ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 14.09.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару, сондай-ақ "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын жүргізу және түгендеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару, сондай-ақ "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын жүргізу және түгендеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару, сондай-ақ "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын жүргізу және түгендеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару, сондай-ақ "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын жүргізу және түгендеу қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-32) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару, сондай-ақ "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын жүргізу және түгендеу тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сай мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай республикалық электрондық база – жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаж адамдардың есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
2) көрсетілетін қызметті алушы – Заңның 69-бабының талаптарына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға өтініш берген Қазақстан Республикасының азаматы, қандас;
3) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп үнемі бірге тұратын жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы немесе қамқоршылығындағы) танылады.
Жұбайының (зайыбының) көрсетілетін қызметті алушының бірге тұратын ата-аналары, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балалардың отбасылары өзара келісу бойынша ғана көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп танылуы мүмкін;
4) көрсетілетін қызметті беруші – ұлттық даму институты мәртебесіне ие, Заң талаптарына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюды жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі;
5) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
6) цифрлық объект "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы (бұдан әрі – Цифрлық объект) – Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
7) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
2-тарау. Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды есепке қою тәртібі
4. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою Цифрлық объекті арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
5. Тұрғынжайға мұқтаждарды Цифрлық объектіде есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы Көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында авторландырылады және өзінің өтінім берілетін жеке кабинетін ашады.
6. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы кезінде соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеу талап етіледі. Көрсетілген талап кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
7. Заңның 69-бабына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, мынадай талаптарға жауап беретін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, қандастар Цифрлық объекті арқылы есепке алынады:
1) бірыңғай республикалық электрондық базаға және Цифрлық объектіге тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болмаса;
2) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылса.
8. Тұрғынжайға мұқтаждарды Цифрлық объекті арқылы есепке қою кезінде соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде және Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайдың немесе жалғыз тұрғынжайда елу немесе елуден астам пайыз үлестің болмауы туралы талаптар көрсетілетін Қызметті алушының отбасы мүшелеріне де қолданылады.
9. Тұрғынжайға мұқтаждарды Цифрлық объекті арқылы есепке қою кезінде көрсетілетін қызметтерді алушы Заңның 74-бабының 2 және 3-тармақтарында айқындалған адамдарға тиесілігін көрсетеді.
10. Заңның 74-бабының 2 және 3-тармақтарында айқындалған адамдарға тиесілігі туралы мәліметтер болмаған жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы қажетті түзетулер енгізу үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
11. Заңның 74-бабының 2 және 3-тармақтарында айқындалған адамдарға тиесілігінің болмауы Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қоюдан бас тартуға негіз болып табылмайды.
12. Тұрғынжайға мұқтаж жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою Заңның 71-бабының 3-тармағының негізінде жүзеге асырылады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы және отбасының кәмелетке толған мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) Цифрлық объект арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өтінішті Көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді.
Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Өтінішті қабылдайды және қарайды, көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыға және отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін және көрсетілетін Қызметті алушының Заңның 74-бабының 2 және 3-тармақтарында айқындалған тұлғаларға тиесілігінің сәйкестігін тексереді.
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың өтініштері өтінішті берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілген қызметті беруші Өтінішке қоса берілген ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де жоқтығын, сондай-ақ заңды өкілінің мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін тексереді.
Ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған жағдайда Өтініш үш (3) жұмыс күн ішінде қаралады.
Көрсетілген қызметті беруші өтінішке қоса берілген ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де жоқтығын, сондай-ақ заңды өкілінің мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға және оның отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексеруді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді.
14. "Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген.
15. Көрсетілетін қызметті алушыны есепке қоюдан келесі жағдайларда бас тартылады:
1) олар бірыңғай республикалық электрондық базада тұрса;
2) Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу және елуден астам пайыз үлесі болған немесе бар болса;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
4) ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер болған;
5) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген;
6) олардың Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, олардың немесе олардың отбасы мүшелерінің меншігіне тұрғынжай сатып алған немесе сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.
Көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелерінде соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде және Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайда елу немесе елуден астам пайыз үлесі болған жағдайда Цифрлық объектіде тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қоюдан бас тартылады.
16. Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды және олардың отбасы мүшелерін Цифрлық объектіге тұрған тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға жол берілмейді.
17. Көрсетілетін қызметті алушыны Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тартуды жібере отырып, көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды және өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Көрсетілетін қызметті алушыға Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде және ұялы байланыс операторымен берілген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, оның абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама түрінде жіберіледі.
3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алу
18. Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар түгендеу жүргізу барысында осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген негіздер анықталған жағдайда тұрғынжайға мұқтаждардың есебінен шығарылуы тиіс.
Есептен шығару туралы хабарлама осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген есептен шығару негіздері көрсетіле отырып, шешім қабылданғаннан кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жазбаша түрде жолданады.
19. Тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару:
1) Заңның 69-бабына сəйкес тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер болмаған;
2) басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кеткен;
3) мемлекеттік мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы еңбек қатынастарын тоқтатқан;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған;
5) тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер ретінде анық емес деректерді қамтитын құжаттар жəне (немесе) мəліметтер ұсынуға;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;
7) соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сəйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған;
8) соттың заңды күшіне енген шешімімен хабарсыз кетті деп танылған;
9) қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларының ережелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелеріне қолданылады.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда:
1) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кәмелетке толғанынан кейін;
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін немесе баладан мүгедектік алынған (белгіленбеген) не ол қайтыс болған жағдайда;
3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
4) толық емес отбасылар балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар) балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылуға жатпайды.
21. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және оның отбасы мүшелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алған кезде Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды Цифрлық объектіде тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарады.
22. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және отбасы мүшелері Қызмет берушіге Цифрлық объект арқылы жүгіну жолымен өзіне және (немесе) отбасы мүшелеріне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару туралы өтініш бере алады.
Тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылғаннан кейін "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға қайта өтініш берген кезде тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған бұрынғы күн сақталмайды.
4-тарау. "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын жүргізу және түгендеу тәртібі
23. Бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың тізімдерін түгендеу ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жаңартылған тізімдерін жариялай отырып, тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
24. Қазақстан Республикасының азаматы, қандас тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда Заңның 69-бабына сәйкес егер бұл орайда отбасының онымен бiрге есепке тұрған мүшелерiн тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшiн негiздер жойылмаса, олардың кезегi сақталады.
25. Қазақстан Республикасының азаматы, қандастар тұрғынжайға мұқтаждар есебiне ол үшiн негiздер болмаса да қойылып, тәртiп бұзушылық байқалған, бiрақ кейiннен мұндай негiздер пайда болған (отбасы мүшелерi санының көбеюi, отбасының жиынтық табысының кемуi және сол сияқтылар) жағдайларда ол негiздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегi соған сәйкес ауыстырылады.
26. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Көрсетілетін қызметті берушіге цифрлық жүйелер арқылы жүгіну жолымен Цифрлық объектіде отбасы мүшелерін отбасы құрамына қосу туралы растайтын құжаттарды қоса тіркеп, өтініш бере алады.
5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
27. Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" заңына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы алуға болады.
28. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік-процестік кодексіне сәйкес оған сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға өтініш
Осы арқылы мен,
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Сізден мені тұрғынжайға мұқтаж ретінде "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы"
электрондық базасына есепке қоюыңызды сұраймын.
Осы арқылы мен,
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
заңды өкіл бола отырып, сондай-ақ __________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) әрекетке қабілетсіз/кәмелетке толмаған
тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі) атынан және мүддесі үшін әрекет ете отырып,
Сізден _____________________________________________________
(әрекетке қабілетсіз/кәмелетке толмаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) тұрғынжайға мұқтаж ретінде "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюыңызды сұраймын.
Менде және отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасында тұрғынжайдың бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге және мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71 және 78-баптарының талаптарына сәйкес "Отбасы банк" АҚ интернет-ресурсында деректерді жариялауға келісемін. Мемлекеттік дерекқорларда растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, Заңның 74-бабының 2 және 3-тармақтарында айқындалған тұлғаларға тиесілілігі жоқ тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюмен келісемін.
Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою". |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті ұлттық даму институты мәртебесіне ие, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | цифрлық объект "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы (бұдан әрі – Цифрлық объект) www.otbasybank.kz. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - 1 (бір) жұмыс күні; |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - электрондық (толығымен цифрландырылған); |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiспен сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде: Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару туралы өтініш
Осы арқылы мен,
_________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса),
____________________________жеке сәйкестендіру нөмірі) мені
Бірыңғай республикалық электрондық базадан/"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығаруды сұраймын.
Осы арқылы мен,
_________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса),
____________________________жеке сәйкестендіру нөмірі)
Отбасы мүшесі
__________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса),
____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі) Бірыңғай республикалық электрондық базадан/"Тұрғын үймен қамтамасыз ету
орталығы" электрондық базасынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығаруды сұраймын.
Осы арқылы, мен
____________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ____________________________ жеке
сәйкестендіру нөмірі) __________________________________ (әрекетке қабілетсіз/кәмелетке толмаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) заңды өкілі бола отырып, сонымен қатар оның атынан және мүддесінде әрекет ете отырып,
Сізден _______________(әрекетке қабілетсіз/кәмелетке толмаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығаруды сұраймын.
Келесі есепке алу параметрлерінің жойылатыны туралы хабарланды және онымен келісемін:
Күні:
Уақыты:
Өңір (елді мекен):
Санат:
Себебі:
__________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге және мәліметтерді пайдалануға келісемін.
