Абай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 154 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 121-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Абай облысы әкімдігінің 10.09.2024 № 179 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 154 Қаулысына
қосымша

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы әкімдігінің 22.05.2026 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с № Балық шаруашылығы су тоғанының атауы Көлемі,га Түрі
1. Бесқарағай ауданы

1.

Бірлік кентіндегі Кривое-1 көлі

10,0

табиғи

2.

Шошқалы көлі

630,0

табиғи

3.

Үлкен Канонерская көлі

130

табиғи

4.

Грачи ауылындағы (14 км жердегі оңтүстік-шығыстағы) тоған

3,0

жасанды

2. Бородулиха ауданы

1.

Бек-Карьер ауылындағы тоған

4,0

жасанды

3.Жарма ауданы

1.

Бақыршық су қоймасы (Қызыл су,Жаңаауыл)

64,0

жасанды

2.

Бөкен су қоймасы (Юбилейное)

84,0

жасанды

3.

Комсомол су қоймасы

30,0

жасанды

4.

Жанына өзеніндегі Ортабұлақ су қоймасы (Шияновское)

140,0

жасанды

5.

Қарағанды өзеніндегі Первомай су қоймасы

350,0

жасанды

6.

Шар (Шар) өзеніндегі су қоймасы

1190,0

жасанды

7.

Алайғыр бұлағындағы су қоймасы

16,0

жасанды

8.

Ақ мектеп көлі

168,0

жасанды

9.

Үлкен Мариновка көлі

55,0

табиғи

10.

Қаракөлтас (Қаракөл) көлі

200,0

табиғи

11.

Кіші Мариновка көлі

16,0

табиғи

12.

Сұлулары көлі

56,0

табиғи

13.

Шөптікөл көлі

91

табиғи

14.

Кеңтарлау ауылының маныңдағы тоған

0,76

табиғи

4. Көкпекті ауданы

1.

Үлкен Бөкен су қоймасы

62,2

жасанды

5. Семей қаласы

1.

Щербаковское су қоймасы

50,0

жасанды

2.

Қиыршықтасты карьер

37,5

жасанды

3.

Алимба көлі

185

жасанды

4.

Колхозный тоғаны

55,0

жасанды

5.

Тепқаш тоғаны

5,0

жасанды

6.

Пролетар тоғаны

4,5

табиғи

7.

Балықтыкөл көлі

905,5

табиғи

6. Абай ауданы

1.

Кокентау ауылындағы (35 км жердегі оңтүстік-батысқа қарай) тоғаны

3,4

жасанды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады