Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 06.08.2026 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Түркістан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4423 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмi аппаратының басшысына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
| Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 298 қаулысына қосымша |
|
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қаңтардағы № 22 қаулысына қосымша |