Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі миистрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 бұйрығына қосымша |
Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) жануарларды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, жануарларды, оқиғаларды, олар бойынша іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы;
2) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарларын есепке алуда тұрмайтын иттер мен мысықтар;
3) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;4) стерилизациялау - жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;
5) стационар – ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға жануардың жай-күйін тұрақты қадағалауын бұзатын, сондай-ақ жоспарлы және шұғыл операцияларға шақтаудан өтетін, операциядан кейінгі ем алатын жануарлар жіберілетін үй-жай.
6) жануар иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
7) жауапты адам - жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау кезінде жүзеге асырылатын барлық ветеринариялық оқиғалар мен әрекеттер деректер базасында тіркелуге жатады, оған қол жеткізу орталық мемлекеттік органдарға, ведомстволарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың жұмыскерлеріне, сондай-ақ ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға өтеусіз негізде беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау тәртібі
Ескерту. 2-тарау алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялауды жүргізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарлардың санын реттеу стерилизациялау, иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды жайластыру, халықпен білім беру іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы иттерді қоспағанда, иесіз жануарлардың санын азайту үшін мемлекет, жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарды стерилизациялау туралы ақпарат деректер базасында ит болып табылмайтын иесіз жануардың жеке нөмірін, стерилизациялау орнын міндетті түрде көрсете отырып тіркелуге жатады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жануарларды уақытша ұстау пункттері ит болып табылмайтын иесіз жануарды стерилизациялау мақсатында операциялық бөлмені өрістетуге арналған үй-жаймен жабдықталады. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды мерзімінен бұрын стерилизациялауға жол бермеу мақсатында стерилизациялау туралы шешім уақытша ұстау пунктінде болған 4 (төртінші) тәулікте қабылданады. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды стерилизациялау шешім қабылданғаннан кейін келесі тәулікте ветеринария саласындағы мамандық бойынша білімі бар адам жүргізеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарды стерилизациялау туралы шешім оны қарап-тексеру нәтижелері бойынша оның түрін, жасын, физиологиялық жай-күйін ескере отырып қабылданады және деректер базасында тіркелуге жатады. Стерилизациялау туралы шешімді ветеринария саласындағы маман қабылдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды стерилизациялау туған сәтінен бастап алты айлық жасынан ерте жүргізілмейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Иттерді қоспағанда иесіз жануарды стерилизациялау кезінде жануарға жануардың жеке нөмірі бар есепке алу бұйымы (құралы) салынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Деректер базасы автоматты түрде генерацияланатын жануардың жеке нөмірі (бұдан әрі – ЖЖН) он бес символдан тұрады, мынадай белгілері бар:
1) алғашқы үш символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);
2) төртіншіден бесінші символдарға дейін-жануардың түрін білдіретін сандық код;
3) алтыншыдан он беске дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір.
18. Стерилизациялау ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлға арнайы жабдықталған үй-жайында жүзеге асырады.
19. Стерилизациялаудан кейін иттерді қоспағанда, иесіз жануарлар операциядан кейінгі күтімге арналған жағдайлары бар вольерлермен (торлармен, бөліктермен) жабдықталған стационарда ұсталады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға стерилизациялаудан кейін операциядан кейінгі күтім ұзақтығы операциядан кейінгі асқынулар болмаған кезде ұрғашылары үшін кемінде 10 (он) күнтізбелік күнді және еркектері үшін 3 (үш) күнтізбелік күнді құрайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Операциядан кейін уақытша панажайларда ұсталатын иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға операциядан кейінгі күтімді ветеринария саласындағы мамандық бойынша білімі бар адам жүзеге асырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Иттерді қоспағанда, иесіз жануардың стерилизациялаудан кейін операциядан кейінгі күтім жөніндегі іс-шаралар аяқталғанға дейін панажайдан шығуына жаңа иесіне және (немесе) жауапты адамға оның деректер базасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қалыптастырылатын, берілетін және қол қойылатын өтінімі бойынша берілген жағдайда ғана жол беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Агрессия көрсетпейтін иттерді қоспағанда, иесіз жануарлар оларға қатысты стерилизациялау жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін бұрынғы мекендеген жерлеріне қайтарылуға жатады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидасына қосымша |
Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.08.2026 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.