БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20185 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-40) тармақшаларына сәйкес әзірленген және магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушы облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) шеңберінде айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру олар арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі мемлекеттік цифрлық жүйе;
3) жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін темір жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де темір жол көлік құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам;
4) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация ұстаушысына облигацияның номиналды құнын қоспағанда, облигация орналастыру салдарынан Эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайыздық мөлшері.
5) купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – борыштық міндеттемелер бойынша сыйақы ретінде эмитент төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын тасымалдаушыны мемлекеттік қолдау нысаны (бұдан әрі – субсидиялау);
6) купондық сыйақының субсидияланатын ставкасы бар облигациялар –эмитент шығарған және купондық сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген облигациялар;
7) магистральдық теміржол желісі – өзара қосылған магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті, халықаралық және республикаішілік темір жол қатынастарын қамтамасыз ететін өзге де объектілер жүйесі;
8) облигация ұстаушы – облигациялар бойынша құқықтарды иеленетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есепке алу жүйесінде тіркелген жеке және (немесе) заңды тұлға;
9) облигациялар шығарылымының проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатуға болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сыйақы ставкасын төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және ықтимал ұстаушының облигацияны сатып алу туралы шешіміне әсер етуі мүмкін ақпаратты қамтитын құжат;
10) тасымалдаушы – жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға;
11) уәкілетті орган – темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) шарт – уәкілетті орган мен тасымалдаушы арасындағы магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Шарт Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 157 бұйрығына сәйкес бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20187 болып тіркелген) Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты негізінде жасалады. Бұл ретте уәкілетті орган шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін республикалық бюджеттің субсидиялауға арналған шығыстарын жыл сайын жоспарлауды қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші жүйе, онда Мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде айқындалатын базалық талаптарға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының сәйкестігі соңғы форматты-логикалық бақылау арқылы айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік цифрлық жүйе.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі | Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қаржы Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі