Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларында:
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Зерттеулер және талдама орталығы – департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының міндетін атқарушы |
А. Баймагамбетов |
________________________________________________________
(зерттеу тақырыбын көрсету)
тақырыбы бойынша зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінім
1. Ізденуші туралы мәліметтер:
2. Зерттеу жетекшісін қоса алғанда, жетекші орындаушылар және олардың біліктілігі туралы мәліметтер:
3. Осы өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу шығыстарының сметасы және олардың негіздемесі.
4. Осы өтінімге 2-қосымшаға сәйкес зерттеу негіздемесі.
5. Дисклеймер (Ізденушінің міндеттемелері).
Осы арқылы мыналарды:
1) өтінімде берілген мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын;
2) өтінім берілген сәтте ізденушінің тарату немесе банкроттық рәсімінде тұрған заңды тұлға болып табылмайтынын;
3) мыналармен:
іріктеу талаптарымен және шарттарымен, сондай-ақ Ұлттық Банктің грантын алу кезінде туындайтын міндеттемелермен;
Ұлттық Банк Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен гранттар беру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар);
авторларға арналған ғылыми жарияланымдардың көпшілік мақұлдаған этикалық нормаларымен және қағидаттарымен (Committee on Publication Ethics – COPE, https://publicationethics.org/) танысқанымды және жетекші орындаушыларды таныстырғанымды;
4) мыналармен:
өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды тәуелсіз рецензенттердің қарауына жіберуге;
Ұлттық Банктің шығыстар сметасын түзету туралы ұсынысын қарауға;
грант алушы туралы ақпаратты (заңды тұлғаның атауы, зерттеу тақырыбы және жетекші орындаушылар) Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялауға;
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Ұлттық Банктің өтінімдегі және (немесе) оған қоса берілетін құжаттардағы дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға беруіне;
дәйексіз деректерді және (немесе) құжаттарды ұсыну фактілері анықталған кезде ізденушілерді іріктеудің кез келген кезеңінде өтінімді қабылдамауға;
өтінімде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде Ұлттық Банкті дереу хабардар етуге;
Ұлттық Банктің жетекші орындаушылар туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынылған мәліметтерді тексеруіне және ұсынылған құжаттардың сақталуына;
Ұлттық Банктің зерттеу нәтижелерін өз қызметінде пайдалануына;
грант беру талаптарымен және Қағидалардың 27-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндеттемелерді қабылдаумен;
жетекші орындаушының зерттеу жүргізуге тек бір ізденушіде және бір зерттеу тақырыбы бойынша қатысуына келісетінімді және жетекші орындаушылардың жазбаша келісімін алғанымды растаймын.
Осы өтінімге мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беремін (құжаттар тізбесі көрсетіледі):
Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденушінің уәкілетті өкілінің (сенімхат қоса беріледі) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
___________ қолы, күні
| Зерттеу жүргізу үшін грант алуға ұсынатын өтінімге 1-қосымша Нысан |
Зерттеу шығысының сметасы және олардың негіздемесі
Шығыс сметасы Excel форматындағы кестеде ұсынылады.
Кестеде шығыстың әрбір бабына негіздеме және түсіндірме, қосымша жан-жақты есептер түрінде зерттеуге қажеттілігі мынаны ескере отырып көрсетіледі:
1. Жетекші орындаушылардың және қосымша тартылған орындаушылардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстың баптары бойынша:
1.1 Зерттеу жетекшісінің және зерттеудің жетекші орындаушыларының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар аты-жөнімен көрсетіледі.
"Жалақы" деген жолда қызметкерден ұсталатын салықтар мен жарналар сомасын қоса алғанда, жалақы көрсетіледі.
Зерттеу жетекшісінің және зерттеудің жетекші орындаушыларының "жалақысы" деген жол бойынша:
3-бағанда сағат өлшем бірлігі ретінде көрсетіледі;
4-бағанда тарифтік мөлшерлемені 164** бөлу арқылы айқындалатын сағаттық мөлшерлеме көрсетіледі. "Тарифтік мөлшерлеме" ретінде ізденушінің ұйғарымы бойынша мына мәндердің бірі қолданылады:
1) егер орындаушы ізденушінің штаттық қызметкері болып табылса, ізденушінің орындаушысына белгіленген нақты лауазымдық жалақы (айлық);
2) ізденушінің ұқсас позициясының (лауазымының) жалақысына (лауазымдық айлықақысына) баламалы бір айға еңбекке ақы төлеу мөлшерлемесі;
3) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын лауазымдар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы штаттық профессор-оқытушылар құрамының ең төменгі айлық жалақысы;
4) мемлекеттік статистика саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган жариялаған соңғы қолжетімді кезеңдегі орташа жалақы;
5-бағанда жоба бойынша жұмысқа жұмсалған сағаттардағы уақыт көрсетіледі. 5-бағандағы мән зерттеу ұзақтығынан аспайды;
6-бағанда 4 және 5-бағандар мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелетін мән көрсетіледі;
7-бағанда орындаушы орындайтын іс-шаралар, сондай-ақ 4-баған бойынша еңбекке ақы төлеудің сағаттық мөлшерлемесін есептеу үшін қолданылған тарифтік мөлшерлеме көрсетіледі. Бұл ретте ізденуші қол қойған жалақы мөлшерін және оның негіздемесін, қолданылған тарифтік мөлшерлемені есептеу зерттеуге арналған шығыстар сметасына және олардың негіздемелеріне қоса беріледі.
1.2 Қосымша тартылатын орындаушылардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыс.
Шығыстың осы бабы бойынша көмекші ретінде қосымша тартылған орындаушылардың (студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды қоса алғанда) еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыс аты мен тегі аталмай көрсетіледі.
Қосымша тартылатын орындаушылардың "жалақы" жолы бойынша әрбір позиция немесе функция бойынша мыналарды көрсету:
3-бағанда өлшем бірлігі ретінде сағат көрсетіледі;
4-бағанда жұмыспен толық қамтылған сағаттар үшін қосымша тартылатын орындаушылардың еңбекақы мөлшерлемесі көрсетіледі;
5-бағанда қосымша тартылатын орындаушылардың толық жұмыспен қамтылған сағаттардың жалпы саны көрсетіледі (толық жұмыспен қамтылған адам-сағат саны);
6-бағанда 4 және 5-бағандар мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелетін мән көрсетіледі;
7-бағанда еңбекке ақы төлеу үшін қолданылған мөлшерлеменің негіздемесін көрсете отырып, қосымша тартылатын орындаушыларды тарту қажеттілігі және олардың зерттеудегі рөлі көрсетіледі.
2. Зерттеу жүргізуге байланысты іссапар шығысының баптары бойынша:
1) іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін, оның ішінде жол жүру уақыты үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде тәуліктік төлемдер;
2) Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында тәулігіне 15 АЕК-тен аспайтын, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында тәулігіне 12 АЕК-тен аспайтын мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыс;
3) "Эконом" класты әуе билетінің немесе теміржол көлігінің құны бойынша межелі жерге бару және кері қайту жолақысы бойынша шығыс.
3. Үстеме шығыстардың баптары бойынша:
Үстеме шығыстар дегеніміз – ізденушінің үй-жайды, жабдықты ұстауға және олар бойынша амортизациялық аударымдарды, коммуникацияларға (телефон байланысы, интернет) және басқа да инфрақұрылымға (коммуналдық қызметтер және (немесе) пайдалану шығыстары) қол жеткізуге арналған шығыстарды, кеңсе шығыстары мен грантқа әкімшілік қызмет көрсетуді қамтитын зерттеуді орындауға жағдай жасау үшін жұмсайтын шығыстары.
Үстеме шығыстардың жалпы сомасы шығыстар сметасының 1-жолында көрсетілген еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сомасының ең көбі 15% (он бес пайыз) құрайды және 800 (сегіз жүз) АЕК-тен аспайды. Үстеме шығыстардың талдамасы мен негіздемесі талап етілмейді.
4. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстар.
Шығыстардың сомасы мен баптарын көрсете отырып, зерттеу жүргізу үшін қажетті (мысалы, бөгде ұйымдардың сауалнама жүргізу қызметтерін сатып алу және тағы басқалар) бөгде ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты материалдарды (қорларды) және шығыстарды қоса алғанда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
7-бағанда материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстар қажеттілігінің, жоспарланған бағалар мен көлемінің (санының) негіздемесі көрсетіледі.
Өтінім бере отырып, ізденуші грант алған кезде зерттеу орындаушыларын зерттеу жүргізу үшін үй-жаймен, коммуникацияларға және басқа да инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алады.
Ескертпе:
* Егер грант алушы ҚҚС төлеуші болып табылса, ҚҚС сомасы (пайызбен және тікелей есеп айырысу бірліктерімен) көрсетіледі;
** бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс уақытының орташа айлық балансы.
| Зерттеу жүргізу үшін грант алуға ұсынатын өтінімге 2-қосымша Нысан |
Зерттеудің негіздемесі
1. Зерттеуге аннотация – зерттеу идеясының қысқаша сипаттамасы, шешу үшін зерттеуге қойылған проблемалар.
2. Зерттеу әдіснамасы:
1) зерттеудің негізгі ғылыми мәселелерінің сипаттамасы, зерттеуде қолдануға ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің негіздемесі және сипаттамасы;
2) зерттелетін тақырыпқа қатысты ғылыми зерттеулерге шолу (релеванттық жұмыстарға сілтемелер Гарвард стилінде ұсынылады), зерттеудің күтілетін нәтижелерін осындай белгілі нәтижелермен салыстыру;
3) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістерін, оның көздерін, деректерді алуға рұқсаттың болуын (не деректерді алуға берілетін рұқсаттарды сатып алу жөніндегі жоспарларды) және оларды зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдануды, деректерді өңдеу тәсілдерін, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, пайдалануға ұсынылатын деректердің сипаттамасы.
3. Күтілетін нәтижелер:
1) сандық және сапалық сипаттамаларын және іске асыру нысанын көрсете отырып, жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже;
2) зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қолдану.
4. Зерттеу жүргізу барысында басқа жеке және заңды тұлғаларды тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып, оларды тарту.
5. Алдағы жұмыстың көзделген іс-шаралары, олардың ұзақтығы, негізділігі және орындалуы, жұмылдырылған жетекші орындаушылар, ізденушіде зерттеулер жоспарын іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық ресурстардың болуы көрсетілген, Гант диаграммасы түріндегі зерттеулер жоспары
6. Ізденушілерді іріктеу туралы хабарландыруда көзделген ақпарат.
7. Зерттеу негіздемесі 5000 (бес мың) сөзден аспайды, толыққанды болып табылады және онда URL сілтемесі жоқ.
Тәуелсіз рецензенттің ізденушімен мүдделер қайшылығының болуы не болмауы туралы хабарлама
Мен____________________________________________________________
(тәуелсіз рецензенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мыналар (керегінің астын сызу):
ізденушімен мүдделер қайшылығының болмағанын хабарлаймын және тәуелсіз рецензент ретінде өз қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстануға міндеттенемін;
мүдделер қақтығысының болғанын хабарлаймын, себебі (керегін белгілеу):
□ ізденушінің мүшесімін (қатысушысымын), әрекеттегі құрылтайшысымын;
□ ізденушінің басқару органының мүшесімін, жетекшісімін;
□ ізденушіден соңғы жыл ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы алдым немесе
тікелей қаржылық қолдау алдым (егер болса, онда қандай қызметтер көрсеткенін
көрсету)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________;
□ жетекші орындаушылармен, соның ішінде зерттеу жетекшісімен жақын туыстық
байланыстарым бар (егер болса, онда жетекші орындаушының, соның ішінде ізденуші
жетекшісінің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсету):
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
______________________________________________________________;
□ мүдделердің алдыңғы тармақтарда көрсетілмеген әлеуетті қақтығыстары бар (егер
болса, онда қайсысы екенін көрсету керек):
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және осы
хабарламаны толтыру кезінде ақпараттың дәйектілігіне жауап беремін.
20___жылы "____"________________ Қолы _____________
Бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есеп
№ | Шығыстар бабының атауы | Смета бойынша жоспарланған сома | Нақты жұмсалған сома | Үнем | Растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
... | ||||||
... | ||||||
Жиынтығы | Барлығы | Барлығы | Барлығы |
Растайтын құжаттар бойынша қосымша:
1) … 2) … 3) …
Ұсынылған мәліметтер мен қоса берілген құжаттардың дәйектілігін және толықтығын
растаймыз.
Грант алушының лауазымды адамы
_____________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жетекші орындаушылар
_____________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бухгалтер-экономист
______________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)