"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 297-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 тамызда № 39586 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тізілімінде № 32078 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 78-1-тармақпен толықтырылсын:

      "78-1. Объектілерді терроризмге қарсы қорғауды күшейту мақсатында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ саласының шаруашылық жүргізу субъектілері (объектілердің меншік иелері, иелері, объектілердің басшылары немесе лауазымды тұлғалары) терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының сұрау салуы бойынша өндірістік объектілердің маңынан орналастыру орнын қамтамасыз етеді және терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын орналастыруға тікелей байланысты шығыстарды көтереді. Бұл ретте терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы күштері мен құралдарын теңіз өндірістік объектілерінің маңында мобильді теңіз құралдарында орналастыруға рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 124-1 және 124-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "124-1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын орналастыру орны мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      кемінде 10 қызметкерді орналастыруды қамтамасыз ету;

      тікұшақ алаңының болуы;

      теңіз өндірістік объектілерінен 23 километрден аспайтын қашықтықта орналасуы.

      124-2. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын орналастыруға тікелей байланысты шығыстарға терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын орналастыруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты құжаттамамен расталған шығыстар жатады.

      Мұндай шығыстарды көтеру мен өтеудің тізбесі, көлемі және тәртібі тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады