БҰЙЫРАМЫН:
1."Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24214 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар "Қазақстан Республикасының Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлык жүйесіндегі есептілік нысанын толтыру және осы нысанға тиісті оператор өзінің атынан көрсетілген тіркелімге ақпарат беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы береді.";
20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сұрау салу бойынша тиісті сұрау салуды алғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде кешіктірмей ұсыну;".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі