"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден көліктің барлық түрлерімен әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2523290000 - портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, цемент суперсульфатты және боялмаған немесе боялмаған ұқсас гидравликалық цементтер боялған, дайын немесе клинкер нысанында, басқалары; 2523900000 - портландцемент, глиноземді цемент, қожды цемент, цемент суперсульфатты және боялмаған немесе боялмаған ұқсас гидравликалық цементтер боялған, дайын немесе клинкер нысанында , өзге де гидравликалық цементтер;
құрғақ құрылыс қоспаларын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3824509000 - құйма нысандары немесе құйма сырықтардьі өндіру үшін дайын байланыстырғыш заттар; басқа жерде аталмаған немесе енгізілме-ген химиялық өнімдер мен препараттар, өнеркәсіптің химиялық немесе аралас салаларының өнімдері мен препараттары (табиғи өнімдердің қосындысынан препараттар), өзге төзімсіз құрылыс ерітінділері мен бетондар;
тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 6801000000 -табиғи тастан (тақтатастан басқа) жасалған төсемтас, жиектас тастар және төсеуге арналған плиталар; 6802230000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, гранит; 6802931000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, жылтыратылған, әшекейленген немесе оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, таза салмағы 10 кг немесе одан астам гранит; 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, өзге гранит;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6809110000 – гипстен немесе оның қоспаларынан жасалған ою-өрнегі жоқ, тек қағазбен немесе картонмен қапталған немесе арматураланған тақталар, табақтар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар);
ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7003 – құйылған және прокаттық табақтар түріндегі немесе пішінделген жұтатын, шағылыстыратын немесе шағылыстырмайтын қабаты бар немесе жоқ, алайда қандай да бір өзге тәсілмен өңделмеген шыны; 7004 - созылған және үрленген, жалпақ, жұтатын, шағылыстыратын немесе шағылыстырмайтын қабаты бар немесе жоқ, алайда қандай да бір өзге тәсілмен өңделмеген шыны; 7005 – термиялық жалтыратылған шыны және беті тегістелген немесе жалтыратылған, табақтар түріндегі жұтатын, шағылыстыратын немесе шағылыстырмайтын қабаты бар немесе жоқ, алайда қандай да бір өзге тәсілмен өңделмеген шыны.
1-1. 2026 жылғы 1 қазанына дейін 1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылсын:
тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 6801000000 -табиғи тастан (тақтатастан басқа) жасалған төсемтас, жиектас тастар және төсеуге арналған плиталар; 6802931000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, жылтыратылған, әшекейленген немесе оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, таза салмағы 10 кг немесе одан астам гранит; 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, өзге гранит.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.08.2026 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі