"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 шілдеде № 39398 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялағаны күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 23 шілдедегі
№ 116 Бұйрыққа
қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына 13-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасын саралауды ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:

      тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;

      тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;

      тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар мен ұйымдар.

      4. Босату тарифі мыналар үшін қолданылады:

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушыларға;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына және оның ведомстволарына;

      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілеріне.

      Бұл ретте, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы орталық мемлекеттік органдармен немесе жергілікті атқарушы органдармен жасалған меморандумдар негізінде электр энергиясына босату тарифінен 20 (жиырма) пайызға дейін төмен тарифті қолдануға жол беріледі.

      Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларының есептемесі

      5. Тұтынушылар бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаны есептеу тұтынушылардың бірінші тобына арналған электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып, жүзеге асырылады, уәкілетті органның ведомствосы және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мынадай формула бойынша айқындайды:

      Бсарал1 = Zқолд. * k, теңге / кВтсағ (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      Zқолд. – бірінші топқа арналған қолданыстағы баға, теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

      k –тұтынушылардың бірінші тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:

      1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейін;

      2) инфляцияға ықпалын;

      3) өнеркәсіптік өндірісті дамыту деңгейін;

      4) энергия үнемдеу үшін ынталандырулар жасауды ескере отырып айқындайтын электр энергиясының шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      6. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (тұтынушылардың үшінші тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V2, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      Zi – тұтынушылардың топтары бойынша саралаусыз шекті баға;

      Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарланған жылдық көлемі, кВт.сағ.;

      V1 –тұтынушылар бірінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;

      V2 –тұтынушылардың екінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;

      7. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда, үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V3 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобы жоспарлаған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;

      8. Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары болған жағдайда, тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/V3, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      Тұтынушылар топтары бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеудің бақылау мысалы

      Мысал:

      Бастапқы деректер:

      Zi = 16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Zқолд. = 14,00 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      k = 1,07

      Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтсағ., оның ішінде:

      V1 = 750,8 млн.кВтсағ.

      VIII = 1 627,0 млн.кВтсағ.

      Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы үшін (олар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:

      VII = 800,0 млн.кВтсағ.

      VIII = 827,0 млн.кВтсағ.

      Бсарал III = 15,28 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал I = Zқолд. * k, теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал I = 14,0 * 1,07 = 14,98

      2. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI))/VIII теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      3. Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін (тұтынушылардың екі тобы да болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2=Zi, теңге/ кВтсағ.

      Бсарал2=16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI) – (Бсарал2 * V2))/ V3.

      Бсарал3 = ((16,50 * 2377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800))/827 = 17,88 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      Ескертпе:

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады