ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 25-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 23 ақпандағы № 29 бұйрығына қосымша |
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастық аккредиттеген жеке және заңды тұлғалардың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
2) КҚ қағидалары – КҚ және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;
3) КҚ стандарты – КҚ мүшелерінің (қатысушыларының) бірыңғай және міндетті қағидаттарды, олардың тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) және қызмет түрінің сипаттамасын көп рет пайдалануына арналған талаптарды белгілейтін құжат;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастық (бұдан әрі – КҚ) – мамандандырылған қауымдастық ретінде жұмыс істейтін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы белгілі бір кәсіптің немесе сабақтас мамандықтардың мүдделерін білдіретін, кәсіптік қоғамдастықты басқару және бірлестікке қатысушылардың кәсіптік қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі міндеттемелерді алатын ұйым (бірлестік);
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның кәсіптік қауымдастықтың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу бойынша жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тану рәсімі.
2-тарау. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – қауымдастық бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетеді.
4. Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қауымдастық бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талдаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Қауымдастық жөніндегі тізбе) келтірілген.
КҚ жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеледі.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін КҚ-ның аккредиттеу туралы куәлігін алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және Қауымдастық жөніндегі тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды кеңсе арқылы жібереді.
5. КҚ-ға аккредиттеу жүргізу мақсатында аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның құрамы қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссияның құрамы қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан, бірақ кемінде жеті адам болады.
Комиссияның төрағасы қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ол болмаған кезде оны алмастыратын адам болып табылады.
Комиссияның хатшысы қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды, комиссия жұмысын ұйымдастыруды, комиссия отырыстарын өткізуді дайындауды және өз құзыретінің шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді комиссия көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелері өз пікірін отырыстың хаттамасына қоса тіркей отырып, жазбаша түрде баяндайды.
6. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қауымдастық жөніндегі тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.
7. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Қауымдастық жөніндегі тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін мерзім 2 жұмыс күні деп белгіленеді, көрсетілген мерзім Қауымдастық жөніндегі тізбенің 2-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген рәсімдер жүргізілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қауымдастық жөніндегі тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қалыптастырады, оларды Комиссияның қарауына жібереді.
Құжаттарды қарау 10 (оң) жұмыс күні ішінде Комиссияның отырысында жүзеге асырылады, нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) қауымдастықты (одақ, бірлестік) аккредиттеу;
2) аккредиттеуден бас тарту.
Комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген мәліметтер бойынша КҚ-ның аккредиттеу шарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
Комиссия шешімінің нәтижесін Комиссия хатшысы қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.
9. Комиссияның оң шешімі болғанда қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді және береді.
10. КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
3) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
13. КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) куәлікте қателердің (қате жазулардың) анықталуы;
2) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуы;
3) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан мекенжайының өзгеруі;
4) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының атауының өзгеруі;
5) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер пайда болған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер туралы растаушы құжаттар бар өтінішті және КҚ-ны аккредиттеу туралы бұрын берілген куәлікті (түпнұсқаны) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
15. Қауымдастық жөніндегі көрсетілген қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6-7-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүзеге асырады.
Оң шешім болғанда қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде КҚ-ны аккредиттеу туралы бұрын берілген куәлік туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.
16. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші растаушы құжаттар берілмеген немесе тиісінше рәсімделмеген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген негіздер бойынша бастама жасалған КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуден бас тартады.
17. КҚ-ны аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы:
1) қолданылу мерзімі өткен;
2) КҚ қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) КҚ куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген;
4) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады.
18. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Егер заңмен өзгеше көзделмеген болса, онда сотқа дейінгі шағымданудан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-тарау. "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
19. "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – аудит бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) КҚ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомство (бұдан әрі – аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетеді.
20. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ аудит бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын аудит бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Аудит жөніндегі тізбе) келтірілген.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – аудит жөніндегі куәлік) алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге кеңсе арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және Аудит жөніндегі тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.
21. Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеуді жүргізу мақсатында құрамы аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емесе ұйымдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылатын аккредиттеу жөніндегі КҚ комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамы КҚ басшысының, ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан, бірақ кемінде бес адам болады.
Комиссияның төрағасы КҚ басшысы, ол болмаған кезде оны алмастыратын адам болып табылады.
Комиссияның хатшысы КҚ қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды, комиссия жұмысын ұйымдастыруды, комиссия отырыстарын өткізуді дайындауды және өз құзыретінің шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді КҚ комиссиясы көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелері өз пікірін отырыстың хаттамасына қоса тіркей отырып, жазбаша түрде баяндайды.
22. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Аудит жөніндегі тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.
23. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Аудит жөніндегі тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін мерзім 2 жұмыс күні деп белгіленеді, көрсетілген мерзім Аудит жөніндегі тізбенің 2-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген рәсімдер жүргізілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Аудит жөніндегі тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қалыптастырады, оларды Комиссияның қарауына ұсынады.
Құжаттарды қарау 10 (оң) жұмыс күні ішінде Комиссияның отырысында жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғаны аккредиттеу;
2) аккредиттеуден бас тарту.
Комиссия санитариялық-эпидемиологиялық аудиторлардың аккредиттеу шарттарына осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
Комиссия шешімінің нәтижесін Комиссия хатшысы Комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
25. Комиссияның оң шешімі болғанда аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит жөніндегі куәлікті ресімдейді және береді.
26. Аудит жөніндегі куәлікті беруден дәлелді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
3) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
27. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Аудит жөніндегі куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
29. Аудит жөніндегі куәлікті қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) қателердің (қате жазулардың) анықталуы;
2) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі;
3) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуы;
4) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан мекенжайының өзгеруі;
5) дара кәсіпкер-аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі;
6) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы.
30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу кезінде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер пайда болған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер туралы растаушы құжаттар бар өтінішті және аудит бойынша бұрын берілген куәлікті (түпнұсқаны) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
31. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 22-23-тармақтарында көзделген осындай рәсімдерді жүзеге асырады.
Оң шешім болғанда аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші 3 (бір) жұмыс күні ішінде бұрын берілген аудит жөніндегі куәлік туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, аудит жөніндегі куәлікті қайта ресімдейді.
32. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші растаушы құжаттар берілмеген немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген негіздер бойынша бастама жасалған аудит жөніндегі куәлікті қайта ресімдеуден бас тартады.
33. Аудит жөніндегі куәліктің қолданылуы:
1) қолданылу мерзімі өткен;
2) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген;
4) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 49-бабында көзделген қызметті тиісінше жүзеге асырмау фактілерін анықтаған жағдайларда жүзеге асырылады.
34. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Егер заңмен өзгеше көзделмеген болса, онда сотқа дейінгі шағымданудан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттiк қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетунәтижесі | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар |
11) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Елтаңба
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
__________________________________________________________________________ берілді.
(ұйымның атауы)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің негізінде санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеліп, аккредиттеу туралы куәлік 20____ жылғы "____"______________ дейін 5 (бес) жыл мерзімге берілді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының басшысы
__________________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
Куәліктің берілген күні
20____жылғы "____"______________
Тіркеу № _____________________
_________________________ қаласы
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізуге үміткер КҚ мәліметтерінің нысаны
1. Заңды мекенжайы__________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның КҚ мемлекеттік тіркеу туралы құжатының нөмірі мен күні
___________________________________________________________________________
3. Веб-сайттың бар болуы туралы мәліметтер (атауы)
4. КҚ құрылтайшыларының және (немесе) мүшелерінің тізімі
р/с № | КҚ мүшелері субъектілерінің атауы | Дара кәсіпкер, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер | Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама | Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет кезеңі |
5. Комиссияға тартылған және аккредиттеу бойынша сарапшылардың тізімі
р/с № | Т.А.Ә. (бар болса) | Диплом бойынша мамандануы | Мамандығы бойынша еңбек өтілі | Санитариялық-эпидемиологиялық аудитор ретіндегі жұмыс кезеңі, ұйым |
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметтер |
Соңғы 3 (үш) жылда біліктілікті арттыру бойынша оқыту |
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініш
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________-ға
(мемлекеттік органның толық атауы)
_______________________________________________________ -дан
(толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)
жүзеге асыруға берілген 20__ жылғы "____" _______________ № _____ аккредиттеу
туралы куәлікті қайта ресімдеуді сұраймын.
Мынадай негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) куәлікте қателердің (қате жазулардың) анықталуы ________________;
2) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуы
_________________________________;
3) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан
мекенжайының өзгеруі _________________________________;
4) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының атауының өзгеруі
_________________________________;
5) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық-құқықтық
нысанының өзгеруі_________________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
_________________________________.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________
Телефондар _______________________________________________ ____________
парақ қоса беріледі.
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға КҚ аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
4) өтініш иесі КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады
Басшы ____________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20 жылғы "_____" ________________________
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
__________________________________________________________________________
(халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеуші ұйымның атауы)
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 25-бабының негізінде
_________________________________________________________________________________
жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы
Қазақстан Республикасының аумағында 20____жылғы "____"______________дейін 5 (бес) жыл мерзімге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша аккредиттелген деп танылады.
Басшы ____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қолы ____________________________________________________
Мөр орны
Куәліктің берілген күні 20___жылғы "____" ______
Тіркеу № __________________________________
________________________________ қаласы
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 7-қосымша |
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу үшін біліктілік талаптары
Талаптар | Көрсеткіш | |
1 | Штатта санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар мамандардың болуы | кемінде 5 маман |
2 | Мамандардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органдар мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі | кемінде он жыл |
3 | Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметтер | жалпы гигиена, эпидемиология бойынша |
4 |
Соңғы 5 жылда санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметке тартылған қызметкерлерді оқыту: | әр мамандық бойынша кемінде 60 сағат |
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 8-қосымша |
Санитариялық- эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініш
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________ -ға
(халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомство
аккредиттеген ұйымның толық атауы)
_________________________________________________________ -дан
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)
жүзеге асыруға берілген 20__жылғы "____" _______________№_________
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуді сұраймын.
Мынадай негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) қателердің (қате жазулардың) анықталуы _____________________;
2) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі_________;
3) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуы
___________________________________;
4) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан мекенжайының
өзгеруі___________________________________;
5) дара кәсіпкер-аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта тіркелуі,
оның атауының өзгеруі___________________________________;
6) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық-құқықтық нысанының
өзгеруі___________________________________;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың
болуы___.
Жеке немесе заңды тұлғаның мекенжайы __________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________
Телефондар ________________________________________________
____________ парақ қоса беріледі.
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
4) өтініш иесі аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
__________________________________________________ (қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20 жылғы "_____" _____________________________
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Өтініш
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)
санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша жеке және заңды
тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру үшін халықтың анитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеуші орган ретінде
аккредиттеуді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны: __________________________________________;
2. Құрылған жылы: _____________________________________;
3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (анықтама)___________________;
4. Мекенжайы: ________________________________________;
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі _________________________;
Ұйымның басшысы: __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Байланыс деректері: _________________________________________
(электрондық пошта, жұмыс және ұялы телефондар)
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға КҚ аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
4) өтініш иесі КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
Күні 20__жылғы "____" ______________.
Өтініш 20 _______жылғы "____" ________ қарауға қабылданды.
_______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның қолы, тегі)
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
| Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы _________________________________________ (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеуді жүзеге асыратын кәсіптік қауымдастықтың толық атауы) |
Өтініш
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2026 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
аккредиттеуді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны: __________________________________________;
2. Құрылған жылы: ____________________________________;
3. Жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік
(анықтама)_________________________________________________;
(№, кім және қашан берді)
4. Мекенжайы: ____________________________________________;
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Қоса берілетін құжаттар _____________________ ________________________.
Ұйымның басшысы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Күні 20__жылғы "____" ______________. _________________________________
(құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға
КҚ аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатыны;
4) өтініш иесі КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
