"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген |
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай сараланған тізімдер – осы Қағидаларға сәйкес оқу тіліне қарамастан кешенді тестілеудің жалпы балдары кему ретімен сараланған мектептер бөлінісіндегі үміткерлердің тізімдері;
2) жалпы резервтік тізім – грант иегерлерін қоспағанда, барлық мектептердің барлық үміткерлерінің ағымдағы оқу жылына жарамды бірыңғай сараланған тізімі;
3) жұмыс органы – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы;
4) конкурсқа қатысушы – орта білім беру ұйымында оқитын, кешенді тестілеуге қатысқан Қазақстан Республикасының азаматы;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
6) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары;
7) резервтік тізім – мектептердегі бос орындарға қабылдау үшін ағымдағы оқу жылында жарамды үміткерлердің тізімі;
8) үміткер – кешенді тестілеу қорытындысы бойынша шекті балл жинаған конкурсқа қатысушы.
2-тарау. Грант тағайындау тәртібі
3. Грант Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту үшін конкурстық негізде кешенді тестілеу өткізу арқылы тағайындалады.
4. Гранттарды мектептер арасында бөлуді жұмыс органы республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шегінде жүзеге асырады.
5. Конкурсқа қатысуға орта білім беру ұйымдарында білім алатын, 7–9 сыныптарда оқуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
6. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдары мен жұмыс органының интернет-ресурсында жұмыс органы жариялайды.
7. 7-сыныптарға оқуға қабылдау үшін кешенді тестілеу екі тестіден тұрады:
1) "Математика", "Сандық сипаттамалар" (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау), "Жаратылыстану" деген жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалайтын бөлімдер бойынша тест;
2) "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Ағылшын тілі" деген бөлімдер бойынша тілдік тест.
8. 7-сыныптарда оқу үшін өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижелері, сондай-ақ бөлінетін гранттар саны жұмыс органының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
9. 7-сыныптарда оқу үшін өткізілген кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша нақты мектептер бөлінісінде "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан көп пайызын жинаған конкурсқа қатысушылар ішінен бірыңғай сараланған тізімдер қалыптастырылады. Жалпы балл саны тең болған кезде "Математика" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. "Математика" бөлімі бойынша жинаған балдары тең болса, "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Егер үміткерлердің "Математика" және "Сандық сипаттамалар" бөлімдері бойынша балдары тең болған жағдайда, "Жаратылыстану" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Егер үміткерлердің "Математика", "Сандық сипаттамалар" және "Жаратылыстану" бөлімдері бойынша балдары тең болған жағдайда, конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тіл (қазақ, орыс) бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.
Бірыңғай сараланған тізімдер жұмыс органының ресми интернет-ресурсында грант иегерлері мен резервтік тізімге енгізілген үміткерлер көрсетіле отырып жарияланады.
10. Жаңадан ашылатын мектептердің 8-9-сыныптарында оқу үшін грант тағайындау конкурстық негізде кешенді тестілеу өткізу арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдары мен жұмыс органының интернет-ресурсында жұмыс органы жариялайды.
Кешенді тестілеу "Математика", конкурсқа қатысушының таңдауы бойынша "Физика", "Химия", "Биология" деген бөлімдердің біреуінен, сондай-ақ "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Ағылшын тілі" деген бөлімдерден тұрады.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мектептердің 8-9 сыныптарында оқу үшін өткізілген кешенді тестілеудің нәтижелері, сондай-ақ бөлінетін гранттар саны жұмыс органының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
12. 8-9-сыныптарда оқу үшін өткізілген кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша нақты мектептер бөлісінде "Математика" және үміткер таңдаған ("Физика", "Химия", "Биология") бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан көп пайызын жинаған конкурсқа қатысушылардың ішінен бірыңғай сараланған тізімдер қалыптастырылады. Кешенді тестілеу бойынша балдар саны тең болған кезде "Математика" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Егер үміткерлердің "Математика" бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда, таңдаған бөлімі ("Физика", "Химия", "Биология") бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Үміткерлердің "Математика" және таңдаған ("Физика", "Химия", "Биология") бөлімінен балдары тең болған жағдайда, конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тіл (қазақ, орыс) бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.
Бірыңғай сараланған тізімдер жұмыс органының ресми интернет-ресурсында грант иегерлері мен резервтік тізімге енгізілген үміткерлер көрсетіле отырып жарияланады.
13. 7-сыныптарда, сондай-ақ жаңадан ашылатын мектептердің 8, 9-сыныптарында оқу үшін үміткерлердің резервтік тізімі әрбір мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және ол бос орын болған жағдайда оларды оқуға тарту мақсатында ағымдағы оқу жылына ғана жарамды.
Бос орын болған жағдайда және осы мектеп бойынша резервтік тізім болмаған жағдайда грант алу құқығы барлық мектептердің жалпы резервтік тізіміндегі неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерге беріледі.
Резервтік тізімдегі грант иегерлерінің тізімі жұмыс органы бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
14. Мектепте білім алушы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, сондай-ақ жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады. Мектептен шығару негіздері әрбір білім алушының назарына жеткізу үшін ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.03.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Босаған гранттар осы Қағидаларға сәйкес тағайындалады.
Ескерту. Орыс тіліндегі 15-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.03.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Гранттың мөлшері
16. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. Орыс тіліндегі 16-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.03.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16-1. Гранттың мөлшерлері "Өркен" Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 243 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37232 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.
Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 225-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.17. Грант мөлшерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 225-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен."Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантының мөлшерлері
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.08.2026 № 225-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.
№ | Атауы | Жатақханада тұруды есептемегенде грант мөлшері | Жатақханада тұруды есептегенде грант мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Алматы қаласы Медеу ауданындағы жаратылыстану -математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 325 752 (екі миллион үш жүз жиырма бес мың жеті жүз елу екі) теңге | 3 162 572 (үш миллион бір жүз алпыс екі мың бес жүз жетпіс екі) теңге |
2 | Көкшетау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 347 030 (екі миллион үш жүз қырық жеті мың отыз) теңге | 3 177 172 (үш миллион бір жүз жетпіс жеті мың бір жүз жетпіс екі) теңге |
3 | Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 354 746 (екі миллион үш жүз елу төрт мың жеті жүз қырық алты) теңге | 3 159 046 (үш миллион бір жүз елу тоғыз мың қырық алты) теңге |
4 | Ақтау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 365 074 (екі миллион үш жүз алпыс бес мың жетпіс төрт) теңге | 3 169 374 (үш миллион бір жүз алпыс тоғыз мың үш жүз жетпіс төрт) теңге |
5 | Атырау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 379 841 (екі миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың сегіз жүз қырық бір) теңге | 3 232 963 (үш миллион екі жүз отыз екі мың тоғыз жүз алпыс үш) теңге |
6 | Карағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 385 358 (екі миллион үш жүз сексен бес мың үш жүз елу сегіз) теңге | 3 259 883 (үш миллион екі жүз елу тоғыз мың сегіз жүз сексен үш ) теңге |
7 | Ақтөбе қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 387 557 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың бес жүз елу жеті) теңге | 3 224 377 (үш миллион екі жүз жиырма төрт мың үш жүз жетпіс жеті) теңге |
8 | Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 387 557 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың бес жүз елу жеті) теңге | 3 224 377 (үш миллион екі жүз жиырма төрт мың үш жүз жетпіс жеті) теңге |
9 | Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 387 557 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың бес жүз елу жеті) теңге | 3 240 679 (үш миллион екі жүз қырық мың алты жүз жетпіс тоғыз) теңге |
10 | Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 391 714 (екі миллион үш жүз тоқсан бір мың жеті жүз он төрт) теңге | 3 246 563 (үш миллион екі жүз қырық алты мың бес жүз алпыс үш) теңге |
11 | Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге | 3 251 007 (үш миллион екі жүз елу бір мың жеті) теңге |
12 | Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге | 3 251 007 (үш миллион екі жүз елу бір мың жеті) теңге |
13 | Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге | 3 260 547 (үш миллион екі жүз алпыс мың бес жүз қырық жеті) теңге |
14 | Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге | 3 260 547 (үш миллион екі жүз алпыс мың бес жүз қырық жеті) теңге |
15 | Талдықорған қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 406 803 (екі миллион төрт жүз алты мың сегіз жүз үш) теңге | 3 359 228 (үш миллион үш жүз елу тоғыз мың екі жүз жиырма сегіз) теңге |
16 | Астана қаласы Нұра ауданының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 418 169 (екі миллион төрт жүз он сегіз мың бір жүз алпыс тоғыз) теңге | 3 332 183 (үш миллион үш жүз отыз екі мың бір жүз сексен үш) теңге |
17 | Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 421 778 (екі миллион төрт жүз жиырма бір мың жеті жүз жетпіс сегіз) теңге | 3 300 908 (үш миллион үш жүз мың тоғыз жүз сегіз) теңге |
18 | Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 479 030 (екі миллион төрт жүз жетпіс тоғыз мың отыз) теңге | 3 392 698 (үш миллион үш жүз тоқсан екі мың алты жүз тоқсан сегіз) теңге |
19 | Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 773 953 (екі миллион жеті жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз елу үш ) теңге | 3 676 344 (үш миллион алты жүз жетпіс алты мың үш жүз қырық төрт ) теңге |
20 | Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | 2 814 832 (екі миллион сегіз жүз он төрт мың сегіз жүз отыз екі) теңге | 3 728 846 (үш миллион жеті жүз жиырма сегіз мың сегіз жүз қырық алты) теңге |
21 | Қызылорда қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | 2 914 226 (екі миллион тоғыз жүз он төрт мың екі жүз жиырма алты) теңге | 3 853 040 (үш миллион сегіз жүз елу үш мың қырық) теңге |