БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
10-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Қаржы агенті ай сайын ҚТҚЖБ-ға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізілген жобалар туралы мәліметтерді жібереді.";
осы Қағиданың 1 – қосымшасы осы бұйрыққа 1 – қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда енгізілсін.
осы Қағиданың 5 – қосымшасы осы бұйрыққа 2– қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда орыс тілінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
2. "Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларында:
13-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
осы Қағиданың 3 және 4 – қосымшалары осы бұйрыққа 3 және 4 – қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда орыс тілінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесінде:
4-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
3. "Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларында:
"2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агломерация – астанадан немесе республикалық маңызы бар қаладан, немесе облыстық маңызы бар қаладан және олардың айналасында орналасқан, "Агломерацияларды дамыту туралы" Заңда айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келетін елді мекендерден тұратын жергілікті жүйе;
2) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау шарты – жергілікті атқарушы орган мен жұмыс беруші арасында жасалатын екі жақты шарт, оның талаптары бойынша тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жүзеге асырылады;
3) бағалау туралы есеп – жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша құжат;
4) блокталған тұрғын үй – бұл екі немесе одан да көп пәтерден тұратын ғимарат, олардың әрқайсысы тікелей пәтер учаскесіне кіре алады, оның ішінде бірінші қабаттан жоғары орналасқан кезде;
5) еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, оған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңда айқындалған алқалы атқарушы орган;
7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
8) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) - көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеу;
9) объектіні пайдалануға қабылдау актісі – бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;
10) субсидиялау – жұмыс берушілердің тұрғын үй салу кезінде шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу;
11) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
12) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
13) функционалдық қалалық аудан – өңірлік деңгейдегі агломерациялық құрылымдардың аналогы.
Функционалдық қалалық аудан:
кемінде 100 мың адам халқы бар және тығыздығы кемінде 1 шаршы километрге 1000 адам (бұл ретте басқа функционалдық қалалық ауданның бөлігі немесе моноқала болып табылмайтын) өзек-қаланы;
өзек-қаладан 30 километрден аспайтын радиуста орналасқан, өзек-қалаға күнделікті маятниктік көші-қонға қатысатын халқының кемінде 15 %-ы еңбекке жарамды айналадағы елді мекендерді біріктіреді.";
5-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берушілердің түпкілікті тізімдерін, бюджеттік өтінімді қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес уәкілетті органға жібереді.
Мақұлдау кезінде бюджеттік өтінім уәкілетті органның жиынтық бюджеттік өтініміне енгізіледі, ол заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
Республикалық бюджет комиссиясы субсидиялау жөніндегі шығыстарды мақұлдаған кезде уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға әрбір облыстың ағымдағы қаржы жылына бөлінуге жататын қаражатының лимиттері туралы хабарлайды.";
осы Қағиданың 1 және 2 – қосымшалары осы бұйрыққа 5 және 6 – қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда орыс тілінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы | Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қаржы агенті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Қаржы агенті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді не Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
