Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26403 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қағидалардың 11-тармағының екінші абзацы 2024 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Мәдениет және спорт министрінің
  2021 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 415 бұйрығымен бекітілген

Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды айқындайды (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;

      2) құрылыс қызметі (құрылыс) – өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жаңа объектілерді салу және (немесе) құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) арқылы құру, олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (демонтаждау), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау және ресурсы таусылған құрылыс объектілерін постутилизациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру қызметі;

      3) реконструкциялау – әдетте жаңарту және жаңғырту қажеттілігімен байланысты ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге бөліктерін немесе ғимаратты тұтастай өзгерту;

      4) танытым орталығы – туристік әлеует туралы ақпарат таратуға және туристік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған ғимарат, құрылысжай не үй-жай болып табылатын туризм объектісі;

      5) туристерді орналастыру орындары – қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристерді уақытша орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын өзге де ғимараттар мен құрылыстар болып табылатын туристік объектілер.

2-тарау. Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі мен мөлшері

      3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін мәлімделген танытым орталығының немесе туристерді орналастыру орнының орналасқан жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық түрде пошта арқылы не қолма-қол 1 маусымға дейін жолдайды.

      4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса мыналарды ұсынады:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері; жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өтінімді кәсіпкерлік субъектісінің өкілі берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүддесін білдіруге арналған нотариалды куәландырылған сенімхат;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша танытым орталығы мен туристерді орналастыру орнын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес жобаларға сараптаманың оң қорытындысы бар мәлімделген танытым орталығы пен туристерді орналастыру орнының жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;

      4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген танытым орталығы пен туристерді орналастыру орнының фото және бейнетіркеу материалдары;

      5) соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі қосылған құн салығының өсу динамикасын растайтын үзінді-көшірме.

      Осы тармақтың 5) тармақшасының күші мына кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;

      мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын;

      франшиза негізінде халықаралық қонақүй желілерінің 3, 4 және 5 "жұлдызды" санаттағы қонақүйлерін салу және (немесе) кеңейту, және (немесе) реконструкциялау, және (немесе) жабдықпен жарақтандыру жобаларын іске асыратын субъектілер.

      5. Келіп түскен өтінімдер және оларға қоса берілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті), осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, ЖАО-да тіркеледі және олар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаралады.

      6. Ұсынылған құжаттар пакеті мына жағдайларда ЖАО-да қайтарылады:

      1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда.

      ЖАО құжаттар пакетін олар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама арқылы кәсіпкерлік субъектісіне қайтарады.

      Құжаттар пакеті толық болмауына байланысты қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар пакетіндегі олқылықтар жойылған кезде, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

      Өтінімді беру мерзімдері сақталмағанына байланысты құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінімді қайта береді.

      7. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

      Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.

      Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      9. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

      10. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

      11. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;

      2) ұсынылған құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағына және 3-тарауына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

      12. Осы Қағидалардың 4-тармағында және 3-тарауында көзделген құжаттар мен мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісін шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша өз позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтижені не шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      13. Усынылған құжаттар мен мәліметтердің шынайылығына және (немесе) төлнұсқалығына күмән туындаған кезде ЖАО туындаған күмәндарды жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды өз бетінше қабылдайды.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      14. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

      15. Комиссия материалдарды қарайды және өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзімдерде отырыстар өткізеді.

      Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқықтық заңды болып есептеледі.

      16. Комиссия отырыстары көзбе-көз нысанда және (немесе) бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

      17. Комиссия кәсіпкерлік субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу немесе өтеуден бас тарту туралы шешімді комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады, ал ол болмаған жағдайда – комиссия төрағасының орынбасарының дауысы шешуші болады.

      18. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ оның көшірмесі кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарлама түрінде жолданады.

      19. Хаттама негізінде ЖАО Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну, қарау қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде толық көлемде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

      20. Шығындардың бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен жүзеге асырылады.

      21. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салуға және (немесе) реконструкциялауға жұмсалған шығындар құнының он пайызын құрайды.

      22. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.

      23. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығындардың бір бөлігін өтеу сомаларын өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына, жергілікті бюджетке қаражат түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде аударады.

      24. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды:

      1) қызметкерлер санын ұлғайту;

      2) қосылған құн салығы түсімін ұлғайту.

      Осы тармақтың күші франшиза негізінде халықаралық қонақ үй желілерінің 3, 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлерін салу және (немесе) кеңейту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтау жобаларын іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының күші мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 99 - 101 - баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын субъектілерге;

      мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт қызметін жүзеге асыратын субъектілерге.

      Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.

      25. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, шығындардың бір бөлігін өтеу туралы ақпаратты уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

      26. Шығындардың бір бөлігін өтеуді бақылау, мониторингтеу және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарына қойылатын талаптар

      27. Визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салуға және реконструкциялауға жұмсалған шығындардың бір бөлігі келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда өтелуге жатады:

      1) туристік ресурстарда және (немесе) оларға баратын жолдарда, туристік маршруттарда және (немесе) аумақтарда орналасуы;

      2) кәсіпкерлік субъектісінің меншігінде болуы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілуі;

      4) нақты жұмыс істеп тұруы және мақсатына сай пайдаланылуы;

      5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жағдайларымен қамтамасыз етілуі;

      6) оларды пайдалану үшін қажетті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;

      7) туристерге қызмет көрсету үшін қажетті үй-жайлармен және жағдайлармен қамтамасыз етілуі.

  Туристік объектілерге қатысты танытым орталығытар мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына қосымша
  Нысан
  кімге: ______________________
  (ЖАО атауы)
  кімнен
  ___________________________
  (кәсіпкерлік субъектісінің атауы)

Танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім

      Осы арқылы туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

      1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________

      нақты орналасқан мекенжайы ___________________________________

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ______________________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________

      кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметті бастау туралы хабарламаның нөмірі

      ___________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ___________ кім бергені _________ берілген күні _____________________

      тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі ________________________________

      2. Туристік қызмет объектісі туралы мәліметтер:

      сипаттамасы: ___________________________________________________________

      құрылыс құны (жобалау-сметалық құжаттамаға берілген оң сараптама

      қорытындысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

      пайдалануға беру актісіне сәйкес) ____________________________

      қаржыландыру көзі: ________________________________________

      объектінің орналасқан мекенжайы: ______________________________________

      3. Кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейлі банкте ашылған есеп айырысу шотының

      деректемелері: _____________________________________________________

      4. Өтемақы сомасының алдын ала есебі ___________________________

      5. Визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшеріне, сондай-ақ 4-тармаққа сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________;

      4) ____________________________________________;

      5) ____________________________________________.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын, оның ішінде банкрот болып табылмайтынымды, "Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық туралы" Заңға сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Мәлімделген құжаттар мен мәліметтердің Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келетінін растаймын.

      ______________________________________________________________

      (кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Өтінім берілген күн: 20___ жылғы "____" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады