"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парактарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 421 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 141 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 2 қыркүйекте № 39808 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парактарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12793 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе хабарлау тәртібі бойынша талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер (объектілер) өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.";

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      17. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) хабарлау тәртібі бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің (объектілерінің) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
__________С. Жумангарин__________Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады