"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39756 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:

      2-тармақта:

      16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) объект – персоналдың ұйымдасқан жиынтығы бар ұйым (мекеме) және (немесе) ғимарат, құрылыс, ғимараттар мен құрылыстар кешені не олардың бөліктері;";

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) электрондық өткізу – иесінің жеке басын растауға және қорғалатын аумаққа өту құқығын беруге арналған электрондық карта не электрондық кілт түрінде орындалған қол жеткізуді сәйкестендіру мен бақылаудың дербестендірілген құралы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Министрліктің террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету қолжетімділігі шектеулі күзетілетін аймақтарды, бақыланатын аймақтарды белгілеу және қорғау, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету, министрлік объектілерінің бақыланатын аймағында орналасқан өрт, авариялық-құтқару техникаларын, қару – жарақтарды (объектіге бекітіліп берілген жағдайда), жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күзету, сондай-ақ Министрлік объектілерінің бақыланатын аймақтарына өтетін қызметкерлер мен келушілерді, өзге де ұйымдардың қызметкерлерін, қол жүгін бақылау және тексеру жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тексеруді қамтиды.";

      20-1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) келушілерді бүкіл кезең ішінде әскери бөлім аумағы бойынша алып жүру;";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Профилактикалық іс-шараларды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың терроризмге қарсы комиссиясының (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) үйлестіруі кезінде уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аумақтық органдары, сондай-ақ Министрліктің террористік тұрғыдан осал нысандарының қызметкерлері тұрақты негізде ұйымдастырады.";

      35-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес кадр саясаты, жоспарлау және жедел басқару және (немесе) азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің лауазымды адамдары жылына кемінде бір рет өткізетін Министрлік объектілері қызметкерлеріне жоспарлы терроризмге қарсы нұсқама;";

      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Министрлік объектілерінің қызметкерлерімен практикалық және теориялық сабақтар тиісті бөлімшенің басшысы бекіткен өткізу кестесіне сәйкес жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.

      Сабақтар қызметкерлерде терроризм актілерінің салдарларының алдын алу және азайту, терроризмге қарсы қорғаныстың инженерлік-техникалық құралдарын қолдану, үй-жайлар мен аумақтарды қарап-тексеру, жарылғыш құрылғыларды төсеудің ықтимал орындарын анықтау, сондай-ақ адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару және эвакуациялау бойынша білімді, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.";

      43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органдарды хабардар етуді дереу жеке өзі немесе кезекші бөлім бөлімшелері арқылы әрекет етеді, олар өз кезегінде өздерінің иелігіндегі байланыс құралдары арқылы ақпаратты аумақтық ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарына, сондай-ақ жоғары тұрған басшылыққа жедел жеткізеді (қайталайды);";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Өзіне сеніп тапсырылған объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы хабарлама алғаннан кейін Министрлік объектісінің басшысы паспортты әзірлеуді, ол болмаған жағдайда, паспортты өзектендіруді ұйымдастырады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына сараланған талаптарды белгілеу мақсатында Министрлік объектілерін мынадай топтарға бөлу жүргізіледі:

      1) бірінші топтағы объектілер – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі, Министрліктің жедел-кезекші қызметінің объектісі;

      2) екінші топтағы объектілер – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының аппараттары, сондай-ақ құрамында Жоспарлау және жедел басқару орталықтары орналасқан олардың бөлімшелері, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы", азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері;

      70-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, объект персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын автоматты режимде (аудиожазбаны қосу) сол сияқты микрофонды пайдалана отырып, қауіптің сипаты туралы дауыстық хабарландыруды трансляциялауды қамтамасыз етуі тиіс.";

      71-тармақтың екінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қалаларда – кемінде 24 сағат;

      2) кенттерде және ауылдарда - кемінде 48 сағат;";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 28 тамыздағы
№ 331 Бұйрығына 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің қарамағындағы
террористік тұрғыдан осал
объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Сабақ тақырыптарының нұсқалары

      1. ТЖМ объектілері мен бөлімшелерінің терроризмге қарсы қорғалуының жалпы талаптары.

      2. Террористік қатерлер туындаған кездегі жеке құрамның іс-әрекеттері.

      3. Өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

      4. Адамдарды, заттарды, көлік құралдарын тексеру тәртібі және ықтимал террористтің белгілерін анықтау.

      5. Күдікті заттар мен ықтимал жарылғыш құрылғылар анықталған кездегі әрекеттер.

      6. Террористік акт, жарылыс, өртеу немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер қатері төнген кездегі іс-әрекеттер.

      7. Қарулы шабуыл және кепілге алу кезіндегі іс-әрекеттер.

      8. Террористік қатер кезінде эвакуацияны ұйымдастыру және жүргізу.

      9. Қатерлер туындаған кезде құқық қорғау және арнаулы қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.

      10. Техникалық қауіпсіздік құралдары мен инженерлік-техникалық жүйелерді пайдалану тәртібі.

      11. Қызметкерлер мен халықты құлақтандыруды және хабар беруді ұйымдастыру.

      12. Террористік оқиғалардан зардап шеккендерге психологиялық дайындық және алғашқы көмек.

      13. Террористік актілердің негізгі түрлері, олардың мақсаттары және ықтимал салдары.

      14. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық негіздер.

      15. Террористік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері мен туындауы кезіндегі іс-әрекеттер бойынша сабақтардың өзге де тақырыптары.

  Қазақстан Республикасының
  Төтенше жағдайлар
  министрінің міндетін атқарушы
  2026 жылғы 28 тамыздағы
  № 331 Бұйрыққа
  2 қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Төтенше жағдайлар министрлігінің
  қарамағындағы террористік
  тұрғыдан осал объектілердің
  терроризмге қарсы қорғалуын
  ұйымдастыру жөніндегі
  нұсқаулыққа 6-қосымша
  Нысан
  Төтенше жағдайлар
департаментінің бастығы
___________________________
(астананың, облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың)
____________________________
(атағы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы,
күні)

Сабақ және жаттығу өткізу туралы есеп

      Сабақтың тақырыбы:

      _________________________________________________________

      Өткізу күні: _____________________________________________________

      Өткізу орны: ____________________________________________________

      Қатысушылар құрамы:____________________________________________

      Өткізу барысы туралы мәліметтер:__________________________________

      ________________________________________________________________

      Қорытындылар:

      ____________________________________________________________

      Терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз етуге жауапты

      _________________________ ______________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады