Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 тамызда № 39635 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 130 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында:

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жобалардың мемлекеттік органдардың немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу немесе реконструкциялау жөніндегі жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38416 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларына сәйкестігі;

      4) жобалардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысымен бекітілген Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджеттік инвестициялар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуді мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (бұдан әрі – № 59 Қағидалар) сәйкес жүзеге асырады.

      9. Мемлекеттік органдар инвестициялық ұсыныстарды және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелерді қалыптастырады және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік жоспарлау цифрлық жүйесінің "Мемлекеттік инвестициялық жобалар" модулі арқылы ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Экономикалық сараптама жүргізу кезінде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдардың инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, мемлекеттік органдардың немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақмерзімді стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген экономика салаларының (аяларының) даму басымдықтары жобаларының мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан, сондай-ақ жобаның осы Қағидаларда айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесінде:

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жергiлiктi атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитi астана бюджетінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiнiң кiрiсiн ескере отырып, бюджет саясаты жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберiнде бекiтуге енгiзiлетiн шектi шектеу болып табылады.

      9. Жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттер есепке алына отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістері негізге алына отырып қалыптастырылады.";

      10-тармақта:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "k - астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:";

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ жедел дамуға арналған ерекше құқықтық мәртебесі бар қалада әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган үшін k = 0,20.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде астананың бюджетін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерін нақтылау кезінде жүргізіледі.".

      3. "Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 116 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды мемлекеттік қазынашылық "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.";

      1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 2-қосымша осы Тізбеге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Мемлекеттік қазынашылықтың
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің "толық бітіріп
берілетін" құрылыс жобалары
бойынша мемлекеттік
міндеттемелердің орындалуын
есепке алу қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.ecc.kz/ru/project/e-minfin интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ЖЕ.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін.


Бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

      Жинау әдісі: электронды түрде.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп

  теңге

ББӘ

Мемлекеттік органның атауы

"Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт бойынша жобаның атауы

Өнім беруші

Шарттың жалпы сомасы

1

2

3

4

5

6































      Кестенің жалғасы

Жиыны, төлемдер графигі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы

Жиыны, мемлекеттік міндеттемелер дің нақты төленген сомасы

Жоспар

Факт

7

8

9

10





















      Атауы______________________Мекенжайы____________________________________

      Телефоны ____________________ Электрондық поштаның мекенжайы______________

      Орындаушы____________________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын адам

      ____________________________________ ______________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Толық бітіріп берілетін"
құрылыс жобалары бойынша
қабылданған мемлекеттік
міндеттемелер туралы жиынтық
есеп" әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға арналған
нысанға қосымша

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 2-ЖЕ, кезеңділігі: тоқсан сайын)

      1. Осы түсіндірме республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есепті жасауына және ұсынуына арналған

      2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.

      3. Есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.

      Бағандарда мыналар көрсетіледі:

      1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;

      4-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт бойынша жобаның атауы көрсетіледі;

      5-бағанда өнім беруші көрсетіледі;

      6-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың жалпы сомасы көрсетіледі;

      7-бағанда төлемдер графигі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

      8-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;

      9-бағанда жоспар көрсетіледі;

      10-бағанда факт көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады