БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларында:
8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыру;".
2. "Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті басшы – құқық қорғау органының облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;";
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Құрылтайдың депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ІІО кадр қызметі кандидатқа "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 6 және 10-баптарында белгіленген ІІО-ға қызметке қабылданатын адамдарға қойылатын талаптарды жеткізеді.".
"15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бойынша ауыстыруға ұсыну осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде жасалады және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдарға жолданады және ІІМ аппаратының мүдделі қызметтерінің, ІІО бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының басшыларымен келісуге тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі | Е. Саденов |