ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аукциондық сауда-саттықтың тиісті түрін өткізудің болжамды күнінен кемінде 1 (бір) ай бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аукциондық сауда-сатықты өткізу графиктерін (хабарландыруды) әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды (бұдан әрі – График). Графикте көрсетілген ақпарат түзетілуге тиіс.
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі алты ай ішінде 1 (бір) реттен артық жарияланбайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аукциондық сауда-саттық Графикте көрсетілген жоспарланып отырған құрылыс объектілері үшін электр желілерінің нүктелеріне қосылу мүмкіндігі және резервке қойылған жер учаскелері туралы ақпаратқа сәйкес өткізіледі.
Бұл ретте, белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейін және 499 МВт-тан жоғары күн сәулесінің энергиясын және жел энергиясын пайдаланатын объектілерді салу жобалары бойынша жеке жер учаскесін және электр желісіне қосылуға берілген техникалық шарттарға сәйкес электр желісіне қосылу нүктесін пайдалануға жол беріледі.";
11-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
27. Сауда жүйесінің деректер базасына тіркелу үшін өтінім беруші Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына мынадай:
осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес қоса алғанда, белгіленген қуатының көлемі 499 МВт-қа дейін болатын ЖЭК пайдалану объектілерін салу жобалары бойынша;
осы Қағидалардың 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес белгіленген қуатының көлемі 499 МВт-тан асатын ЖЭК пайдалану объектілерін салу жобалары бойынша құжаттарды электрондық форматта ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Орнатылған қуаты 499 МВт-қа дейінгі және 499 МВт-тан асатын күн сәулесінің энергиясын және жел энергиясын пайдаланатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобалары бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісімен бір мезгілде электр энергиясын сақтау жүйесін салуды және пайдалануға беруді қамтамасыз етеді:
жел электр станциялары үшін – объектінің орнатылған қуатынан кемінде 30 % қуатпен және кемінде екі сағат бойы қуат беруді қамтамасыз ететін сыйымдылықпен;
күн электр станциялары үшін – объектінің орнатылған қуатынан кемінде 30 % қуатпен және кемінде төрт сағат бойы қуат беруді қамтамасыз ететін сыйымдылықпен.
Электр энергиясын сақтау жүйесінің пайдалану оның тозуы салдарынан электр энергиясын сақтау жүйесінің техникалық сипаттамаларының төмендеуін өтеу жөніндегі іс-шараларды ескеріле отырып, сатып алу шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте 499 МВт-тан жоғары жобалар сатып алу шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді басқаларға берусіз іске асырылады.";
4-параграф алып тасталсын;
29-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Графикке сәйкес жер учаскесін көрсетуге не Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін ұсыну арқылы расталады.
Бұл ретте осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін күн сәулесінің энергиясын, жел энергиясын, судың гидродинамикалық энергиясын, тұтыну қалдықтарын, биомассаны, биогазды және электр энергиясын өндіруге арналған тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отынды пайдаланатын объектілерді салу жобалары бойынша объектіні салу жоспарланған тиісті нысаналы мақсаты бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
Жер учаскесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ауыстырылуға жатпайды.";
30-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері не Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету."
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін күн сәулесінің энергиясын, жел энергиясын, судың гидродинамикалық энергиясын, тұтыну қалдықтарын, биомассаны, биогазды және электр энергиясын өндіру үшін тұтыну қалдықтарынан өзге де отынды пайдаланатын объектілер құрылысының жобалары бойынша объектінің құрылысы жоспарланатын тиісті нысаналы мақсаты бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері ұсынылады.";
42, 43, 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Қатысушылар осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мыналардан аспайтын көлемдерді көрсете отырып, өтінім береді:
1) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттыққа шығарған белгіленген қуат көлемі;
2) электр желілеріне қосу нүктелері бойынша ең жоғары рұқсат етілетін қуат көлемі;
3) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шамасы.
Құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық өткізу кезінде қатысушыдан аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде аукциондық сауда-саттыққа қойылған жобаның белгіленген қуатының толық көлеміне тең өтінім беріледі.
43. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттыққа өтінімдер берген кезде қатысушылар әрбір қосылу нүктесіне және жер учаскесіне қатысты аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде жеке-жеке өтінім береді.
44. Қатысушылар бір мезгілде ЖЭК пайдалану объектілерін салу жоспарланып отырған бірнеше жер учаскелеріне және аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген әрбір өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде электр желісіне қосудың бірнеше нүктелеріне осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер бере алады.";
58-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Сауда сессиясы барысында осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:
1) уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;
2) қатысушының барлық параметрлері бар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі (бағасы, өтінім беру уақыты);
3) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген ең төмен баға (көлемін көрсетпестен).";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттықта жеңімпаздардың алдын ала тізімін анықтау сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, сұраныс толық қанағаттандырылғанға дейін мәлімделген бағалардың өсу тәртібімен оларды сараланған тізімнен дәйекті іріктеу жолымен жүзеге асырылады.";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттықтың алдын ала жасалған жеңімпаздар тізімінде техникалық талаптары орындалмайтын, яғни көрсетілген қосылу нүктесі бойынша жалпы өтінімдердің көлемі рұқсат етілген ең жоғары қуат көлемінен және/немесе қосылуға болатын мүмкін қосылымдар санынан асып кеткен бірнеше алдын ала қанағаттандырылған өтінімдер болған жағдайда, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдер алдын ала жасалған жеңімпаздар тізімінен бағаның кему тәртібімен алынып тасталады – бұл қосылу нүктесі бойынша белгіленген ең жоғары қуат көлемі мен қосылу мүмкіндіктері санына сәйкестікке қол жеткізілгенге дейін жүзеге асырылады.";
73-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Егер осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінім жеңімпаздардың алдын ала тізімінен қолда бар сұраныс кезінде толық қанағаттандырылуы мүмкін болмаса, онда сауда-саттық өткізу кезінде мынадай шарттар қолданылады:";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Осы Қағидалардың 71, 72 және 73-тармақтарында көрсетілген шарттарды тексергеннен кейін Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген аукциондық сауда-саттық жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтайды және оларды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізеді. Бұл ретте аукциондық бағалар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша айқындалады.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Судың гидродинамикалық энергиясын, биомассаны, биогазды және электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды пайдаланатын жобаларды іріктеу бойынша құжаттамасыз аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары осы Қағидалардың 29-тармағының 7) және 8) тармақшаларына, 30-тармағының 9) және 10) тармақшаларына сәйкес құжаттарды қайта жүктей отырып, аукциондық сауда-саттық өткізу графигінде көзделген кейінгі аукциондық сауда-саттыққа жіберілмейді.";
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 5, 11, 28, 29, 30, 42, 43, 44, 58, 65, 69, 71, 73, 74-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
