"Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 тамызда № 39634 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" "Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мынадай қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды:";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қоспағандағы жеке және заңды тұлғалар;";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда цифрлық объект – www.is.ncste.kz цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық объект) арқылы не қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) құжаттар тізбесін ұсынады.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғалғаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш келіп түскен күні негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді, оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге қарауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық объектісі арқылы ұсынған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап қалыптастырады.

      Өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап цифрлық объект арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыға Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында келтірілген себептерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды жолдайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі цифрлық объект операторын және көрсетілетін қызметті берушіні осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 391 бұйрығына
1-қосымша
Философия докторы
(PhD), бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТАСЫ
06 Философия докторыPhD
07 Профиль бойынша докторы




Қайда: 050026, Алматы қаласы,
Бөгенбай батыр көшесі, 221
+ 7 (727) 222-11-02 Ішкі.: 400, 401, 402, 419, 403, 405, 408, 409.

 
Шығыс №, күні


 

Инвентарлық №


 

      Докторанттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) / туған жылы

     


     


     


Жұмыстың мемлекеттік тіркеуі №

Бағдарламасының шифры





Докторант оқыған және диссертация орындалған ұйым туралы мәліметтер

Қаласы

Елі

Телефоны

Электрондық мекен-жайы

 


 

 


 

 


 

 


 

 
Ұйымның қысқаша атауы

Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы

 


 

 


 

Ұйымның толық атауы


 

Ұйымның мекен-жайы


 



Диссертациялық кеңесте қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер


Қаласы

Елі

Телефоны

Электрондық мекенжайы

 


 


 


 


 

 
Ұйымның қысқаша атауы

Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы


 


 

Ұйымның толық атауы


 

Ұйымның мекен-жайы


 

Диссертациялық кеңестің телефоны


 



      Диссертацияның атауы

     


      Реферат

Зерттеу нысаны:
Мақсаты:
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың практикалық құндылығы:

 
Іске асырылуға ұсынылатын өнім




Базалар, дерекқор

Техникалық құжаттама
Әдістемелік құжаттама
Программалық құжаттама
Технология
Әдістер, тәсілдер
Модель

Материялдар
Қосылыстар
Препараттар
Ауыл шаруашылығы. дақылдарының сұрыптары
Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары
Коллекциялар

Карталар
Стандарттар, нормативтер
Техника үлгісі
Автоматтандырылған жүйе
Сериялық өнім
Басқа (көрсетіңіз)

 
Әмбебап ондық классификатор индексі


 

Атауы

Тегі, аты әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Қолы

Мөр орны (болған жағдайда)

Диссертациялық кеңестің төрағасы





Тақырыптық айдарлар коды (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы)

     


Түйінді сөздер

Тіркеу күні

01


02


03


04


05


  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 391 бұйрығына
2-қосымша
Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша

"Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері жоқ.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы

4

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) электрондық нысанда цифрлық объект - www.is.ncste.kz цифрлық жүйесі арқылы (бұдан әрі - цифрлық объект);
2) қағаз нысанда - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

электрондық – 5 (бес) жұмыс күні; қағаз түрінде – 5 (бес) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде

7

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертациялар - мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып, диссертацияны есепке алу картасын беру немесе себептерiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту.

8

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі

9

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Цифрлық объект - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады (құжаттарды цифрлық объектісі арқылы қабылдаған жағдайда құжаттар электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады):
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ұйымның бланкіндегі ілеспе хаты;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертацияның есепке алу картасы;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертация (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелді);
4) қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі диссертациялық жұмыстың аннотациясы;
5) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

11

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілер, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған жағдайда, цифлық объектісі арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратқа цифрлық объект арқылы көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан қол жеткізу режимінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сонымен қатар, "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық бөлімшелерінің байланыс телефондары:
+ 7 (727) 222-11-02 ішкі: 400, 401, 402, 419, 403, 405, 408, 409.

  бұйрығына 3-қосымша
Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Кімге: ____________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Кімнен: _____________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңіне дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беруге келісім беремін.

      Осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында бұл дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімсің тұрақты түрде заңды күші бар.

      Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді дереккөздерде дербес деректердің таратылмағаны туралы хабарлаймын.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық пошта, телефон нөмірі.

      _________ (қолы)

      _________ (күні)

  бұйрығына 4-қосымша
Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Құжаттарды мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тарту

Атауы

Көрсетілетін қызмет алушы

Докторант

Негізгі талаптар тізбесінің 11 - тармағаның талаптары

Бас тарту негіздемесі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады