"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 тамызда № 39643 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген.";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сертификаттау талаптары әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайын және құқықтық қабілеттілігін көрсетеді.

      Азаматтық ӘК пайдаланушысы коммерциялық әуе тасымалдауларын немесе авиациялық жұмыстарды сертификаттау талаптарына сәйкестендірілгеннен кейін жүзеге асырады.

      Азаматтық ӘК пайдаланушысы оның атынан жұмыс істейтін үшінші тараптарға саясаттар мен рәсімдерді әзірлейді.

      3. Азаматтық ӘК пайдаланушы мынадай минимальды шарттарға жауап беруі тиіс:

      1) негізгі қызмет орны – Қазақстан Республикасы;

      2) табыс алмастан 3 (үш) ай ішінде мәлімделген қызметін бастау үшін жеткілікті қаржылық ресурстардың болуы және оған қолжетімділік.

      4. Орындалатын ұшу көлемі мен күрделілігіне байланысты азаматтық ӘК пайдаланушысы Заңның 59-бабының 2-тармағына сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу және қолдауды қамтамасыз етеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуға, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      2) азаматтық ӘК пайдаланушының сертификаты (бұдан әрі – ПС) – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау қағидаларына және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

      3) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік (бұдан әрі - АЖК) – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;

      4) ӘК пайдаланушы мемлекетi - пайдаланушының негiзгi қызмет орны немесе егер пайдаланушының мұндай қызмет орны болмаса, пайдаланушының тұрақты тұрғылықты жерi бар мемлекет;

      5) ӘК тіркелген мемлекеті - ӘК тізіліміне енгізілген мемлекет;

      6) жалға алу - жалдау деп шарттық мәміле түсініледі, оның негізінде тиісті түрде сертификатталған авиатасымалдаушы, иелену құқығын берусіз ӘК толық коммерциялық бақылауды алады;

      7) жалға алушы – ӘК жалға берілген тарапты білдіреді;

      8) жалға беруші – ӘК жалға алынған тарапты білдіреді;

      9) қозғалтқыш - әуе винтін (егер қолданылса) қоспағанда, жұмыс істеуі және бақылауы үшін қажетті компоненттер мен жабдықтарды қамтитын ӘК қозғалысқа келтіру мақсатында пайдаланылатын немесе пайдалануға арналған құрылғы;

      10) модификация - ӘК, қозғалтқыштың немесе әуе винтінің үлгілік конструкциясын өзгерту;

      11) нөмірлі құжаттама - ұшуға ӘК мемлекеттік тіркеуді және оның жарамдылығын ресімдеуге, жасаушы зауытта белгілі бір нөмірмен тіркелген ӘК осы данасы үшін ғана жарамды ӘК жұмыс атқарымын және техникалық жай-күйін есепке алуға арналған құжаттама;

      12) азаматтық ӘК пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – азаматтық ӘК пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      13) пайдалану ерекшеліктері – ПС/АЖК байланысты шартты және шектеулер, рұқсаттар және ұшу жүргізу нұсқаулығында айтылған шарттарға тәуелді;

      ПС/АЖК байланысты пайдалану ерекшеліктері пайдаланушының ұшуды орындауға арналған рұқсатының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады;

      14) техникалық қызмет көрсету – әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің немесе тиісті құрамдастарының ұшу жарамдылығын қолдау үшін қажетті әуе кемесінде, қашықтан пилот басқаратын пункте, қозғалтқышта, әуе винтінде немесе оның құрамдасында бақылау қалпына келтіру жұмыстарын, тексерулерді, алмастыруларды қоса алғанда, жеке де, үйлесімде де орындалатын ақауларды жою жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;

      15) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы - осы пайдаланушының ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы әрі қанағаттандырылған түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушының рәсімдері сипаттауларын қамтитын құжат;

      16) ұшу жарамдылығын қолдау – әуе кемесінің, қашықтан пилот басқаратын пунктің, қозғалтқыштың, әуе винтінің немесе оның құрамдасының қолданыстағы ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін және оларды пайдалану мерзімі ішінде қауіпсіз пайдалану үшін қажетті жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін шаралар кешені;

      17) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - пайдаланушы персоналдың өз функцияларын орындау кезінде қолдануына арналған қағидаларды, нұсқауларды және ұсынымдарды қамтитын құжат;

      18) экипажсыз ӘК жалдау – жалға алу шарты, оның негізінде ӘК жалға алушы ПС/АЖК сәйкес пайдаланылады;

      19) экипажы бар ӘК жалдау – экипажы бар ӘК жалдау, оның негізінде, егер пайдаланушы - жалға алушымен жалға алу шартында өзгеше айтылмаса, жалға берушінің ПС/АЖК сәйкес пайдаланылады.";

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) медициналық қамтамасыз ету;";

      18-1-тармақ алып тасталсын;

      19, 20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қызметкерлерінің штат саны 50 адамнан аспайтын пайдаланушылар үшін уәкілетті ұйымның келісімі бойынша бір адамға тағайындалған басшының (адамның) екіден аспайтын лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.

      20. Қызметкерлер саны 50 адамнан аспайтын пайдаланушылар үшін жауапты басшыға бір тағайындалған басшының лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.

      21. Пайдаланушының штат саны 20 қызметкерден асатын болса, бір адамға басқа пайдаланушыда тағайындалған басшылар лауазымдарын атқаруға рұқсат етілмейді.

      22. Коммерциялық әуе тасымалдауларын және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы уәкілетті ұйымда:

      1) Сертификаттық талаптарға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құрылымға сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауын;

      2) Сертификаттық талаптарға 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген құрылымға сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауын;

      3) Сертификаттық талаптарға 5-қосымшада келтірілген үлгі мазмұнына сәйкес кабиналық экипажды басқару нұсқауын (қолданылатын болса);

      4) коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушыларға немесе ең жоғары сертификатталған ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз жетпіс бес килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын пайдаланушыларға арналған ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқауды;

      5) авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын;

      6) коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушыларға немесе ең жоғары сертификатталған ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз жетпіс бес килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын пайдаланушыларға арналған сапа жөніндегі нұсқауды;

      7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 15852 болып тіркелген) сәйкес әзірленген (MEL) ӘК жабдықтың минималды тізбесін;

      8) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11573 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидалары) сәйкес әзірленген ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.";

      25-тармақ алып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық кызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына сәйкес уәкілетті ұйым беретін, қолданыстағы сертификаты немесе авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша шетелдік ұйымның сертификатын тану туралы шешімі бар авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өз ұйымының және (немесе) басқа ұйыммен шарт бойынша авиациялық техникаға қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларының талаптарына сәйкес азаматтық ӘК мен оның құрамдастарының ұшуға жарамдылығын қолдауды қамтамасыз етеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіби даярлығының үлгілік бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) сәйкес ӘК ұшуға жарамдылығын қамтамасыз етуге тартылған барлық персоналдың оларға жүктелген тапсырмалар мен міндеттерге сәйкес оқудан өтуін қамтамасыз етеді.";

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Пайдаланушы ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасын бекітуді, сондай-ақ оған уәкілетті ұйымның немесе тіркеу мемлекетінің уәкілетті органының кез келген кейінгі өзгерістерін қамтамасыз етеді. Бекіту жөніндегі өкілеттіктерді беру ИКАО Конвенциясының 83bis бабына сәйкес тіркелген мемлекет пен пайдаланушы мемлекет арасында жасалған келісім шеңберінде ресімделеді.

      39. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісім бойынша ӘК пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйыммен коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.";

      40, 41, 42, 43, 44, 45 және 46-тармақтар алып тасталсын:

      48, 49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Пайдаланушы авиациялық оқиғалар туралы міндетті және ерікті хабарлау жүйелері шеңберінде уәкілетті ұйымға және ұшақтың, қозғалтқыштың және әуе винтінің және/немесе модификацияның үлгілік конструкциясына жауапты ұйымға ұшу жарамдылығын қолдауға теріс әсер ететін істен шығу, ақаулықтар, жарамсыздықтар және басқа да сәйкессіздіктер туралы ақпарат береді. Ақпарат дереу, бірақ пайдаланушы осындай ақпаратты алған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

      49. Пайдаланушы ұшу жарамдылығы бойынша директиваларды алу, бағалау, есепке алу және орындауды жоспарлау жүйесін енгізеді. Ұшуға жарамдылықтың кез келген қолданылатын директивасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ұшуға жарамдылық нормалары) сәйкес ұшуға жарамдылығы бойынша осындай директивада белгіленген мерзімде және талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

      50. Модификациялау мен жөндеуді орындау Ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Пайдаланушы тиісті деректер мен құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      51-тармақ алып тасталсын;

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы мыналардың болуын қамтамасыз етеді:

      1) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрлерін орындауға арналған және жабдықталған ӘК;

      2) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға жіберілген персонал;

      3) авиациялық жұмыстардың мәлімделген түрін орындауға арналған сертификаттық техникалық құралдар.

      ӘК авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану сипаттамаларына енгізу азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте өтініш беруші (пайдаланушы) туралы осы әуе кемесінің пайдаланушысы ретіндегі мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 58-1, 58-2 және 58-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "58-1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының талаптарын сақтау мақсатында әуе кемелерін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, қабылдайды және іске асырады.

      58-2. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапасын бақылау жөніндегі ішкі іс-шаралар пайдаланушылар тарапынан жылына кемінде үш рет, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның және (немесе) ұйым басшылығының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      Пайдаланушы аудиттердің өткізілу мерзімділігін айқындайды, олардың нәтижелерін (жоспарлар, актілер, анықтамалар, есептер) ресімдейді және ішкі тексерулердің нәтижелері туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды хабардар етеді.

      58-3. Пайдаланушы әуе кемесі экипажын төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жөніндегі жадынамалармен (нұсқаулықтармен) қамтамасыз етеді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Пайдаланушылар Заңның 13-бабының 44) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасында көзделген авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      1 және 1-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 1-2-қосымшамен толықтырылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 216 бұйрығына
1-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
1-қосымша

Пайдаланушылардың ұшуын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың құрылымы (пайдаланушының сертификаты үшін)

      1. Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы пайдалану жөніндегі ұшу нұсқаулығын "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірлейді.

      2. Пайдаланушы:

      1) пайдалану жөніндегі ұшу нұсқаулығын өзекті жай-күйде ұстауды;

      2) эксплуатациялық персоналдың барлығына өз міндеттеріне қатысты бөлімдерге қолжетімділікті;

      3) уәкілетті ұйымда ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа барлық өзгерістер мен толықтыруларды бекітуді;

      4) персоналды олардың міндеттеріне қатысты өзгерістер туралы хабардар етуді;

      5) әрбір экипаж мүшесіне оның міндеттеріне қатысты ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінің көшірмелерін беруді қамтамасыз етеді;

      6) авиация персоналы авиация персоналының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты техникалық құжаттама және басқа да құжаттар жазылған тілді түсіне алуын қамтамасыз етеді. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың мазмұны қолдануға ыңғайлы және адам факторының қағидаттарын ескеретін нысанда ұсынылуға тиіс.

      3. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың құрылымы:

      А бөлігі. Жалпы ережелер/негіздер

      В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану жөніндегі ақпарат;

      С бөлігі. Маршруттық және әуеайлақтық нұсқаулықтар мен ақпарат;

      Д бөлігі. Дайындық.

А бөлігі. Жалпы ережелер/негіздер

      Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әкімшілендіру және бақылау

      Ұйымдастыру және міндеттер

      Жедел басқару және бақылау

      Басқару (менеджмент) жүйесі

      Экипаж құрамы (жасақтау)

      Біліктілік талаптары

      Экипаж денсаулығын қорғау (профилактика)

      Экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты қағидалары

      Пайдалану рәсімдері

      Жерүсті қызмет көрсету нұсқаулықтары

      Ұшуды орындау рәсімдері

      Шектеулі көріну жағдайындағы ұшулар (LVO). LVO-мен байланысты пайдалану рәсімдерінің сипаттамасы

      Қосалқы әуеайлаққа кету уақыты ұлғайтылған ұшуларды жүргізу

      Ең аз жарамды жабдықтар тізбесі және конфигурациядан ауытқу тізімі (MEL/CDL)

      Коммерциялық емес ұшуларды жүргізу

      Оттегіге қойылатын талаптар

      EFB қолдануға байланысты рәсімдер

      Қауіпті жүктер мен қару-жарақ

      Авиациялық қауіпсіздік

      Оқиғалар мен инциденттер туралы хабарлау, тіркеу және өңдеу, сондай-ақ дауыстық борттық жазба (CVR) деректерін пайдалану тәртібі

      Ұшу ережелері

      Лизинг және код-шеринг

      Пайдаланушылардың ӘК перрондық тексеру

B бөлігі. Әуе кемесін пайдалану жөніндегі ақпарат

      Жалпы ақпарат және өлшем бірліктері

      Шектеулер

      Стандартты (штаттық) рәсімдер

      Штаттан тыс және авариялық рәсімдер

      Ұшу-техникалық сипаттамалар

      Ұшуды жоспарлау

      Масса және орталықтандыру

      ӘК жүктеу

      Конфигурациядан ауытқу тізбесі

      Ең аз жабдықтар тізбесі

      Құтқару және авариялық жабдық, оның ішінде оттегі

      Авариялық-құтқару рәсімдері

      ӘК жүйелері

      C бөлігі. Маршруттық және әуеайлақтық нұсқаулықтар мен ақпарат

      Маршрут, ұшу аймақтары, сондай-ақ әуеайлақтар мен ұшу орындары бойынша нұсқаулықтар мен ақпарат

Д бөлігі. Дайындық

      Қолданылу саласын сипаттау: ұшуды дайындау және/немесе орындауға байланысты міндеттерге тағайындалған авиациялық персоналға арналған оқу бағдарламалары мен тексеру бағдарламалары

      Оқыту және тексеру бағдарламалары

      Рәсімдер

      Сақталуға жататын құжаттаманы және оны сақтау мерзімдерін сипаттау

  бұйрығына 2-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
1-1-қосымша

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Ұшу қызметінің басшысы болып мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) ұшу экипажының қолданыстағы (немесе бұрынғы) лицензиясы және пайдаланушы сертификатына сәйкес орындалатын ұшу түріне сәйкес келетін тиісті біліктілік белгілерінің болуы. Егер тағайындалған тұлғаның лицензиясы мен біліктілік белгілері жарамсыз болса, орынбасарда қолданыстағы ұшу экипажының лицензиясы және пайдаланылатын түрлер бойынша тиісті біліктілік белгілерінің болуы;

      2) авиация саласындағы техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі бар;

      3) командалық және ұшу лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар;

      4) пайдаланушы куәлігіне сәйкес ұшуды пайдалану саласындағы білімі бар.

      2. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция басшысы болып мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) авиация саласындағы техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімі бар;

      2) азаматтық авиация саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар;

      3) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарын және ұшу қауіпсіздігін басқару бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұшу қауіпсіздігін зерттеуді жүргізудің негізгі әдістерін және авиациядағы адам факторларын қоса алғанда, кәсіби қызмет саласындағы кәсіби дайындық бойынша арнайы курстарды өту;

      5) пайдаланушы сертификатына сәйкес ұшу қауіпсіздігі саласындағы білімі бар.

      3. Ұшуға жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі басшысы болып мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) авиация саласындағы техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімі бар;

      2) ұшуға жарамдылықты қолдау немесе әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласындағы В1 немесе В2 санатындағы сертификаттаушы персонал ретінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 2 (екі) жылы ұшуға жарамдылықты қолдау немесе әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі бар;

      3) кәсіптік қызмет бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарынан өту;

      4) пайдаланушы сертификатына сәйкес ұшуға жарамдылығын қолдау саласындағы білімі бар.

      4. Сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) болып мынадай ең төмен біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) жоғары немесе кәсіптік білімі бар;

      2) азаматтық авиация саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар;

      3) авиациядағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар;

      4) кәсiптiк қызмет саласында кәсiптiк даярлау жөнiндегi арнайы курстарды аяқтау;

      5) пайдаланушы сертификатына сәйкес сапаны бақылау саласында білімі бар.

  бұйрығына 3-қосымша
  Азаматтық әуе кемелерін
  пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
1-2-қосымша

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары (авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушылар үшін)

      1. Ұшу қызметінің басшысы болып мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) қызмет бағыты бойынша авиациялық оқу орталығында кәсіптік даярлығы бар;

      2) әуе кемесі командирінің кемінде 3 жыл, оның ішінде ұшу нұсқаушысының кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар.

      2. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция басшысы болып мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) қызмет бағыты бойынша авиациялық оқу орталығында техникалық және кәсіптік білімнің немесе кәсіптік даярлығы бар;

      2) азаматтық авиация саласында авиация персоналы лауазымдарында кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар;

      3) кәсіптік қызмет бағыты бойынша кәсіптік даярлық бойынша арнайы курстардан өту.

      3. Ұшуға жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі басшысы болып мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) авиация саласындағы техникалық және кәсіптік немесе авиация саласындағы жоғарғы білімі бар;

      2) ұшуға жарамдылықты қолдау немесе әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласындағы В1 немесе В2 санатындағы сертификаттаушы персонал ретінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 2 (екі) жылы ұшуға жарамдылықты қолдау немесе әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі бар;

      3) кәсіптік қызмет бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарынан өту.

      4. Сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) болып мынадай ең төмен біліктілік талаптарына сай келетін адам тағайындалады:

      1) жоғары немесе кәсіптік білімі бар;

      2) азаматтық авиация саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар;

      3) авиациядағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар;

      4) кәсiптiк қызмет саласында кәсiптiк даярлау жөнiндегi арнайы курстарды аяқтау.

  бұйрығына 4-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
3-қосымша

Пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығының құрылымы (пайдаланушы сертификаты үшін)

      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Титул парағы

      2) Мазмұны

      3) Қолданыстағы парақтардың тізбесі

      4) Ревизиялар мәртебесі

      5) Тарату парағы

      6) Анықтамалар және қолданылатын қысқартулар

      1-бөлім. Жалпы ережелер:

      1.1) Саясат, қауіпсіздік мақсаттары және бірінші басшы қол қойған ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;

      1.2) Лауазымы тұлғалардың бағыныштылығы иерархиясы көрсетілген ұйымдық құрылымы;

      1.3) Жұмыс (кеңсе) үй-жайлардың жалпы сипаттамасы;

      1.4) Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша қызмет саласы;

      1.5) Жауапты басшының, ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты жауапты персоналдың аты-жөні мен қызметі көрсетілген басқарушы персонал, сонымен қатар техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал бойынша мәліметтер;

      1.6) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның алдын ала бекітуін талап етпейтін өзгерістер көлемін айқындайтын және мұндай өзгерістердің қалай басқарылатынын және хабарланатынын сипаттайтын рәсім;

      1.7) Нұсқаулыққа өзгерістер енгізу рәсімі.

      2-бөлім. Ұшу жарамдылығын қолдау бойынша рәсімдер:

      2.1. Техникалық бортжурналды пайдалану және жабдықтың минималды тізімін (MEL) қолдану;

      2.2. ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасын әзірлеу, өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және бекіту;

      2.3. Ұшу жарамдылығын қолдау бойынша есептік деректер – жауапкершілік, сақтау және қол жеткізу;

      2.4. Ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды орындау және бақылау;

      2.5. Техникалық қызмет көрсету бағдарламсын(ларының) тиімділігін талдау,

      2.6. Қосымша модификациялар мен тексерулерді орындау саласындағы рәсім;

      2.7. Модификациялар және жөндеулер;

      2.8. Анықталған ақаулықтар мен кемшіліктер туралы жеткізу;

      2.9. Технологиялық қамтамасыз ету бойынша қызмет;

      2.10. Сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы;

      2.11. Ұшуға дайындық;

      2.12. ӘК салмағын өлшеу;

      2.13. Бақылау мақсатындағы ұшулар.

      3-бөлім. Сапа жүйесі және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі:

      3.1. Ұшу қауіпсіздігінің қауіптілігін анықтау және тәуекелдерді басқару негіздері;

      3.2. Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ішкі есептілік және тергеу;

      3.3. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарды жоспарлау;

      3.4. Ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштерінің мониторингі;

      3.5. Өзгерістерді басқару;

      3.6. Ұшу қауіпсіздігі бойынша дайындық және ілгерілету;

      3.7. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жедел іс-қимылдар және пайдаланушының авариялық ден қою жоспарымен (АДЖ) үйлестіру;

      3.8. Сапа жүйесі:

      3.8.1. Аудит жоспары және аудит рәсімдері;

      3.8.2. Ұшуға жарамдылығын қолдау жөніндегі қызмет түрлерінің мониторингі;

      3.8.3. Техникалық қызмет көрсетуді бекітілген техникалық қызмет көрсету ұйымдары жүзеге асыратынын растайтын бақылау;

      3.8.4. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін бақылау;

      3.8.5. Техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;

      3.8.6. Сапа жүйесі шеңберінде аудит жүргізетін персонал;

      3.9. Персоналдың құзыреттілігін бақылау;

      3.10. Сапа жүйесінде және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінде деректерді есепке алу;

      3.11. Авиациялық оқиғалар туралы есеп беру.

      4-бөлім. Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету:

      4.1. Техникалық қызмет көрсетуге мердігерді таңдау рәсімдері;

      4.2. ӘК аудиті.

      5-бөлім. Қосымшалар:

      5.1. Техникалық бортжурнал нысанын қоса алғанда, құжаттардың үлгілері;

      5.2. Қосалқы мердігерлерлік ұйымдардың тізбесі;

      5.3. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі келісімшарттық ұйымдардың тізбесі және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған шарттар тізбесі;

      5.4. Қосалқы мердігерлік жұмыстарға арналған шарттардың көшірмелері;

      5.5. ӘК бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының тізбесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады