Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26382 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері;

      2) Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2021 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 407 бұйрығымен бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-16) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

      3. Шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға байланысты субъектілердің шығындарының бір бөлігін өтеуге осы бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес жабдықтар мен техника жатады.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшері

      4. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін кәсіпкерлік субъектісі мәлімделген тау-шаңғы курорты орналасқан жер бойынша тиісті күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін ЖАО-ға осы Қағидалардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда жолдайды.

      5. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтінім заңды тұлға тарапынан берілген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, өтінім жеке тұлға тарапынан берілген жағдайда – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінімді кәсіпкерлік субъектісінің өкілі арқылы берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат;

      2) шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар немесе сатып алу-сату шарты, кредит арқылы сатып алынған жағдайда – кредит шарты).

      Шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес шетелдік өндірушіден немесе сатушыдан, электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесін пайдаланбай сатып алған жағдайда, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесімен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес үшінші елдерден) немесе Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесімен расталады;

      3) шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сататын кәсіпкерлік субъектісі мен сатып алушы кәсіпкерлік субъектісі арасындағы қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;

      4) шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың техникалық паспорттарының көшірмелері;

      5) шаңғы курортына меншік құқығын немесе өзге де заңды негізде иелену құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) жеткізілгеннен кейін, сондай-ақ монтаждау және орнату жұмыстарынан кейін техникалық құралдармен түсірілген шаңғы курорттарына арналған сатып алынған жабдықтар мен техниканың фото және бейнефиксация материалдары;

      7) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығының өсу динамикасын растайтын үзінді-көшірме.

      Осы тармақтың 7) тармақшасының күші мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын субъектілерге;

      мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап үш жылдан аз қызметті жүзеге асыратын субъектілерге.

      6. ЖАО-ға келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеледі және олардың толықтығы тұрғысынан қаралады.

      7. Ұсынылған құжаттар пакеті мына жағдайларда ЖАО-мен қайтарылады:

      1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда.

      ЖАО құжаттар пакетін келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама арқылы кәсіпкерлік субъектісіне қайтарады.

      Құжаттар пакеті толық болмауына байланысты қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Көрсетілген тізбе бойынша кемшіліктер жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

      Құжаттар пакеті өтінім беру мерзімдерінің сақталмауына байланысты қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде қайта береді.

      8. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

      Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.

      Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      10. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

      11. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

      12. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Құжаттар топтамасын қарау нәтижелері бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы;

      2) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

      13. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      14. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

      15. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін алдын ала бас тарту туралы шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау субъект хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешім шығарады немесе шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

      16. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

      17. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болады.

      18. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама түрінде жолданады.

      19. Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың құнының, осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мөлшерінің 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерінде өтеу жүзеге асырылады.

      21. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады. Шетел валютасында жұмсалған шығындар жабдықтар мен техниканы сатып алу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша қайта есептелуге жатады.

      22. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу сомаларын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №185 бұйрығымен бекітілген "Бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну және қарау қағидаларына" сәйкес, қаражат түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде аударады.

      23. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

      1) қызметкерлер санын ұлғайту;

      2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 – 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;

      мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.

      Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

      24. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) кешіктірмей, уәкілетті органға қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты электрондық түрде ұсынады.

      25. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
  қосымша
  Үлгі
кімге: ______________________
  (ЖАО атауы)
  кімнен: ___________________
  (кәсіпкерлік субъектісінің атауы)

Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінім

      Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

      1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________ нақты

      орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________ ұялы байланыс

      абоненттік құрылғысының телефон нөмірі _____________________________

      Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________

      кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметті бастау туралы хабарлама нөмірі _________

      жеке басты куәландыратын құжат: нөмірі ________________________ кім бергені

      ___________ берілген күні ________ тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ____________________ ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі

      _____________________________

      2. Тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтар туралы мәліметтер:

Тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтардың атауы

Бағасы
(теңге)

Саны (бірлік)

1




2




3




      3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотының деректемелері: _______________________________

      4. Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың, кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу мөлшерінің, сондай-ақ сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігі өтелуге жататын тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникенің тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):

      1)_______________________________

      2)_______________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде "Қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.

      ___________________________________________________

      (кәсіпкерлік субъектісінің басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр қою орны (бар болған жағдайда)

      Өтінім берілген күні: 20_ жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2021 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 407 бұйрығымен бекітілген

Сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігі өтелуге тиісті тау-шаңғы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың тізбесі

      Ескерту. Бұйрық тізбемен толықтырылды – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Арқан жолдары (травелаторлар (лента түріндегі көтергіштер), буксирлік (ілмекті көтергіш), арқанды-орындық жол, гондолалы жол (кабина түрінде), комби (аралас жол: кабина және орындық), бейби-лифт (тірексіз ілмекті көтергіш);

      2. Трассаларды жасанды қармен жабдықтау жүйесі (жылжымалы қар генераторлары, стационарлық қар генераторлары, қар зеңбіректері мен қар пистолеттері);

      3. Қар тығыздаушы техника (ратрактар).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады