"Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39768 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 08.09.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларында:

      8-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы;";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде мүдделі жұртшылықтың қатысуы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.";

      14-тармағының 6) тармақшасының алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеудің негізгі әдістерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарын;";

      16-тармағының 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарламаны дайындауды және мүдделі жергілікті атқарушы органдарға, орталық мемлекеттік органдарға немесе олардың аумақтық бөлімшелеріне жіберуді;

      2) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуді;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 176 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесі

      1. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесіне міндетті түрде:

      1) атмосфералық ауаның сапасы;

      2) жерүсті және жерасты суларының сапасы;

      3) жердің және топырақтың сапасы;

      4) әрбір жеке өңірдің климаты мен топырақ жағдайлары ескеріле отырып, ормандардың және жасыл екпелердің жиынтық алаңдары;

      5) жердің тозуын және шөлейттенуін қысқарту;

      6) ластағыш заттардың түрлері бойынша шығарындылардың жиынтық көлемі;

      7) ластағыш заттардың түрлері бойынша және әрбір жеке су объектісі мен бассейні бойынша төгінділердің жиынтық көлемі;

      8) коммуналдық қалдықтардың түрлері бойынша – оларды бөлек жинаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, қайта өңдеудің, кәдеге жаратудың, оның ішінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың, және жоюдың (құртудың және (немесе) көмудің), сондай-ақ қалдықтарды басқару кезінде қосалқы операциялар жүргізілгеннен кейін қайталама ресурстар мәртебесіне ауыстырылған қалдықтардың үлесі;

      9) парниктік газдардың шығарылуын қысқартудың жиынтық көлемі енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады