Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 57-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13098 болып тіркелген);
2) "Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1261 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 373/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21379 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 7 тамыздағы № 464/НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 57-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын сүйемелдеуді "цифрлық үкімет" операторы жүзеге асырады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін генерациялауды, таратуды, қалыптастыруды немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе аппараттық-бағдарламалық кешен;
2) аралық сертификат – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің негізгі немесе өзге де аралық сертификатын пайдалана отырып қол қойылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің басқа сертификаттарын беруге (қол қоюға) арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаты;
3) Rivest, Shamir және Adleman криптографиялық алгоритмі (бұдан әрі – RSA) – үлкен бүтін сандарды факторлау есебінің есептеу күрделілігіне негізделген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті бар криптографиялық алгоритм;
4) куәландырушы орталық (бұдан әрі – КО) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының анықтығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растайтын заңды тұлға;
5) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СБҮТ) – трансшекаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыратын цифрлық жүйе;
6) негізгі сертификат – "Субъект" және "Шығарушы" жолдары бірдей болатын әрі сертификаттау тізбегінің сенімді бастауы болып табылатын, өзіне өзі қол қойылған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаты;
7) X.509 стандарты – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерін тарату рәсімдерін және деректер пішіндерін айқындайтын стандарт;
8) шетелдік куәландырушы орталық (бұдан әрі – шетелдік КО) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының дұрыстығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растайтын заңды тұлға;
9) шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – шет мемлекеттің СБҮТ) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты электрондық құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркелген уақыт сәтінде автоматтандырылған режимде тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын цифрлық жүйе;
10) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
11) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты – куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған цифрлық жазба, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қызмет етеді.
2-тарау. Куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібі
3. ЭЦҚ ашық кілтінің және КО немесе шетелдік КО берген сертификаттың тиесілілігі мен жарамдылығын тексеру мақсатында КО мен шетелдік КО мынадай:
1) КО мен шетелдік КО сертификаттарының X.509 3-нұсқа стандартына сәйкес келу;
2) КО мен шетелдік КО-ның нормативтік-техникалық құжаттарында бекітілген Интернеттегі тіркелген мекенжай бойынша тәулік бойы қолжетімділік режимімен, қолданылу мерзімі кемінде 24 (жиырма төрт) сағат болатын және тәулігіне кемінде бір рет шығарылатын кері қайтарылған сертификаттар тізімінің қолжетімді болуы;
3) КО-ның Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1073-2007 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар" немесе ҚР СТ 1073-2025 "Ақпараттық қауіпсіздікке және өмірлік цикл процестеріне қойылатын талаптар" (бұдан әрі – сәйкестік сертификаты) ұлттық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты бар АКҚҚ-ны пайдалану;
4) КО мен шетелдік КО-ның Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық алгоритмдерді пайдалану;
5) шетелдік КО-ның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылуы және жұмыс істеуі;
6) мемлекеттік шетелдік КО-ларды қоспағанда, шетелдік КО-ның тіркелген мемлекетінің аумағында кемінде 2 (екі) жыл бойы үздіксіз қызметті жүзеге асыруы;
7) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін қорғалған негізгі ақпарат жеткізгіштерінде қалыптастыру талаптарына сәйкес келген кезде ҚР СБҮТ-де тіркеледі.
4. Тіркелу үшін шет мемлекеттің куәландырушы орталығы "цифрлық үкімет" операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КО және шетелдік КО-ны ҚР СБҮТ-де тіркеуге өтініш;
2) құрылтайшысы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған, қазақ және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен бірге үзінді немесе өзге де заңдастырылған құжат;
3) шет мемлекеттің КО түпкі немесе аралық сертификаты;
4) шет мемлекеттің КО регламенті немесе қызмет қағидаларының көшірмесі;
5) шет мемлекет стандарттарының талаптарына сәйкес келетін және осы шет мемлекеттің КО мен оның пайдаланушылары қолданатын АКҚҚ сәйкестік сертификатының көшірмесі.
5. Тіркелу үшін КО "цифрлық үкімет" операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы КО және шетелдік КО-ны ҚР СБҮТ-де тіркеуге өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 324/НҚ "Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38983 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес КО аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) КО-ның негізгі немесе аралық сертификаты;
5) "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін және аса маңызды цифрлық объектілерді киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар өткізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес сынақ нәтижелері бойынша хаттаманың көшірмесі;
6) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын қолдану саясаты;
7) КО-да және оның пайдаланушылары қолданатын, пайдаланатын АКҚҚ-ға сәйкестік сертификатының көшірмесі.
6. ҚР СБҮТ-де КО-ны немесе шет мемлекеттің КО-сын тіркеу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" операторы ұсынылған құжаттардың толықтығын және КО-ның немесе шет мемлекеттің КО-сының осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тексеру нәтижелері бойынша "цифрлық үкімет" операторы ҚР СБҮТ-де КО-ны немесе шет мемлекеттің КО-сын тіркеуді келісу үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
8. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган "цифрлық үкімет" операторының жолданымын келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және ҚР СБҮТ-де КО-ны немесе шет мемлекеттің КО-сын тіркеуді келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның келісімі алынған кезде "цифрлық үкімет" операторы КО-ға немесе шет мемлекеттің КО-сына қол қойылған Тіркеу туралы келісімнің екі данасын жібереді.
10. КО немесе шет мемлекеттің КО-сы Тіркеу туралы келісімнің бір данасына қол қойып, оны "цифрлық үкімет" операторына қайтарады.
11. "Цифрлық үкімет" операторы КО немесе шет мемлекеттің КО-сы қол қойған Тіркеу туралы келісімнің бір данасын алғаннан кейін ҚР СБҮТ-де КО-ны немесе шет мемлекеттің КО-сын тіркеуді жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасының СБҮТ-де КО-ны немесе шет мемлекеттің КО-сын тіркеуден бас тарту үшін негіздер:
1) КО-ның немесе шет мемлекеттің КО-сының осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
3) цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ҚР СБҮТ-де КО-ны немесе шет мемлекеттің КО-сын тіркеуді келісуден бас тартуы.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген негіздер болған кезде "цифрлық үкімет" операторы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тіркеуден бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
14. КО немесе шет мемлекеттің КО-сы өз қызметін тоқтатқан жағдайда, қызметі тоқтатылғанға дейін кемінде 20 (жиырма) жұмыс күн бұрын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР СБҮТ-мен өзара іс-қимылды тоқтату туралы өтінішті "цифрлық үкімет" операторына жібереді.
15. "Цифрлық үкімет" операторы осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде КО-мен немесе шет мемлекеттің КО-сымен өзара іс-қимылды тоқтатуды келісу үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
16. "Цифрлық үкімет" операторы мынадай негіздердің бірі болғанда:
1) күнтізбелік ай ішінде кері қайтарып алынған сертификаттар тізімін жариялаудың 2 (екі) реттен артық кешіктірілуі анықталған кезде;
2) тіркеу туралы келісімнің талаптары орындалмаған кезде КО-мен немесе шет мемлекеттің КО-сымен өзара іс-қимылды тоқтатуға бастамашылық етеді.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер болған кезде "цифрлық үкімет" операторы КО-мен немесе шет мемлекеттің КО-сымен өзара іс-қимылды тоқтатуды келісу үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
18. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 15 немесе 17-тармақтарына сәйкес жолданған жолданымды келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және өзара іс-қимылды тоқтатуды келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
19. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның келісімі алынған кезде "цифрлық үкімет" операторы КО-мен немесе шет мемлекеттің КО-сымен өзара іс-қимылды тоқтатады және КО-ға немесе шет мемлекеттің КО-сына өзара іс-қимылды тоқтату туралы хабарлама жібереді.
20. Шет мемлекеттің СБҮТ-сымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында "цифрлық үкімет" операторы оның мынадай талаптарға сәйкестігін тексереді:
1) шет мемлекеттің СБҮТ-сінің негізгі және (немесе) аралық сертификаты X.509 (3-нұсқа) стандартының талаптарына сәйкес келеді;
2) шет мемлекеттің СБҮТ-нің не шет мемлекеттің СБҮТ-сіне сертификат берген КО-ның кері қайтарып алынған сертификаттар тізімі шет мемлекеттің СБҮТ-сінің нормативтік-техникалық құжаттарында бекітілген Интернеттегі тіркелген мекенжай бойынша қолжетімді болады;
3) шет мемлекеттің СБҮТ-сі шет мемлекеттің стандарттарының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификаты бар АКҚҚ пайдаланады.
21. Шет мемлекеттің СБҮТ-сінің осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін "цифрлық үкімет" операторы Келісім жасасуды келісу туралы цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жолданымды жолдайды.
22. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган "цифрлық үкімет" операторының жолданымы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және Келісім жасасуды келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның келісімі алынған кезде "цифрлық үкімет" операторы шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапымен Келісім жасасады.
24. Шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы өз қызметін тоқтатқан жағдайда, қызметі тоқтатылғанға дейін кемінде 20 (жиырма) жұмыс күн бұрын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР СБҮТ-мен өзара іс-қимылды тоқтату туралы өтінішті "цифрлық үкімет" операторына жібереді.
25. "Цифрлық үкімет" операторы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы өзара іс-қимылды тоқтатуды келісу үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
26. "Цифрлық үкімет" операторы мынадай негіздердің бірі болғанда:
1) Келісім талаптары орындалмаған кезде;
2) шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының қызметі тоқтатылған кезде шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы өзара іс-қимылды тоқтатуға бастамашылық етеді.
27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер болған кезде "цифрлық үкімет" операторы шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылды тоқтатуды келісу үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
28. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 25 немесе 27-тармақтарына сәйкес жолданған жолданымды келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және өзара іс-қимылды тоқтатуды келісу не келісуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
29. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның келісімі алынған кезде "цифрлық үкімет" операторы шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылды тоқтатады және шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапына өзара іс-қимылды тоқтату туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында куәландырушы орталықты және шет мемлекеттің куәландырушы орталығын тіркеуге өтініш
Ұйымның атауы: __________________________________________
Мекенжайы: _____________________________________________
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы жүйесінде (қандай мақсаттар үшін)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________ тіркеуді сұраймын.
(куәландырушы орталықтың атауы)
Ескертпе: Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) анықтығы үшін жауапты болады.
Күні " " 20 жыл.
Басшы _________________ ___________________________________
(қолы) (аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мөр орны
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс‑қимылын тоқтату туралы өтініш
Ұйымның атауы: _________________________________________
Мекенжайы: _____________________________________________
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы жүйесінде тіркелген
куәландырушы орталық/сенім білдірілген үшінші тарап ретінде
_______________________________________________ алып тастауды сұраймын.
(куәландырушы орталықтың/сенім білдірілген үшінші тараптың атауы)
Күні " " 20 жыл.
Басшы ___________________ ___________________________
(қолы) (аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны