринимательства,
осуществляющих туристскую
деятельность, на приобретение
автомобильных транспортных
средств вместимостью более
восьми мест для сидения,
исключая место водителя
  Форма
  кому: ___________________
(наименование МИО)
от ______________________
(наименование субъекта
предпринимательства)

Заявка на возмещение части затрат по приобретению автотранспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, субъектам предпринимательства, осуществляющим туристскую деятельность

      Прошу рассмотреть заявку на возмещение части затрат по приобретению автотранспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, субъектам предпринимательства, осуществляющим туристскую деятельность.

      1. Сведения о субъекте предпринимательства.

      Для юридического лица:

      бизнес-идентификационный номер (БИН) _______________________

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя __________________

      адрес фактического места нахождения ___________________________

      телефонный номер абонентского устройства сотовой связи ______________

      Для физического лица:

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) ______________________

      индивидуальный идентификационный номер (ИИН) ________________________

      документ, удостоверяющий личность:

      номер _________________кем выдано _________дата выдачи _______________

      адрес места жительства__________________________

      телефонный номер абонентского устройства сотовой связи _____________.

      2. Документы, подтверждающие деятельность субъекта предпринимательства.

      Номер и дата выдачи лицензии на занятие предпринимательской деятельностью для юридического лица:________________.

      Номер уведомления о начале деятельности в качестве субъекта предпринимательства для физического лица: ________________.

      3. Сведения об автотранспортном средстве:

      описание ____________________________

      сумма покупки (прописью, в теңге) _________________________

      источник финансовых средств________________________________________

      адрес реализации _________________________________________.

      4. Реквизиты расчетного счета субъекта предпринимательства, открытого в банке второго уровня: _____________________________________.

      5. Предварительный расчет сумм возмещений ________________.

      Перечень документов, прилагаемых к заявке, согласно пункту 4 Правил и размеру возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, а также требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению (далее – Правила):

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      Подтверждаю достоверность представленной информации, в том числе, что не являюсь банкротом, не подлежу процедуре банкротства или ликвидации в соответствии с Законом Республики Казахстан "О реабилитации и банкротстве", и даю согласие на сбор, обработку, хранение, выгрузку и использование персональных данных, а также предоставление информации, согласно приложению 2 к Правилам.

      Подтверждаю, что заявленные документы и сведения соответствуют требованиям, предусмотренным Правилами.

      ___________________________________

      (подпись руководителя (представителя) субъекта предпринимательства)

      Место для печати (при ее наличии)

      Дата подачи заявки: "____" __________ 20___ года

  Приложение 2
к Правилам и размеру
возмещения части затрат
субъектов предпринимательства,
осуществляющих туристскую
деятельность, на приобретение
автомобильных транспортных
средств вместимостью более
восьми мест для сидения,
исключая место водителя

Информация об использовании автотранспортного средства субъекта предпринимательства, получившего возмещение части затрат по приобретению автотранспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, за календарный год

№ п/п

Наименование субъекта предпринимательства

Количество туристов и туристских маршрутов, обслуженных автотранспортным средством (в разрезе месяцев)

*Номера договоров, заключенных между субъектом предпринимательства и туристами

**Описание туристских маршрутов

1

2

3

4

5






      Примечание:

      *Для подтверждения копии договоров прилагаются к отчету.

      **Описание туристских маршрутов включает в себя следующую информацию:

      1) марка автотранспортного средства, количество мест

      2) продолжительность тура

      3) участки, через которые проходит маршрут.

      __________________________________

      (подпись руководителя (представителя) субъекта предпринимательства)

      Место для печати (при ее наличии)

      "___" __________20___ года